Инновациялық әліпби, немесе НАТР-батырлар мен жанашыр жаңашылдар хит-парады

"Қандай да бір нәрсенің мүмкін емес екенін бәрі біледі. Содан кейін оны да білмейтін бір дымбілмес келеді де, жаңалық ашады" © Альберт Эйнштейн
Инновация дегеннің не нәрсе екенін, оны неге қосып жейтінін көзі қарақты, құлағы түрік ағайынның бәрі білсе керек. Қазір тіпті еңбектеген балаға дейін оны біліп қана қоймай, арагідік өздері де жаңалықпен таңғалдырып жүрген заман.
Жалпы, инновация жасаймын деушілерге мемлекеттен қолдау көп қазір. Ел Президентінің «100 нақты қадамының» 64-іншісі – өндіріске инновациялар енгізу жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру тетіктері бар «Ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Заң жобасы. Осы күзде ұсынылатын заң жобасының шеңберінде новатор-ғалымдарға түрлі бағыттағы қолдау көрсетілгелі жатқаны да рас.
Оған, бір жағынан, EXPO-2017 көрмесі де сеп болып отыр. «Online EXPO-2017» байқауына энергетика және ауыл шаруашылығына қатысты 5 номинация бойынша 450-ден астам өтініш берілді. Соның бірнешеуі осы әліпбиге еніп отыр.
Әлқисса, новаторлардың тек кейбірімен ғана тілдесуге мүмкіндік туды. Бұған новаторларлың 87 пайызы, ғм-ғм, Алматы қаласында шоғырлануы да әсер еткен шығар.
Есесіне, Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік өзге де бірқатар ұйымдар секілді жаңашылдармен жұмыс жасайтыны белгілі. Бірақ менің хит-парадымда осы агенттіктің деректер базасында жоқ новаторлар да бар секілді. Сондай азаматтарды көбірек табуға тырыстым. Яғни, НАТР-батырлар мен олардан тыс жанашыр жаңашылдардың ортақ тұрағы. Әлбетте, қажеттілік туса, аз-мұз байланыс ақпарымен бөлісуге әзірмін.
Сіз Қазақстанда өнертапқыштар көп емес деп ойлап келдіңіз бе? Ендеше, кеттік!
Блог - Medium: Инновациялық әліпби, немесе НАТР-батырлар мен жанашыр жаңашылдар хит-парады
Автономды тоңазытқыштың әліпбиімізді бастауы – а әріпті антивирус жайлы өткен жазбамызда айтып қойғанымыздан деп біліңіз. Блог - Medium: Инновациялық әліпби, немесе НАТР-батырлар мен жанашыр жаңашылдар хит-парады2013 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы «Вибромаш УК» ЖШС-нің басшысы Анатолий Ковшик бас болып жасап шығарылған. Автономдылығы мынада – тоңазытқыш қыс бойы арнайы жинақтау орнына суық жинап алады да, қалған мезгілдерде соны пайдаланады. Ол үшін жылу құбыры қолданылады. Уақыт келгенде тоңазытқыш автоматты түрде қосылып, өзі қор жинай бастайды. Қолданылу аясы – қойма дүкен, шаруа қожалықтары, балық, ет өндіру мекемелері. Сондықтан, қызығушылық бар. Күрделі тұсы – баламалы тоңазытқыштарды пайдалана салу оңай.

Блог - Medium: Инновациялық әліпби, немесе НАТР-батырлар мен жанашыр жаңашылдар хит-парадыӘмбебап винтті сорғы (насос), немесе ӘБӘС – Әбілхас Бисембаевтың әмбебап сорғысы. Маңғыстаулық ақсақал өз туындысын 25 жыл бойына өңдеп, жақсартып, ақыры 9 патент иегері болып отыр. Бұрғылау маманы, зейнеттегі новатор бұл істі енді 2 бірдей зауыт қолға алғалы жатқанын айтты. Артықшылығы – пайдалы әсер коэфиценті – 95 %-дай, электр энергиясы көп кетпейді. Америкалық не швейцариялық нұсқалардан 10 еседей аз кетеді дейді. Яғни жел генераторы немесе күн батареясының қуатымен жасатуға болады деген сөз. Мұнай азайып, мұнай өндіру процесін арзандату қажеттілігі кезінде рентабельді боп көрініп тұр.

Блог - Medium: Инновациялық әліпби, немесе НАТР-батырлар мен жанашыр жаңашылдар хит-парадыБесіктер. Ақылды бесікті Алтайдың ар жағынан келген жігіт Серікбол Шәймерден ойлап тапты. Бесік 12-вольтты батарейкалармен жұмыс істейді. Трансформер құрыллғының үстіне кәдімгі бесік орнатылады. Бесік 5 түрлі режимде тербетіле алады, уақыт ұзақтығы 1,5 сағатқа дейін барады. Әрине, бесік жырын қосып қоюға болады. Құрылғының керемет функциялары да бар. Баланың дене температурасы мен жаялық ылғалдылығын да көрсетіп тұрады. Тіпті «балаңыз тоңып қалды» деген секілді ескертулер де айтылады.
Жиналмалы бесік түрін дәл осы жылы қызылордалық оқушылар ұсынды. Мұсабек пен Исабек Аққасыновтар «EXPO LAND 2014» сайысында ұсынды. Ыңғайлы. Қазақтар арасында сұраныс өсіп келеді.

Блог - Medium: Инновациялық әліпби, немесе НАТР-батырлар мен жанашыр жаңашылдар хит-парадыВелосипед ойлап тауып керек емес дейсіздер әдетте. Бұл қағида қызылжарлық қария Валентин Бондаревке өтпейді. Т.ғ.к. Бондарев соңғы 17 жыл бойы осы бағытта еңбектеніп жүр. Ол 2011 жылы «В3-Бондарев» атты велосипед жасап шықты. Яғни, атауына қарасақ, 3 рет патент алды деген сөз. Велосипед конструкциясы әдеттегіден қарапайымдатылған, сондықтан ұсақ жөндеу жұмыстары қажетсіз. Қос рама, жетілдірілген отырғыш, бірқатар түйіндері бар. 3 жыл ішінде бір рет те бұзылмаған. 100 келілік адам отырса да, кәдімгі велосипедтен 28 есе артық зілді көтеруге қауқарлы. Ақсақал бірінші отандық велосипедтің негізі осы үлгі болғанын қалайды. Автордың мүгедектерге, саяжайшыларға арнаған эскиздері де бар. Негізі, жоба өз рақаты үшін жасалған. Дегенмен, жаппай өндіріс турасында айтқанмен, кәсіпкерлер әлі қолдай қойған жоқ.
Осы жерде тағы бір шебер Сайын Сазанбаевтың қолмен ұстамай жүргізетін велосипед ұсынғанын айтып кетейін.

Блог - Medium: Инновациялық әліпби, немесе НАТР-батырлар мен жанашыр жаңашылдар хит-парадыГрануладағы мал азығы. Қой өсіру институты қой-ешкі көбейту биотехнологиясы зертханасының меңгерушісі Сатыбалды Әуезбаев (қазір қалжың болды деп ойлап қалмаңыз) бастаған ұжым гранулалы биоқоспа ойлап тапты. Өнім қазақтың биязы жүнді қойы, меринос қой, голланд текселі сияқты еті мен жүні көп мал баласына жақсы жағады. Биоқоспа жыл бойына өсуді қамтамасыз ете алады. Олар көк шөптен концентраттар мен минералды қоспаларды қосу арқылы жасалады. Қазір бірқатар қожалықтар пайдалануда.
Жалғыз тұрасын, атап өтейін: дәл осы мақсаттағы «Өс» деген азық қоспасын Айдар Мадияров көпжылдық шөптердің негізіндегі полисахарид пен ақуыз ұнды пайдалану арқылы жасап шығарды. «Өс» KazINNO-ның сайысында марапатталған. Нарыққа таралып үлгерген жоқ.

Блог - Medium: Инновациялық әліпби, немесе НАТР-батырлар мен жанашыр жаңашылдар хит-парадыҒажап-білезіктер. Оның бірін былтыр ақтөбелік Асқар Қадіров ойлап тапты. Ғажаптығы – «Нұр-браслет» деп аталатындығында емес, әрине. Бұйым таққан кісі суға кетіп бара жатса, батырмаға басу керек. Пластмасса корпусындағы нығыздалған ауасы бар баллон шар секілді үрленіп, адамды су бетіне шығарады. Ыңғайлы, күн түскенге дейін сағат таққан секілді ойламай жүре беруге болады. Таралу мүмкіндігі – жоғары, себебі өзіндік құны төмен. Бағасы шамамен 1000 теңгенің айналасы. Инвесторлар қажет.Блог - Medium: Инновациялық әліпби, немесе НАТР-батырлар мен жанашыр жаңашылдар хит-парады
Тағы бір білезік түрін «Company ASD» компаниясы жасап шығарды. Onetrak — денсаулық сақтауға, оны бақылауда ұстауға арналған ақылды білезік. Ресейліктермен серіктесе шығарады, яки, әркім — өз нарығы үшін. Білезік, тетіктері Қытайда, басты чипі, бағдарламасы – Қазақстанда шығады.
Құралды пайдалану үшін өз гаджет-смартфоныңызға жүктеп алып, профильге өзіңіз жайлы енгізу керек. Бағдарлама әр қолданушыға салмағы, бойы, жынысын, т.б. ескере отырып, жеке режим құрады. Басты функциялары – жүрген адым санын санау, қашықтық санау, ұйқыға кеткен уақыт, жұтқан калория көлемін, жваққан калория мөлшерін, калория банасын, т.б. есептеу. Сенсорлары көп, ескертпелері жиі шығып тұрады. Бастысы – дисциплина.
Құралды USB арқылы зарядтаса жеткілікті. Нарыққа шыққан, бірнеше танысымнан көрдім.

Блог - Medium: Инновациялық әліпби, немесе НАТР-батырлар мен жанашыр жаңашылдар хит-парадыДәрі-дәрмек және емдеу тәсілдерінің өзіме ұнағандары жайлы топтап жазғым келді. 2000 жылдары ісікке қарсы «Арглабин» деген препарат жасалды. Қарағандының «Фитохимия» холдингінде. Осы күнге дейін 4000-нан астам науқасқа дәру болды. Негізі – Орталық Қазақстанның тықыр жусаны. ТМД елдеріне таралған.
Қостанайлық Муафик Мустафиннің бруцеллезге қарсы «тірі емес» вакцинасы. Тірі вакцина секілді антиденелер таратқанымен, жалпы малдың түсік тастауы, аллегрия секілді теріс салдары жоқ. Жергілікті жердің малынан бруцеллез жұқпасын зерттеу арқылы жасалған. Арзан, 50-60 теңге.
Smart компаниясының директоры Бауржан Айтуов ұсынған кариес емдеу тәсілі. Рекомбинатты пептидтер бастапқы кезеңде жоюға мүмкіндік береді. Бір тамшысын тамызса жеткілікті: бірер минуттан гидрогель құрылымы эмальдың «кірпіші» кальций гидроксиапатитіне айналады.
2010 жылы Дәулет Шәріпов деген оқушы балалар стоматитін емдейтін «Фитостом» деген дәрмек ойлап шығарды. Табиғи өнімдерден даярланған. Кипрде өткен Олимпиадада бірінші орын алып келді.
Солтүстік Қазақстанда өсетін сүйелшөптен жасалатын препарат — «Витин» «Инновациялық автобус» кезеңінде ұсынылды. Ісік қайтаратын, тері қабынуына қарсы қасиеті бар.
2013 жылы қатердлі ісікті (рак) анықтаудың экспресс-әдісін Алматыда ойлап тапты. Зертханалық жағдайда арнайы құрылғымен қан құрамындағы альбуминді анықтайды. Бұрын бұл бөлшектер көрінбейтін-мыс. Бірнеше мың теңгеге тура удай қымбат позитрон-эмиссиялық томограф сияқты 93 пайызға дейін дәл анықтайды. Осы тізімдегі басқа ем-доммен салыстырғанда, бұл тәсілге лицензия алынбаған, тек жаңалық ретінде мәлім.
Дәрі-дәрмек ойлап табушылар көп, оның ішінде өндіріске шыққаны да аз емес.
Блог - Medium: Инновациялық әліпби, немесе НАТР-батырлар мен жанашыр жаңашылдар хит-парады
Емдік сабындарды бөлек шығарайық. Оны жасауды ұсынған – өскемендік Димаш Тоқтаров. Оқушы бала жобасын «Дарын» орталығы сайысында ұсынып, бірінші орын алды. Жануар майларын зертханада зерттеп, өсімдік майларының ішінде сүйелшөптің нанобөлшектерін пайдалануға болады деп шешіпті. «Фитохимия» холдингінің қолдауымен бөлшектер көлемін анықтап, оларды ұсақтау арқылы сабын жасаған. Перспективасы – орташа, қаржы құйса дамытуға болады. Жоба «INTEL» фирмасының конференциясына қатысуға шақыру алған.

Блог - Medium: Инновациялық әліпби, немесе НАТР-батырлар мен жанашыр жаңашылдар хит-парадыЁ-мобиль тәріздес отандық электромобильдер және оларды зарядтайтын станция. Көлік жайлы идеяның авторы Тайыр Балбаев жақында кардың діңгек-платформасын таныстырды. Ал — шанағы (кузовы) өзгере береді: спорткар, седан, пикап. Дизайнерлер болса, қанекей!
Батареясы 5 сағат ішінде токқа зарядталады, бірақ 2 сағат қана жүруге жетеді. Өзі сағатына 100 км жылдамдыққа дейін бара алады. Конвейерге шығатын сәт әлі алыс сияқты. Дегенмен, авторы жуық маңда жанармаймен жүретін нұсқасын шығара тұруды да жоққа шығармайды.
Ал электромобильдерге арналған зарядтау станциясы Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-да таныстырылды. Жоба Алматыдағы бірқатар арнайы шараларға да қатысқан. Жобаның авторы, т.ғ.к. Руслан Өтебаев станцияны қолдану механизмін былайайтып берді. Нұсқасы университеттің аялдамасында орналасқан, оны карточкалық жүйе арқылы пайдалануға болады. 4 сағаттай зарядтау шамамен 100 км-ге жетеді. Қолданушы базаға енгізіліп отырады. Ақшаға шаққанда әр 100 км — 150-300 теңгенің энергиясын жейді.
Перспективасы жөнінде үміт күтуге болады. Жобаның станцияларын жанармай бекеттеріндеорналастыру жөнінде әкімдікпен келісімі бар. кемшілігі — электромобильдердің кең таралмауы.

Блог - Medium: Инновациялық әліпби, немесе НАТР-батырлар мен жанашыр жаңашылдар хит-парадыЖел дегенде, бірінші Николай Буктуковтың 2013 жылғы ұсынылған жел генераторлары жайлы айтқым келеді. Шетелдік баламалармен салыстырғандағы айрықшалығы – генераторлар жел жылдамдығына тәуелсіз. Ожау тәріздес қалақтары көлденең жазықтықта айналады. Конструкциясының ерекшелігі жел жылдамдығын жасанды кеңейткендей қыла алады. Бір киловат-сағат электр энергиясының құны 5 теңгедей шығады. Жаппай өндірісі жоқ, бірақ тапсырыс бойынша шаруалар алып жатыр. Ресей мен Украинадан сұраныс бар.
Шымкенттегі Назарбаев Зияткерлік мектебін бітірген Асхат Құралдың ұсынған жел генераторы қарапайым. Трассаларға бетон-металл конструкциялар қойып, эел энергиясынан электр энергиясын өндіруге саяды. Конструкция 4 метрдей, қуаттылығы 3-5 мың кВт. Болады дейді. Алған энергиямен трассаға жақын ауылдарды жарықтандыру мақсаты тұр. Идеясы — әлеуметтік, пайдалы. Перспективасы — «EXPO-2017» аясында ұсынылғаннан кейін мәлім болмақ.
Талдықорғандық Амантай Оразбаев қос вентилятордан тұратын қарапайым жел генераторын ойлап тапты. Троллейбустарға орнату – новатордың басты ұсынысы. Осы сыңайда дамыту үшін арнайы мекмелердің тестілеуінен өткізу қажет секілді.
Тағы бір жел генераторы жайлы Ю әрпінің маңынан бөлек оқи аласыздар.

Блог - Medium: Инновациялық әліпби, немесе НАТР-батырлар мен жанашыр жаңашылдар хит-парадыЗарядтайтын телпекке беремін деп шештім бұл межені. Астаналық оқушы Ғазиз Жұмабай юас киімге күн батареясы бар аккумулятор жапсырып жасаған. 3500 теңгеге ноу-хау жасап шыққан балақай «ЭКСПО-2017 аясындағы көрмеге салып көрмек. Бірақ бір смартфонды зарядтауға 12-15 сағат кетеді. Жоба – тым қарапайым, әрі көркем емес, бір жағынан реті келіп орайластыра салғандай. Бірақ әлеуметтік желідегі сауалнамаға жауап бергендердің дені оң бағаланды. Жаппай өндіріске дәл қазір дайын емес, әрине.

Блог - Medium: Инновациялық әліпби, немесе НАТР-батырлар мен жанашыр жаңашылдар хит-парадыИслам сағаты деген атау алған сағат 2009 жылы жасалды. Ақтөбелік Сұлтанбек Тәшенұлы намаз оқу уақытын көрсететін сағат-күнтізбені қарапайым түрде жасап шықты. Қағаз-жолаққа 365 күннің намаз уақытын теріп, кәдімгі сағатқа теліген. Ол катушка түрінде айналып, циферблатында көрсетеді. Патенттелген, автордың өзі Қазақстан мұсылмандарының рухани басқармасы құптағанын айтады. Кейбір мешіттер пайдалануды бастады.
Жаппай өндіріске қызығушылық болуы тиіс.

Блог - Medium: Инновациялық әліпби, немесе НАТР-батырлар мен жанашыр жаңашылдар хит-парадыЙогурт-антитуберкулез. Қазақ тағамтану академиясында 2013 жылы жасалған өнім.
Қатерлі жөтел ауруының алдын алу және емдеуге арналған. Негізінде – қымыз, ешкі мен сиыр сүті. Әрине, жеміс қоспа қосылады. Оған биологиялық белсенді қоспаларды қосқанда, иммунитетке ағымды әсер ететіні сөзсіз. Токсиндер де шығарады. Сұйықтан бөлек құрғатылған да түрі шығарылды. Бірнеше әдіспен дайындалатын йогурт науқастарға тексеріліп көрді. Кезінде осы өнім шыққан сәтте инвесторлармен қиындық туғаны белгілі. Кемшілігі – 2-3 күн ішінде бұызылып кетеді.

Күн батареялары негізіндегі өнімдер – бір төбе.
Блог - Medium: Инновациялық әліпби, немесе НАТР-батырлар мен жанашыр жаңашылдар хит-парадыӨскемендік Тоқтархан Шормановтың жылыжайы. 2008 жылдан бері жылыжай күннен қуат алып, тіпті 40 градус аязға да шыдайды. Өсімдіктер биогумуста өседі, калифорниялық шылаушындар пайдаланылады. Лампа орнына шағылыстаын панельдер. Жалпы, коммуналдық қызметті төмендетуге тырысқан. Патенттелген. Жылыжай өзін ақтап тұр, өсімдік біткен әдеттегіден 5 есе тез өседі.
2013 жылы Қазақ-түрік университетінің студенттері ұсынған автомобиль. Ол көліктің литий-ион батареяларының арқасында тіпті бұлыңғыр күні 80 километрге дейін қашықтықты бағындырады. Өндіріске қойылса, мың жарым-ек мың доллар болар еді дейді авторлар. Теріс тұсы – даусы шықпайды, бұл жолда қиындық тудырады.
Күннен нәр алған күрішті күнне қуат алған комбайнмен оруды ұсынған жігіттің ныспысы – Батыржан Қоныс. Зарядталған машина бірнеше күн оруға қабілетті, тіпті нашар ауа-райында да деп сендірді студент. Комбайнның кептіру бункері де бар. Су тиіп, күрмек жағаласса, тез тазарады. Жанармай керек емес. Облыс әкімінің батасын алған жоба, дегенмен, EXPO-2017-ден кейін ғана шама-шарқын саралауға болады.

Блог - Medium: Инновациялық әліпби, немесе НАТР-батырлар мен жанашыр жаңашылдар хит-парадыҚол күшімен зарядтайтын құрылғы өзіме ұнағасын еніп отыр. Әрі оны былтыр 11 жасар бала ойлап тапқан болатын. Қарағандылық Алдияр зарядтау құрылғысын «Atameken StartUp» сайысында таныстырып, арнайы жүлдеге ие болды. Құрал арнайы рычаг арқылы механикалық энергияны электр энергиясына айналдырады (энергия түрленеді! – қай ғалымдікі еді?). Әмбебап дүниенің күн энергиясына арналған панелі де бар.
Таралу мүмкіндігі – орташа, қазір халық ештеңеге дене энергиясын жұмсағысы келмейді. Бірақ дене шынықтыруды есепке алсақ, бір оқпен – екі қоян. Автор нарыққа шығу мүмкіндігін болашақтың еншісіне қалдырып отыр.
Балақай EXPO-2017-ге тағы бір қалдықсыз қоқыс өңдеуге қатысты жобасын ұсынбақ деп естідім (бұл да әріпке сай келеді екен).

Блог - Medium: Инновациялық әліпби, немесе НАТР-батырлар мен жанашыр жаңашылдар хит-парадыЛосины мен Леггинстер тұр бізде бұл жерде. 2014 жылы Ержан Мукенев деген түрлі-түсті ою-өрнегі өзгеретін, денеге тырысып тұратын әйел киімдерін жасап шығарды. Өзгеретін нәрсе — шатыраш өрнек, қабысқан ою. Муар материалға түстерді қабыстырып ойнатып, лосины тігетін Ержан жақында леггинстер де ұсына бастады. Артықшылығы — әдемі көрінеді, әркез тың өрнек, алуандылық арзанға түседі (1500-5000 тг, әйел шалбары — 20000, леггинс принтімен 15000-дай), дақ тисе, оңай кетеді. Кемшілігі — әйелдерге бірнеше қабат леггинстер киюге тура келеді. Таралу перспективасы — жоғары, автор киімнің көп түрін жоспарлап отыр. Цирк мамандықтарына, әскерге, аңшыларға да пайдалануға лайық сияқты.
Айтпақшы, Ержан Мукенев – «тірі өкшелі» жөке мен арықтауға арналған «Джим Флекстор» әмбебап тренажерын жасаған жігіт.

Блог - Medium: Инновациялық әліпби, немесе НАТР-батырлар мен жанашыр жаңашылдар хит-парадыМобилді мини-реактор 2011 жылы ойлап табылды. ҰҒА-ға қатысты жану мәселелері бойынша институт қызметкерлерінің еңбегі. Жоба жетекшісі Валерия Лукьященко ғылыми тұрғыдан электромагниттік өрісті пайдаланылғанын түсіндіріп берді. Жалпы мәні – құрылыс, т.б. қажеттілікке орай аз тонналы материалдар өндірісіне жарай береді. Минерал шикізатты пайдаланып, қорытпалар мен композитті материалдар дайындайды. Мысалы, қож, базальт, т.б. минерал шикізаттың әрқайсысына бөлек режим қойып дасайды. Өнім дайындауға кеткен энергошығын 1,5-2 есе үнемделеді, ал жалпы жарты өндіріске жіберу үшін миллион доллар мен екі жэыл уақыт керек. Қысқа мерзімді кезеңде 15 миллион доллар қайтарар едік. дейді автор. Алып-қосарым жоқ.

Блог - Medium: Инновациялық әліпби, немесе НАТР-батырлар мен жанашыр жаңашылдар хит-парадыНейрон жүйесін қарағандылық Олжас Шәкіров, Нәзір Өтебаев, Әділ Ауғалиев деген азаматтар жасап шығарды. iSam жүйесі 250 миллион нейрондық байланыстан тұрады. Желі бұйымның не адамның ерекше сипаттамасын жаттап қалуға қабілетті. Жалпы, биологиялық тірі ағза қағидаты бойынша жасалған. Пайдалану бағыттары – көлік торабының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бухгалтерлік және қойма есебі, т.б. Мысалы, «Қауіпсіз қала» жобасының аясында видеобақылаулардың ортақ жүйесіне тоғыстыруға болады. Жалпы, қауіпсіздік органдарына пайдалы болуы мүмкін.
Бағдарлама 100 пайыз дайын емес, қазір тестілеу кезеңінде.

Блог - Medium: Инновациялық әліпби, немесе НАТР-батырлар мен жанашыр жаңашылдар хит-парадыҢ әрпін де оқи алатын сканерге арналған бағдарламаны былтыр ҚазҰТУ мамандары жазып шықты. Қазақ тіліндегі мәтінді оптикалық тану бұған дейін жарымжан күйде болатын. Қазір бұл жүйе портал түрінде қолжетімді, құжатта кеткен қателерді 98 пайызға дейін түзете алады. Зертхандағы мамандар: бағдарламаға тану бұйрығын берген сәтте өңдеу суперкомпьютерде 3 кезеңнен өтеді. Бірінші — оптикалық тану кезінде әр әріпті таниды. Сосын морфологиялық талдау жасайды, яки табылған қате сөздерді түзейді. Үшінші — морфология-семантикалық сараптама. Қазақ тілінің синтаксисіне байланысты кеткен қателерді жөндейді. Осының бәрі 3-4 секундта жүзеге асырылады. Уақыт үнемділігі, көпбетті құжатты да жедел реттеуде. Әлеуметтік тұрғыдан жоба пайда лицензиялы бағдарлама түрде сатылса, ақша әкеле алады. Интернетте онлайн таба алмадым, шамасы локалды дүние болса керек.

