Қазақстан футбол федерациясында жаңа тағайындаулар

Блог - asaubota: Қазақстан футбол федерациясында жаңа тағайындаулар
Қазақстан футбол Федерациясының кезектен тыс өткен сайлау Конференциясында қатысушылар Сейілда Байшақовты ҚФФ президенті ретінде сайлап алғаннан кейін жаңа тағайындауларды іске асырды.
Іс-шараға Қазақстанның барлық аймағынан келген 43 қатысушы мен УЕФА өкілі Жак Бондаллаз қатысты.

«Жаңа президент – Қазақстан футболының жарық жұлдызы. Ол Кеңес Одағы құрамасында және Кеңес одағының ең мықты лигасында 7 жыл қатарынан өнер көрсеткен болатын. Кезінде «Қайраттың» менеджері және ҚФФ вице-президенті болды. Ол өте сыйлы маман. Қазақстан футбол федерациясына құрама және клубтың деңгейлерінде де футзалда жеткен сәтті нәтжелерді тілеймін»-, деді Жак Бондаллаз.
Жаңа сайланған президент Сейілда Байшақов конференцияға қатысушыларға алғысын білдірді.
«Маған көрсеткен ыстық лебіз бен жоғары бағаларыңызға рақмет. Өз тарапымнан еліміздегі футболды дамытуға барлық күш-жігерімнді саламын. Биік шыңдармен мен қойған жоғары мақсаттарға жету үшін алға қойған барлық мақсаттарды лайықты орындаймыз деп сенемін», — деді С.Байшақов.
Атап кетсек, кезектен тыс XIV сайлау Конференция ашық өтті. Өңірлерден келген делегаттар өз пікірлерін және ұсыныстарын айтты. Сонымен қоса, қатысушылар ҚФФ жарғысының барлық тарауларын талқыға салды.
Конференцияда Атқарушы комитеттің жаңа құрамы бекітілді. Оған Николай Мещеряков, Сейілда Байшақов, Қаныш Әубәкіров, Олжас Абраев, Азамат Айтқожин, Рафаэль Гарибян, Әміржан Түсіпбеков, Дархан Кәлетаев, Елсияр Қанағатов, Бауыржан Әбдубайытов, Қайрат Оразбеков, Бақберген Әміреқұлов және Игорь Утробин кірді.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше