Нұрлан АЗАМАТОВ: «Жұмысың ұнамай ма, таста ол жұмысты»

Бұл кейіпкер екеуміз бір кездері өзіміз оқыған университет жанындағы пікірсайыс клубының мүшесі болдық. Кейін, пікір сайыс машығына баулып, мектеп оқушыларына, колледж студенттеріне тегін семинар-тренингтер өткізіп жүрдік. Одан соң, жазған құлдарыңыз Астана аттанып, мінберлік пікірсайысты да, қоғам үшін қызмет қылуды да қойған еді. Ал, менің әріптесім – «оппозиция лидері» (пікір сайыс форматтарының біріндегі тараптар позициясы) Нұрлан Азаматов хоббиін тап-тамаша кәсіпке айналдырып алыпты.

Блог - nurbergen_makym: Нұрлан АЗАМАТОВ: «Жұмысың ұнамай ма, таста ол жұмысты»

— Нұрлан, сен осы жасқа келгенше, берісі – Атырау облысының жастар қоғамдық бірлестіктері қауымдастығының төрағасы, арысы – республикалық маңыздағы бірнеше ұйымға басшылық жасадың. Жасыратыны жоқ, «Атыраудағы жастар саясаты» десе, сен, «Нұрлан Азаматов» десе, Атырау облысының жастар саясаты ойға келетіндей белсенді де беделді адамның бірі болдың бір кезі. Шыны керек, сені болашақта кексе шенеунік кейпінде елестетінмін. Сен болсаң, бәріне қолыңды бір сілтеп, бизнеске кеттің. Өзің «бизнес» деген соң, бизнес деп отырғаным. Әйтпесе, бұл бизнеске де ұқсамайтын сияқты… Қысқасы, неге?
— Менімен келіспеу – сенің баяғы әдетің ғой. Бірақ, менде білімім мен тәжірибем ретіндегі «тауар» бар, халықта оған сұраныс бар. Өз қызметімді оңтайлы бағамен нарыққа шығарып отырмын. Классикалық түсініктегі бизнес қой…

— Жұрт бизнестен билікке қарай жылыстай бастаса, сен неге бизнеске кеттің?
— Білесің ғой, Нұрберген, мен жастар саясатымен айналысқан уақыт ішінде мыңдаған адамдармен жүздеген жобалар жасадым. Сәттісі бар, сәтсізі бар, ол – басқа әңгіме. Мен сол уақытта жинаған тәжірибемнен бір нәрсені анық ұқтым. Адам сүйікті ісімен айналысуы керек. Жұмысың ұнамай ма, өз болмысыңа келмейтінін сезіне бастадың ба, таста ол жұмысты. «Ат басындай алтын берем» десе де, таста. Өзіңді тұлға ретінде жоғалтатының өз алдына, сен қоғамға да зияныңды келтіруің мүмкін. Күлкіңнен көріп отырмын, мұнымды «популизм» деп отырсың ғой. Бірақ, шыны сол, мен саналы түрде осы жолды таңдадым.

— Табысың қалай?
— Жалпы, қазір, инфобизнестің даму қарқыны жақсы ғой. Табысым жаман емес.

— Нақты айтпайсың ба?
— Айтпай-ақ қояйын…

— Тренингтеріңнің хабарландыруларын көргем. Курс бір айлық болса да, бағасы қымбат көрінді. Қатысушылар көп пе?
— Сен тренингтің бағасын білсең, менен дәріс алып жүргендер санына көбейтіп, бәрібір орташа табысымды біліп алғың келіп отыр ғой?! Біріншіден, адам өз-өзін жетілдіруге, соның ішінде, білім алуға ешқашан ақшасын аямауы керек деп, сенің жыныңа тиіп алайын. Екіншіден, онша қымбат демес едім қызметімнің құнын. Курстан өтетіндер күзетші не даяшы емес қой.

— Сұраққа оралсақ. Қатысушылар көп пе?
— 2012 жылдың мамыр айында алғашқы топты қабылдаған едім. Содан бері 70-80 адам өтті курстан.

— Осы 70-80 адамның ішінде, тым құрыса, бір даяшы не күзетші де болмады ма?
— Жоқ. Менің клиенттерім негізінен желілік маркетингпен, сауда-саттықпен айналысатын адамдар. Оқушылар мен студенттер де бар, әрине.

Блог - nurbergen_makym: Нұрлан АЗАМАТОВ: «Жұмысың ұнамай ма, таста ол жұмысты»

— Сен оларға не үйретесің, сонда?
— Шынымен, білмейсің бе?

— Мәселе мынада ғой, Нұрлан. Сұхбатты қағазға түсіргеннен кейін, тағы бір-екі адамға оқытсам ба деп ем. Солар үшін қызық болар деген ой ғой, менікі...
— Бір сөзбен айтқанда, көпшілік алдында сөз сөйлеген кезде алдыңа қойған қандайма мақсатыңа жету үшін қолданылатын амал-тәсілдер тізімін үйретемін. Бірақ, алдымен, осы тәсілдерді еркін қолдану үшін көпшілік алдында сөз сөйлеу үрейінен арылуды әртүрлі тәжірибелік жаттығулар арқылы үйренеміз. Тренингтің 70% – тәжірибе, 30% – теория.

— Сенің алдыңа келгенде сөйлеу былай тұрсын, көптің алдына шығуға жасқанатын адамның, курсыңды тәмамдағанда «құдды аузын ашса, ақылмандықтың қамшы салдырмас ақбозатындай ағыла төгілткен ақтаңгер парфенондықтар секілді аузын айға білеп, сөйлесе, жел өтіндегі жарлының жамаулы үйіндегі жетімнің жыларман көңілін жұбатардай жылылық есетін афиндық шешендердей қабілетке ие» болып кеткендер болды ма?
— Әрине, бәрі бірдей бір айдың ішінде үлкен жетістікке жете бермейді. Бірақ алдағы уақытта сол парфенондықтар мен афиндықтар секілді сөйлеу үшін өзін қай бағытта дамыту керектігін және оған қалай қолжеткізу керек екенің толық біліп шығады. Негізі, көп алдында сөйлеуге дағдылану кей кезде уақыт пен еңбекті талап етеді. Бірақ, әрине, курстан соң әр қатысушыдан айтарлықтай өзгеріс байқауға болады.

— Сенің де сөз саптауыңның өзгергенін байқап отырмын. Өзің де шеберлік сыныптарына қатысып жүрсің бе?
— Әрине. Онсыз бола ма?! Биыл Астрахань және Мәскеу қалаларындағы сөз өнері мектептерінің тренингтеріне қатыстым. Сосын, осы бағыттағы әдебиеттерді кеміру ғой…

Блог - nurbergen_makym: Нұрлан АЗАМАТОВ: «Жұмысың ұнамай ма, таста ол жұмысты» — Неге, Ресей? Қазақстанда жоқ па?
— Бар. Бірақ, қазақстандық тренерлер де курстарын сол Мәскеу қаласының «Риторика және ораторлық өнер» Университетінің бағдарламасымен жүргізеді.

— Олар да өзім сияқты дегің келеді ғой?
— Солай деуге де болатын шығар…

-Қасыңдағы тренерлер де солай ма?
— Ия, оларды да мүмкіндігінше шеберліктерін шыңдау, кәсібилігін арттыру курстарына жіберіп отырамын. Әзірше, өзімді қосқанда, үш тренерміз.

— Әзірше?! Демек, алға қарай кәсібіңді кеңейту ойың бар ма?
— Ия, алға қарай жастарға арналған арнайы оқу орталығын ашуды жоспарлап жүрмін. Оның ерекшелігі – мектеп бағдарламасымен қамтылмаған машықтарға баулитын боламыз. Сен «қандай?» деп сұрама, мен айтпайын. Құпия болсын.

— Жарайды. Жұмысыңа, сәттілік! Сұхбат беруге келіскеніңе рахмет!
— Саған да!

(Cұхбат барысында «күледі», «есінейді», «жылайды» деген секілді жақша ішіндегі түсіндірмелер қолданылмады...)
Бөлісу:

12 пікір

Gastarbaiter
Cұхбат барысында «күледі», «есінейді», «жылайды» деген секілді жақша ішіндегі түсіндірмелер қолданылмады...)
Пяншік

Anar70
«Сенің алдыңа келгенде сөйлеу былай тұрсын, көптің алдына шығуға жасқанатын адамның, курсыңды тәмамдағанда «құдды аузын ашса, ақылмандықтың қамшы салдырмас ақбозатындай ағыла төгілткен ақтаңгер парфенондықтар секілді аузын айға білеп, сөйлесе, жел өтіндегі жарлының жамаулы үйіндегі жетімнің жыларман көңілін жұбатардай жылылық есетін афиндық шешендердей қабілетке ие» болып кеткендер болды ма? »
sigma
Біздің баланың тойында сөйлегеніне қарап шамамен не сатып жүргенін сезіп отырмын
asaubota
сұхбат емес қой е мынау. сен ана балаға прикол ұстап отырсың ғой
Korkem
Құщт)))) жаман әзілдесетін көрінес))
MERmukhanov
Басқа барлық сұхбаттардан ерекшелігі — сұхбатталғанға деген құрмет жоқ.
Бұған жюри әртүрлі қарап, өзінше пікір айта салады. Өз дегенінше түсіндіре салады. Бәрі толерантты қарай салды. Тимур ғана бір шетін айтты да, и то ол қазір бәріне довольно.
zholantai
бұ жерде шешендікке баулитын тренер мен шешендікке баулуды қажет етпейтін шешен кездесіп қалып отыр ғо,
zholantai
демек, не құрмет болсын,
bizbike
Кеше қатыстық бұл баланың демо тренингісіне.
zholantai
и қалай енді?
bizbike
Аяғына дейін отырған жоқпыз, өйткені ауызашар уақыты болып қалды. Демо версия болған соң, көп жарнама болды.
bizbike
Маған негізі ана гипноз деген деңгейі қызық, бірақ оған басқа адамнан оқу керек сияқты.