Блог - Medium: Инновациялық әліпби, немесе НАТР-батырлар мен жанашыр жаңашылдар хит-парадыОpen HC атты корпоративтік байланыс құралы аздап Скайпты еске түсіреді. «The One Capital» инновациялық компаниясының қожайыны Қайрат Ахметов оны Microsoft Lync-ке бәсекелес бола алады деп санайды. Арзан, қалалық телефондармен байлана алады. Ерекшелігі — тиімді гибрид-құрал сияқты. Видеоқоңырау дауысы — телефоннан, бейнесі веб-камера арқылы таралатын қызметі бар. Екінші желіні ұстайды, қоңырауды күту кезінде ақша кетпейді. 2014 жылдан бері «Самұрық-Қазына» бастаған біраз ұйымдарда енгізілген. Компаниялар тобы аса табысты, бизнесі жолға қойылған.
Open WiFi жүйесін де осы азаматтар енгізген. Одан басқа, жаңалықтар қатарында call-орталықтар, тапсырыстар мен жеткізу қызметтеріне хабарласуға арналған «Телефон будкасы» деген мобильді қосымшасы да бар.

Блог - Medium: Инновациялық әліпби, немесе НАТР-батырлар мен жанашыр жаңашылдар хит-парадыӨрт сөндіруге қатысты құрылғы жөнінде айта кетейін. 2014 жылы қызылжарлық подполковник Қасен Құсылбаев өрт кезінде қалың конструкцияларды жедел бұза алатын тескіш ұңғы ойлап тапты. «Ремплазма» ЖШС субұрқақ тәрізді құралдың тәжірибелік моделін даярлап, тексеріп көрді. Ұңғы жабық жерлердің астына, сонсоң құрылыс конструкцияларының ішіндегі тесіктерге салып сөндіруге қолайлы. Тіпті мая сияқты ыңғайсыз жерлер, жанғыш материалдарға да су бүркуге оңтайлы. Жергілікті зауытта өндіріс жолға қойылды.

Блог - Medium: Инновациялық әліпби, немесе НАТР-батырлар мен жанашыр жаңашылдар хит-парадыПандустардың әлеуметтік қажеттілігі жөнінде білетін шығарсыз. Былтыр павлодарлық Нұрболат Сәрсенбин мүгедектерге арналған электропандус ойлап тапты. Механизм қарапйым, ыңғайлы, қауіпсіз дейді ол. Қолдануға қосымша адамның көмегі қажет емес. Қарт адамдар мен коляска итерген аналар да пайдалана береді. Тік және қиғаш түрдегі екі түрлі нұсқа бар. Арнайы датчиктермен батырмалармен өздері-ақ басқара береді. Жергілікті кәсіпкерлердің бірі қолдап, өндіріс қолға алынған еді. Алғашқысы бассейндердің біріне тегін орнатылды. Новатор қазір ванналарға арналған электросаты жобасын даярлап жатыр.

Блог - Medium: Инновациялық әліпби, немесе НАТР-батырлар мен жанашыр жаңашылдар хит-парадыРобот дегенде алыс шетелдің ғалымдары елестейтін болса, қателестіңіз. Бірқатар ақылды терсектер жайлы қайырайық.
2010 жылы Солтүстік Қазақстанда Темирғали Қыдыруали және Ғалымжан Мансұров қарапайым робот ойлап тапты. «Алманың» қаңқасы – манекен қыздікі, дауысы – техникалық. Басты тетігі – гирокомпас дейді авторлар. Ерекшелігі – көп роботтарда туындайтын тепе-теңдік мәселесін жақсы шешкен.
Онысы, мысалы, автомобильге жанармай құя алып, бекеттердің бірінде жұмыс істеді. Сонсоң көліктің сервистік компьютер жалғайтын порт болса, диагностикасын да жасауға болады депті. Авторлар жол полициясы қызметкері ретінде тағы бір данасын әзірлегісі келген еді. Онымен идея қалып кетті.
Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде 2013 жылы гид есебінде қолданылған «Шолпан» атты робот жасалды. 2015 жылы оның Арман атты інісі туды. Арман Халыққа қызмет көрсету орталығында «қызметке тұру» үшін жасалған болатын.
2014 жылы қостанайлық оқушылар мүгедектерге көмектесе тін инвароботтар ойлап тапты. Яғни кедергілерді айналып өтіп, хабарлайтын техника жасап шыққан.
Дәл осы жылы батыс қазақстандық Мертай Еламан деген бала роботталған костюм ойлап тапты. Оның ерекшелігі – ауырлықты оңай көтеретін сипатында.
Жақында ғана Астанадағы роботехника бойынша олимпиадаға оралдық оқушылар қымбат металлдарды танитын роботтарын алып келді. Робот – ол робот, несін айтасың…

Блог - Medium: Инновациялық әліпби, немесе НАТР-батырлар мен жанашыр жаңашылдар хит-парадыСуперасфальтты 2014 жылы қызылордалық оқушылар ойлап тапты. Асфальт елек тәрізді жайылма суды өткізіп жібереді. Бірақ бұзылмайды. Құрамында құм, қиыршық тас, битум бар. Кепілдік мерзімі — … 30 жыл!
Қыста қалай шыдайтынын бағамдау ғана қалып тұр.
Әлеуеті зор жоба, қолдау жағы енді қолға алынып келеді.

Блог - Medium: Инновациялық әліпби, немесе НАТР-батырлар мен жанашыр жаңашылдар хит-парадыТроакар деп урологиялық ауруларды емдеуге арналған құралды айтады. Оның қазақстандлық баламасын алматылық хирург Шоқан Бектұрғанов ойлап тапты. Қазақстандық өнімді шетелдікімен салыстрғанда… көп рет пайдалануға болады. У-уһ! Тот баспайтын болат! Дәрігер бұл құралмен жүздеген операция жасап үлгеріпті. Мысалы, қуық қалбыршығына. Бағасы да арзан: операция шетелдік троакар пайдаланғаннан гөрі 20 еседей арзан, 1000 теңгедей тұрады. Шетелдік мамандар қызығып жатса да, новатор өнімінің патентін сатуға бейіл емес. Автордың ойында жаппай өндіріске қою бар.

