Өтпелі күн

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: Өтпелі күн

Көзіме көрінбеші, көрінбегін
Өзгеден ерекше боп бөлінбегін,
Ойымнан өзің жайлы арман тоқып,
Ұмыт болсын қайтадан сөгілгенім.

Мен жаққа көз салып та қарамағын,
Шын болса өзіңді бек санағаның.
Өшірілсін әдемі керім кештер,
Серуендеген өзеннің жағалауын.

Аңсама бұрынғыдай қаламағын,
Есімде сүйіктіңе балағаның.
Еш болып, естен кетсін соның бәрі
Көбейтпе жүрегімнің жараларын.

Шақырма енді мүлде кездесуге,
Ескегін өмірдің бірге есуге.
Ада болсын, жойылсын жүрегімнен
Арман толы әсерлі жүздесулер.

Жақындама жаныма, өкпелімін
Мұның бәрі білемін өтпелі күн,
Бәлкім сенің күнәң жоқ, себеп біреу
жанұшырып жасымды төккенімнің
Жақындауы соң күні көктемімнің.
Бөлісу:

2 пікір

asaubota
мұңсыз өлеңдеріңіз де бар ма? :)