Ұлттық Интернет Ассоциация. БЛОГИАДА. Астана

Ұлттық Интернет Ассоциация
Астанаға келгеніме бүгін үшінші күн. Демалыс күндеріне түскеніме өкінгеніммен ары қарай уақыт созуға болмайтынын түсініп келдім. Алдымда үлкен «сұрақ белгісі» тұрғанымен амбиция жоқ емес. Әрқашанда жоспармен жүретін адаммын. Сонымен "ҰИА" -ға келетін болсақ, ең бірінші, дауысының салмағы болу үшін мүшелер санын арттыру қажет. Жоғарыдағылар бізбен санасу үшін құрамымызды көбейтуіміз керек. Келісімдер бар, сіздерді де шақырамын. Қуантарлығы, жақында ғана жаңарған KASPI.KZ біздің құрамға кіретін болды. Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен меморандумға отыруға алдын-ала келісім бар. Шымкент қаласында ИТ саласында бір жиын өткізу туралы «Оңтүстік Қазақстан Ішкі Саясат басқармасы» басшысы Берік Уәли жоспарда бар екенін айтты. Шымкент қаласы әкімі Дархан Сатыбалды демеуші болған былтырғы «TECHx SHYMKENT» конференциясы естеріңізде болса, ол да биыл жалғасын табады. Осы екі-үш күннің ішінде керемет адамдармен бірге болдым. Жоспарлаған адамдардың бәрімен сөйлесе алмадым, бірақ әлі уақыт көп. Үлгергендермен жолығармын, болмай қалса маңызды емес.

БЛОГИАДА
Шын мәнінде керемет бастама. Қолдаған, қолға алған Азаматхан Әміртай ағаға рахмет. Тек миллион теңгеге шектелмей қосымша сыйлық қоры пайда болып жатыр. Мен де жақсы жаңалық қосқым келіп отыр. Келесі Блогиада жылына бір рет емес кварталдық немесе ай сайын өтетін болуы мүмкін. Ал қазіргі «БЛОГИАДА» жеңімпазы және 2-ші, 3-ші орын алған блоггермен "ҰИА" келісім шартқа отырып, айлық төлеп, KOZQARAS.KZ сайтының колумнисті ретінде жұмысқа алатын болады. Шет елдерге блог-турларға жіберіп тұру жоспарда бар. Осының бәрі дұрыс іске асып кету үшін келіссөздер жүргізіп жатырмыз.

АСТАНА
Астанаға үйрену мен үшін қиын екен. Шынымен. Үйреніп қалған, үйімдей болып кеткен офисім жоқ. Қыздарым Шымкентте. Эпплсиннің нөкерлері BIK Media-ға ауысты. Очм, маған Астанада істейтін жұмыс көп екен. Үй мәселесін шешіп, іске кірісейін. Достар, бірігіп жұмыс істейік!
Бөлісу:

7 пікір

Janasil
Нұреке мұнда Шымдықтар жетерлік. Аз уақытта үйреніп кетесің)
aikarakoz
Мяяс! Керемет жаңалықтар!
zholantai
мықты, іске сәт, еңбек жансын
ibnabbas
іске сәт деп артынан барып қалғансың ба ))
Daniar-Alan
Келесің ғо, қайда барасың