Блог - Medium: Инновациялық әліпби, немесе НАТР-батырлар мен жанашыр жаңашылдар хит-парадыУлы химикаттарды ауыстырушы препаратты былтыр Сержан Аманов ойлап тапты. Биопрепарат энтомапатогенді микроағзалар негізінде жасалып, ауыл шаруашылығы мәдениетін зиянды ағзалардан қорғау үшін бағытталған. Дегенмен, негізгі міндеті – ауыл шаруашылығында көптеп қолданылатын улы химикаттарды арзан және экологиялық таза түрде ауыстыру.
KazINNO сайысында жеңіске жеткен оны шетелдік тағылымдамаға жіберіп, инвесторлар алдында таныстыру мүмкіндігіне ие болған еді. Отандық қолдаушылар әзір қозғала қойған жоқ. Өндірістік маңызы мен әлеуеті жоғары.

Блог - Medium: Инновациялық әліпби, немесе НАТР-батырлар мен жанашыр жаңашылдар хит-парадыҰшақтарға билет сатудың онлайн-сервисі. Aviata.kz порталы — Shakh Travel компаниясы мен Glatis студиясының туындысы. 2014 жылғы табысы $12 миллион доллар, шетелдік нарықтарға шыққан. Ай сайын 15 000 билет сатылады. 2014 жылы онлайн-сақтандыру қызметі мен пойыздарға билет сату сервисі іске қосылды. 300 әуе компаниясымен жұмыс жасайды.
Award.kz 2014 интернет-сыйлығының «Жыл компаниясы» номинациясының иегері. Меніңше, жақсы новация мен табысты маркетингтің үлгісі. Өзім де қолданушымын.

Блог - Medium: Инновациялық әліпби, немесе НАТР-батырлар мен жанашыр жаңашылдар хит-парадыҮй. Үй болғанда қазақтың қолы жетпей жүрген кәдімгі пәтер емес, ақылды үй. Қызылжарлық Алексей Михайловтың былтыр «Инновациялық автобус» сапары кезінде ұсынған жобасы. Бөлмелері зауытта жасалады, сондықтан рентабельді. Жарығын өзі сөндіріп, терезе перделерін өзі жабады. Электр энергиясын 20 пайызға дейін үнемдей алады.
Жоба әзірге жоба күйінде. Артықшылығы — ұлттың ең маңызды мәселесіне септесуге қауқарлы. Негізгі мәселесі — қаражат қажеттілігі жоғары, әрі орындалуы аса күрделі.
2011 жылы павлодарлық оқушылардың үйді SMS арқылы басқару жайлы жобасын болғанын айта кетейін.

Блог - Medium: Инновациялық әліпби, немесе НАТР-батырлар мен жанашыр жаңашылдар хит-парадыФитоэлектростанция – І. Жансүгіров атындағы университеттің, талдықорғандық ғалымдардың идеясы. Көпжылдық шөптер, немесе кепкен өсімдік пен ағаштың энергиясын пайдалану — ауыл шаруашылығы жақсы дамыған аймақтарға рентабельді болуы мүмкін. Аналогы жоқ. Бірақ мәселесі – әзірге тәжірибелік, энергияны аз өндіріп тұр. EXPO-2017 көрмесінен кейін перспективасы белгілі болмақ.
Басқа энергия көздері туралы қай әріптен оқитыныңызды білесіз-ау…

Блог - Medium: Инновациялық әліпби, немесе НАТР-батырлар мен жанашыр жаңашылдар хит-парадыХимиялық жылу аккумуляторын 2011 жылы Игорь Хомутов ойлап тапты. Ерекшелігі — энергияны химиялық реактордың көмегімен ұзақ уақытқа сұтап тұра алады. Бұл ерекшелік оны кез-келген уақыт заряталған боп ұстап тұруға мүмкіндік береді. Энергияны бірнеше ай бойы жинақтап алса, тұтас қыс бойы қажетінше пайдалануға болады. Мамандар қызығушылығы жоғары, жаппай өндіріс қолға алынған жоқ.

Блог - Medium: Инновациялық әліпби, немесе НАТР-батырлар мен жанашыр жаңашылдар хит-парадыҺалал нәрсені анықтайтын әдісті Ұлттық биотехнологиялар орталығының қызметкері Ерлан Раманқұлов ойлап тапты. Азық-түлік, дәрі-дәрмек, тері, т.б. заттарда шошқаға қатысты қоспаның бар-жоқтығын тексереді. Тетігі қарапайым: сұйық болса, оны салқын күйінде арнаулы ыдысқа құйып, құралды пайдаланып зерттейді. Қатты зат болса шағын бөлігін кесіп алып, жылы су құйылған арнайы ыдысқа салып, бетін жауып, үздіксіз 15-20 секунд шайқайды. Зерттеуге тұнба қолданылады. 5-10 минуттан соң нәтижені анықтауға болады.
Екі сызық мұнда да сор! Егер де тестілеу жолағының бойында түрлі-түсті екі сызық пайда болса, заттың құрамы – харам. Бір сызық – шошқа жоқ, әйтеуір дегенді білдіреді. Тест нәтижелері арнаулы құралда 1-2 сағат қана сақталады. Қазір бұл «экспресс-Х» тестіні тарату жұмысымен республикалық «Халал стандарттау» комитеті айналысып жатыр.

Блог - Medium: Инновациялық әліпби, немесе НАТР-батырлар мен жанашыр жаңашылдар хит-парадыЦиркуляциялық сорғы (насос) авторы – бізге таныс теміртаулық Игорь Хомутов. «Болашақ эргономикасы» сайысының жеңімпазы. Игорьдің энергия үнемдеу саласында жобалары көп, дегенмен, энергия пайдаланбай жұмыс жасайтын осы құрылғысы Стирлинг жылу машинасын жетілдіру үшін жасалған. Пешпен жылыту процесінде сорғы батарея бойына су тарату үшін қажет. Жаңалықтың идеясы болса – арнайы поршень арқылы осы суды қазандықтың өзі айдайтындығында.
Жобаның нарыққа шығуы – қиын, арзан баламалар жеткілікті. Назар аударатын инвестор керек. Кемшілігі – идея ескіріп барады, 2010 жылдары таныстырылған жоба.

