Астанада ерекше қажеттіліктері бар адамдардың шынайы оқиғаларына негізделген көрме өтеді

Блог - asaubota: Астанада ерекше қажеттіліктері бар адамдардың шынайы оқиғаларына негізделген көрме өтеді

Болгарлық авторлар Надежда Георгиева (NAD) және Яна Бурер Таваниердің «МЕН ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙМЫН = МЕН ӨМІР СҮРЕМІН» көрмесі Сорос-Қазақстан Қорының қолдауымен Болгарияның Коммерциялық емес Құқық Орталығының (BCNL) «Келесі қадам» бағдарламасы аясында өтеді.

Астана қаласының «Bolognese» (Абай даңғылы 27) мейрамханасында 2016 жылғы 9 — 27 желтоқсан аралығында өтетін «Мен шешім қабылдаймын = Мен өмір сүремін» көрмесінің атауы Декарттың атақты «Cogito ergo sum», яғни «Мен ойлаймын, нәтижесінде, өмір сүремін» өрнегіне сайып келеді. Қоғамның дамуы мен жаңа гуманистік идеялар адамдар қарым-қатынасына өзіндік өзгертулер енгізді. Көрменің мақсатын түсіну үшін өмірлік оқиғалары арқау болған көрме кейіпкерлерінің сөзіне жүгінейік:
«Қамқоршылықтың ескі жүйесі мүмкіндігі шектеулі немесе психикалық проблемалары бар адамдардың өміріне билікті өзгелердің қолына беріп қояды. Қамқоршы адамның өмірін, оның көңіл-күйі мен бостандығын, сондай-ақ мүлкі мен қаражатын бақылауда ұстайды.
Қамқоршылық — құқықтан айырумен тең.
Құқықтан айыру — әлеуметтік өліммен тең.
Қамқоршылыққа алынған адамдар өз өміріне билік жүргізе алмайды. Олардың дауыстары, тілектері мен ойлары заң алдында құнсыз. Көбісін жабық мекемелерде ұстайды. Ол жерден шығу үшін заң аясында өз бетімен күресу мүмкін емес.
Әдетте, қамқоршыны табу жеңіл, алайда оның қамқорлығынан шығу мүмкін емес. Бұл — мәңгілікке.
БҰҰ мүгедектердің құқықтары туралы Конвенциясында қарастырылған балама ретінде «шешім қабылдауда қолдау» болып табылады.
Бұл көрме өзгерістер уақыты келгенін баяндайды».

«МЕН ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙМЫН = МЕН ӨМІР СҮРЕМІН» көрмесі көптеген елдерде көрсетілді, бірақ, әр қоғамның идеяны қабылдау дайындығына және экспозициялық кеңістіктің мүмкіндіктеріне байланысты әр түрлі қырынан танылды. Мәселен, Алматы қаласында мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіріп-шығуына қолайлы мұражайлар мен көрме залдары жоқ болып шықты.
Болгарияда тұрып, әрі жұмыс істейтін суретші Надежда Георгиева мен журналист Яна Бурер Таваниердің туындысы болып табылатын Art Lane-дегі көрме, вербалды және визуалды бейнелердің теңесуі қағидасында ұсынылған. Картиналарға қосарланған мәтіндер Н.Георгиеваның бейнелеуіндегі туындыларды тереңдетеді және ауқымын кеңейтеді. Романтикалық және ашық көк түсті фонда, ала жейдедегі қаһарманның, мағына беру үшін байланған қолдары астында жазылған мәтіндік сипаттама, қарапайым адамның өзіндік ерекшелігін көрсетіп, суретке прозалық нәр беріп тұрғандай: «Иванға жеңіл үлпек крем мен теңіз ұнайды». Авторлардың баяндаулары жекеден көпшілікке жол тартады – 16 визуалды-мәтіндік туындыларда, бақытты жаңаша сипаттайтын, әлеуметтік өлімді жеңу туралы ой көрсетілген.
Бейнелер мен мәтіндердің үйлесімі, проблеманы терең түсінуде қосымша реңк береді. Сол «Бақытты жаңаша сипаттауда», Надежда қаһарманын жабылған шыны ішінде, «балалық» стилдегі манерада бейнелейді. Онық бостандығы, тек өзге каһарман шыныны балғамен ұрғанда ғана жүзеге асады. Бұл бейнеде суретші масштабын ұлғайтып көрсеткен маңызды фрагмент – бұл құрылысқа арналған балға емес, бұл соттың балғасы. Сондықтан да сипаттау мәтінде бюрократиялық тіл қолданылған: «Қолдау көрсету ұйымның көмегімен Митько кіммен және қайда өмір сүретінін шешті, еңбек шарты мен тұрғын үйді жалға алу келісім-шартына қол қойды, сонымен ол бақыттың жаңаша сипатын тапқандай».

Осылайша, контрастар мен үйлесім стильдерін, қиялдың ұшқырлығы мен көркем тәсілдерді біріктіру арқылы авторлар көрермендердің назарын қазіргі қоғамда қажетті гуманизм идеясына, әлеуметтік жауапкершілік және төзімділікке бағыттауға тырысты.

Қараша айында аталмыш көрме Алматы қаласында өтіп, қалың көпшіліктің қызығушылығына бөленді.

www.facebook.com/events/1834714046750105/
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше