Параскаведекатриафобия және трискаидекафобия

Блог - ErnarSeytahmet: Параскаведекатриафобия және трискаидекафобия

— Осы аптаның 13-і жұмаға келеді, қорқасын ба?
— Ой, фигня же, а пятница қасиетті күн

Білгендердің айтуынша, АҚШ-тың кинотеатрларында «13» нөмірлі орындық жоқ, 13-қабаты жоқ қонақ үйлер мен ірі сауда орталықтарын да кезіктіруге болады. Бұл — трискаидекафобия, бізше айтқанда — 13 санынан қорқу. Ал осы жылдың қарашасының 13-жұлдызы жұмаға келеді. Хакерлердің ірі шабуыл жасау күні деп есептелінетін осы күннен қорқатын адамдар көп. Біздің елде емес, европалық, батыстық қыз-жігіттерде таралған дүние. Бұны ғылыми тілде параскаведекатриафобия деп атайда. Тіліңді сындыратын бұл күннен қорқу себебін іздейтін болсақ, сонау тамплиерлер заманына өту керек. Тамплиерлер — 12 ғасырда қазіргі Израиль аумағында өмір сүрген кішкентай әскери топ, кейін рыцарьлардың рухани ордені.
Тарихқа сүйенсек тамплиерлер өте бай болған екен, крест жорықтарының арқасында, әрине. Алайда байлығы түбіне жетті — француз королі IV Филип трамблиерлерді түгелдей түрмеге қамады, өмірінен де айырды талайын. Ол күн жұма болатын, 13-і, әрине.
Сол уақыттан таралған аңыздың дамуына американдық кинорежиссерлер мен хакерлер үлкен үлесін қосты. 10 экранизациядан «Жұма, он үші» деп аталған сериал хоккей маскасын киген маньяк жайлы оқиғаны елге таратты. Әрине, ойдан шығарылған, әсіре сілтеген фильм еді. Ал 1988 жылы «Израели вирусы» батыс компьютерлеріне алғаш салынған болатын.
Әлемдегі ең айтулы "қаралы" күндерге қарайтын болсақ нақты заңдылықты, һәм реттілікті байқамайтын боламыз. 2977 адамды өмірден әкеткен ең ірі террорлық әрекет 11 қыркүйекте жасалған болатын, ал «аэрофобтардың» айтуынша 13-не келген жұмада ешбір әуе апаты орын алмаған екен. Ондай қауіптен АЛЛА сақтасын.
Әлемнің батыс бөлігінде трискаидекафобия кең етек алса, шығыс бөлігінде тетрафобия дамыған. Жапон, Қытай, Корей елдерінде халық 4 санына үлкен сенімсіздікпен қарайды. Байқамаған боларсыздар, алайда кезінде әркімнің қолынан табылған «Нокиа» ұялы телефондарының модельдік қатарларынан «4» саны қосылған түрі жоқ. Оның себебі, қытайдың «сы», яғни «4» санын білдіретін иероглифі "өлім" иероглифы секілді оқылады. Батыстағыдай айдың төртінші күні болған оқиғалар қарапайым сәтсіздіктер ғана.
Осы фобиялардың жақсылығы да жоқ емес: мысалға француздар 13 адам боп жиналса, 14-адамға орын алып қояды екен. Ал гематрияда (жасырын мағынаны анықтау әдісі) 13 саны «ахава», яғни «махаббат» деген мағынаны береді, сол себепті де Мадонна үшін бұл сан ерекше қымбат. Португал мен испандық теңізшілер жұма он үшіне келсе Колумб бабаларына еліктеп теңізге шығады екен.
Көріп тұрғанымыздай, аптаның жұмасы өзге күндерден ерекше болмайды. Тек, жұма болғанымен ғана ерекше.
Бөлісу:

6 пікір

asaubota
жақында өртеніп кеткен Румыниядағы түнгі клубта солардың бір танымал рок тобы "Өлетін күніміз" атты әнді айтып тұрған кезде пиро жарылып өрт болып, талай адам өлді…
ErnarSeytahmet
оның қай топ екенін білмедім, Перьмде бір жылы түнгі клубта 160-қа жуық адам өмірден өткен. Бірақ, ол күні 13-і емес тұған.
DinaAbdigalieva
Кешегі күндеріңіз қалай өтті? (Жұма, он үші:J) Бәсе, неге бүкілі 13 деп жүр десем, себебі осы екен ғой. Рақмет, біліп жүретін болдым!
ErnarSeytahmet
жақсы өтті дей алмаймын. Әсіресе, француздар үшін
DinaAbdigalieva
Ернар аға, ойымыз бір жерден шықты. Келісем! Бұл сәйкестік пе? әлде…
ErnarSeytahmet
адамдар арнайы осы күнге жасауы мүмкін, алайда, табиғаттың күштеріне, не болмаса жұлдыздар мен күндізбенің "қасиеттеріне" еш қатысы жоқ.