Блог - Medium: Инновациялық әліпби, немесе НАТР-батырлар мен жанашыр жаңашылдар хит-парадыЧипті трекер. Брелок тәріздес бұл құрал кішкентай балалардың қайда жүргенін аңдуға арналған. «Мангуст» деген атауы бар. Құрал балдырғанның жүрген орнын ата-анасының ұялы телефонына онлайн жолдай алады. Өнертапқыш Евгений Щербатов — НАТР тарапынан марапатталған азаматтардың бірі. «Мангусттың» басым тұсы – көлемі кішкене, тіпті әлемдік нарық деңгейінде өте шағын. Суға салсаң — батпайды, отқа салсаң — жанбайды. Сынбайды, әр 20 күн сайын ғана зарядтап отырса жеткілікті. Дәлдігі — 3 метрге дейін. Шамамен 100 доллардай тұрады. Перспективасы — зор, нарыққа шығарда алдын-ала тапсырыстың өзі мың шақты болған.

Блог - Medium: Инновациялық әліпби, немесе НАТР-батырлар мен жанашыр жаңашылдар хит-парадыШұбат таблеткаларын Әуезов атындағы ОҚМУ жанындағы ғылыми-зерттеу орталығының директоры Мұсатилла Тоқанов жасап шығарды.Қазір құрғақ шұбаттың 8 түрі бар, сақталу мерзімі – жарты жылдан кем емес. Вакуум орнату арқылы ылғал шығарып, жоғары температурада қайнатады. Химиялық қоспасы жоқ, 1 литр шұбаттан шамамен 40 таблетка алуға болады. 10 таблетканың құны 150 теңгенің айналасы болады дейді авторлар.
Заманның жеңіл тұтынылатын азыққа құмарлығын ескерсек, табыс мүмкіндігі – жоғары. «Химфарммен» келсім бар. Эскпортқа шығару жоспарда бар. Ұзынқұлақтан Ауыл шаруашылығы министрлігі 4 миллион теңге бөлгенін, облыс әкімдігі келесі жылы 10 миллион теңге бөлетінін біліп алдық. Дүниежүзілік Банктың 60 мың долларлық гранты та, ы бар. Бірақ бәрібір инвесторлық қолдау қерек, арнайы құралы-жабдықты жаңарту тым қымбатқа түседі — 2,5 миллион доллар.
Осы орайда, 2011 жылы ҚазАТУ ғалымдары биошұбат және өзге де сусын түрлерін ойлап тапқанын атап өту керек.

Блог - Medium: Инновациялық әліпби, немесе НАТР-батырлар мен жанашыр жаңашылдар хит-парадыЩетка жайында әңгіме тәлім аларлық. 2011 жылы Ұлттық зияткерлік меншік институтының Өнертабыстар бойынша патенттік зерттеулер қызметінің сол кездегі жетекші сарапшысы Владимир Федурин мынадай оқиғаны еске алады: «Кезінде бізге бір ер адам хабарласты. Сырт жағы бұдыр-бұдыр щетка ойлап тапқанын айтты. Тіс тазалау кезінде ауыз қуысына массаж жасау үшін, әрине. Өнертапқыш идеясы журналда жарық көрсе, өнім патентпен қорғалмаған басқа елдерде оны ұрлап кетуі мүмкін екеніне қынжылып еді».
Өздеріңіз білетіндей, қазір ондай щеткалардың сатылымда түр-түрі бар.

Ъ және Ь әріптерінің өзі қазақ тіліне енген инновация. Қызық, Ахмет Байтұрсыновқа тиесілі ме екен?

Блог - Medium: Инновациялық әліпби, немесе НАТР-батырлар мен жанашыр жаңашылдар хит-парадыЫсытпа пеш. Ерекше пештің авторы – тараздық Тұрғанбек Қыпшақбаев. Жылыту құралын новатор 17 жыл бұрын ойлап тапты. Жергілікті кәсіпкерлер тек былтыр ғана назар аударғаны болмаса…
Пештің ерекшелігі – қоршаған ортаны ластамайды. Газбен де, көмірмен де жұмыс істей береді. Электр энергиясын пайдаланбайды. Пешті облыстың біраз ауданы пайдаланады, оның ішінде тұрғындар да, мекемелер де бар. Қазір автор жобасын қосымша жетілдіріп жатыр.

Блог - Medium: Инновациялық әліпби, немесе НАТР-батырлар мен жанашыр жаңашылдар хит-парадыІздеу жүйелерінің ерекшесі Mikee деп аталады. Қызметі — интернетте сатып алуларға арналған жеке менеджер іспетті жүйе. AсеLight компаниясының басқарушы серіктесі Бакытжан Дос бірнеше басымдығын айтып берді: онлайн-дүкендердің тауарын сипаттап шығарып береді, бағасы, сипаты бойынша салыстырады, акциялар мен жеңілдіктер жайлы хабарлап отырады. Локалды интернет-дүкендерді бірінші боп қарайды. Жүйе жасанды интеллект негізінде жұмыс істейді, сондықтан жалпы жылдам. Жазда Сингапурдағы Echelon Top 100 Qualifiers іс-шарасында таныстырылды. Кемшілігі — тек орысша және ағылшынша жауап береді. Таралу мүмкіндігі — жоғары, себебі интернеттегі жүйе (әлемде 1 миллиардтай адам интернет дүкендерін қолданады). авторлар Оңтүстік-шығыс Азия нарығына назар аударып отыр. ІOS пен Android-қа арналған мобилді қосымшалары бар. Нарыққа толыққанды кіру үшін 200 мың $ қажет болды. Біршама табысты жоба.

Блог - Medium: Инновациялық әліпби, немесе НАТР-батырлар мен жанашыр жаңашылдар хит-парадыЭнергия өндіру түрлері көп-ақ. Бәрі EXPO-2017-нің арқасы (кесірі?).
Бірқатары жайлы айта кетейік.
Назарбаев Зияткерлік мектебінің баласы Мақсат Қарлыхан биогаз алу арқылы үй жылытатын әдіс ойлап тапты. Биомасса мен бактериялары бар резервуарларда газ өндіру процесі жүреді.
Оралдық Максим Тарабанов қашықтықтан ток беретін құрылғы ойлап тауыпты. Тесла трасформаторының негізінде жұмыс жасайды.
Степногорскілік Игорь Карасев энергия сақтау станогін жасап шықты.
Семейлік Дана Сәулебекова геотермалды энергиямен ғимарат жылыту әдісін ойлап тапты.
Павлодарлық Николай Храмов көмір немесе әктен түтінсіз энергия алу әдісін жасады. Оңтүстік Қазақстан басшылығы қызығушылық танытқан. Бәрінің перспективасын асықпай бағалау қажет.
Мал тезегінен электр энергиясын өндіруді бастап жіберген кісі — т.ғ.к. Вадим Некрасов. Шикізат қоры біздің елде жеткілікті, әрине.
Және осындай ондаған тың идеялар! ЭКСПО құдіреті!

Блог - Medium: Инновациялық әліпби, немесе НАТР-батырлар мен жанашыр жаңашылдар хит-парадыЮла тәріздес конструкциялы жел қондырғысы. Атауы — «Шыңғыс хан». «Online Expo-2017» байқауына биылғы жылы ұсынылған қондырғы ЮЛАға ұқсас механизммен жұмыс жасайды. Жел қатты соққан сайын нық тұрады. Қарапайым, үстінде — 12 қалақ, астында — 12 қалақ, желдің кез-келген жылдамдығымен энергия өндіреді. Авторлары — Арман Ахмұханов, Ардақ Бердібеков, Константин Стахнов және Санат Калдығұлов. Патенттелген. Авторлар «Машсвар» мен «Монтажинжинирингтің» зауыттарын пайдаланып, 2 данасын жасап шықты.
Артқышылықтары: құны — 30 мың доллар, бұл – шетелдік баламалардан арзан. АҚШ-тың GIST TECH-I байқауында финалға жетіп, мойындалғаны да рас. Ірі шаруа қожалықтарына, ауылдарға лайық. Өзіндік құнын ақтап шығуына 4-5 жыл кетеді. Инвестор табылса, табыс көзі бола алады.

Блог - Medium: Инновациялық әліпби, немесе НАТР-батырлар мен жанашыр жаңашылдар хит-парадыЯдролық қалдықтарды құртудың әдісімен аяқтайық. Анатолий Тимохановтың әдісі ядролық қалдықтарды ит өлген жерге (ит уланып өлген емес, алыс жерге) көмуге саяды. Патент атауы да – «қатты радиоактивті қалдықтарды қауіпсіз қашықтықта көму». Жоба бойынша, қалдықтарды қысым арқылы цементтеп, монолитке айналдыру қажет. Мұндай әдіс ғасырлар бойына ядролық қалдықтарды қатырып тастауға мүмкіндік береді дейді новатор. Идеяға нақты баға беру қиын. Дегенмен, мемлекеттік органдар көп жылдар бойы автордың ұсынысын не игнорлап, не нақты жауап бермей келеді. Ондаған жылдар бойына! Моветон… Сондықтан, өнімі емес, өзінің суреті. Менің қолдауым болсын.

Міне, менің нұсқамдағы қазақтың тұңғыш еркін инновациялық әліпбиі осындай болды. Құрметке лайық жаңашылдар, таңғаларлық ақылмандар…
Блог - Medium: Инновациялық әліпби, немесе НАТР-батырлар мен жанашыр жаңашылдар хит-парады
Және бұл мен қызыққан новаторлардың түгелі емес, Карл!
Жақында бір әлеуметтік желіден «Қазақстан – инновацияларды жүзеге асыратын жер емес» деген пікір оқыдым. Оқыдым да, екіойлы болып қалдым.
Содан кейін зерттеумен айналыстым. Бар ғой, бар ғой табысты мысалдар! Иә, бір жағынан, өнімді өндіріске шығарып, жетесіне жеткізу де шарт секілді. «Инновация — бұл 1% өнертабыс және 99% іскерлік» деп Джобс бекер айтып па еді?
Жалпы, бұл жазба Хит-парад деп аталғанымен, әлгіні бесінші, мынаны он бесінші деп белгілеп, таңба баса қойғаным жоқ. Себебі… Себебі, қай өнімнің қанша қажыр мен қандай қиындықпен келгенін мен қайдан білмекпін? Қайсысы түптің түбінде өндіріске еніп, кең таралатынын да кім біліпті? Бәрібір менің хит-парадымда бірінші орын вакантты болып қалатын еді. Мен білмейтін бүгінгі, не болашақтағы бір новатордың жұмысы үшін. Мүмкін, сіз үшін.
Сондықтан, әліптің артын баққан әліпби шықты.
… Жоқ, мен бәрін түсінем. Бірдеңе ойлап тапсаң, энтузиазміңді өлтіріп тұратын орта да, қаражат қысымы да, консерватор саналы қоғам да… Бірақ біз осылай болып қала берген шақта, өзгелер жасайды оны. Көп жыл өте біздің ілеспелі ілкі қоғам да ере бастайды – әрине, ол кезде бұл дүние инновация емес. Сондаймыз…
Біз болашақты болжап, күніміз не болар екен деп қана отырамыз. Ал болашақты болжаудың ең ұтымды жолы – оны жасау. Осыны түсінетін кемі жүз адам барына шүкір елімде.
«Praise madmen, rebels...»


Жазбаны даярлау кезінде өнертапқыштардың ғылыми еңбектері, мекемелердің ашық дерекқоры, қазақстандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары армансыз пайдаланылды.
Бөлісу:

6 пікір

bake
Жаңалық, жаңашылдық.
әрпін де оқи алатын сканерге арналған бағдарламаны былтыр ҚазҰТУ мамандары жазып шықты
Бұл жерде мынандай мәселе бар. Алгоритм деген. Бізде де істеп тұрған оптикалық тану программасы бар. Кеуде соғатын тұстарымыз бар. "Әріп бөлу" алу 100% алгоритмі біздкі. Бөлінген әріптерді танып жеке-жеке сұрыптау біздікі емес. Оның авторы және патенті бар. Өзіміздікіне алмастырдық. Кәдімгі ноутбукте (Core i3-3110M) стандартты шрифтің тек біреуінде жазылса "әріп бөлу" уақыты минутына 100 символға жуық. Әріпті тану ауақыты минутына 20 символ. Неге осы программаны кең қолданыста тегін көре қоймаймыз. Көбінде отандық программалық өнімде «иесі» бар программалық бірліктер (модульдер) қолданылады. Сондықтан оны «тегін» бере алмайды. Өйткені лицензияда «танысу үшін тегін, пайда тапсаң бөліс» деп жазылған. Енді біздің проограмманы неге таратпасқа десеңіз оның техникалық сипаты «бәсеке» қауһарсыз. FineReader -ге жетпейді. Жеткізу үшін оны тек «супер» компьютерде орындатқызу қажет. Әр кімнің үйінде супер компьютер жоқ. Қысқасы мақтанып, жазбам оффтоп болып кеткенге ұқсайды. Сол үшінде кешірім сұраймын. Керектегі жазбама сілтеме (жаңашылдықтың жасаудың бір жолы).
Ispek92
Щщс, атауы бір қапшық екен да:D
esilerkesy
Красавчиксіз, ағай ;)