Кәсіптің көзін тапсаң...

Блог - abzalsariyev: Кәсіптің көзін тапсаң...Ел Үкіметі орта және шағын кәсіпкерлікті барынша дамытуға ден қойғалы бері — қолы мен тілінің икемі бар, бойында қажырлы қайраты мен еңбекқорлық қасиеті бар, ақылы жетік, жаңалықты меңгеру мен игеруден талмаған, кәсіптің тілін түсіне білген біраз азаматтардың тасы өрге домаланып келеді.

Сондай азаматтардың бірі, жеке кәсіпкер — Үштеміров Арғынбай Құрманғалиұлы
Таныс болыңыздар:
Оңтүстік Казақстан облысы, Мақтаарал ауданы, Жетісай қаласының тумасы.
Алматыдағы ҚазҰУ бітірген. Үйленген, бір баласы бар.
"Үштеміров А.Қ." ЖК басшысы.
Блог - abzalsariyev: Кәсіптің көзін тапсаң...

Әлқисса:
Бір мектепте, бір сыныпты 2009 жылы бітіріп, Алматы қаласына бірге арман қуып келген досым.
"Түні әдемі" қаланың бұрыш-бұрышын шарлап, талай қызықты бастан кешірдік.
Жоғарғы оқуды бітірген соң, "Өмір" атты теңізге өз кемемізді сайлап, "Тағдыр" атты асау толқынның
пәрменімен жан-жаққа тарасып кеттік.
Ал, Арғынбай Алматыда қалып қойған еді...
Сол досымды бүгін Астананың әуежайынан күтіп алдым...

Сонымен, Арғын (Арғынбай) қал қалай? Астанада қайдан жүрсің?
Қал жағдайым жақсы, шүкір, аман-есен жүріп жатырмыз.
Дәл қазір, мына тұрған жерімде еліміздің түпкі батысы — Орал қаласынан келе жатырмын. Ұшақтан түскенім жаңа. Оралға алғаш рет баруым. Ауа райы ыстық, көшесі қалың талға оранған, Алматыны еске түсіретін әдемі қала екен.

О, жарайсың, Оралда қайдан жүрсің? (күлдім)
Білесің ғой, айналысып жүрген кәсібімнің тұрақты «географиясы» жоқ. Сондықтан, осылай енді, ұшарымызды жел біліп, қонарымызды сай білген жұмыс біздікі. Бұл жолы, Орал қаласындағы орталық жылыту жүйесінің құбырларын ауыстыруға жергілікті әкімшілік мемкелекеттік сатып алу ұйымдастырған екен, соған Мен де жұртпен қатар құжаттарымды тапсырып, жеңімпаз атандым.
«Ап, бәрекелді..»
Барған себебім де сол, вагондарға тапсырыс берілген тонна-тонна тауарларды тиеп, оларды актпен өткізіп, қолдарына төлем шотын тапсырып қайттым.

Сонда не тауар апардың?
Орталық жылыту жүйесіне қатысты жарақтар мен материалдар ғой. Жүйені толықтай ауыстырып жатыр екен. Тапсырыс берілген тауар көлемі едәуір көп болды: люктер, лендар, арматуралар, задвижкалар, отвод, вентильдер т.с.с. Жүк пойызының бір вагонын түгелдей жалдауға тура келді. Оларды барғаннан соң түсіру, қайта тиеу, Тапсырыс берушінің қоймасына тапсыру ол — Жеткізушінің жұмысы.Блог - abzalsariyev: Кәсіптің көзін тапсаң...

Е, азамат!
Осы кәсіптің көзін қалай таптың осы Сен? Қайдан, неден бастадың?

Жоғарғы оқуды бітірген соң көштен қалмай Мен де өз мамандығым бойынша жұмыс іздеп біраз сенделдім. Оңтүстігімді шарладам, Астананы араладым… Жұмыс та істедім. Бірақ… Мамандығым бойынша өзімді көрсете алмайтынымды біліп, жалпы мүмкіншілігімнің деңгейін дәл анықтап алғаннан соң, жеке кәсіпкерлік саласына қызыға бастадым.
Алғашында, кәсіпкерліктің қатал заңы талап ететін Менде қаражат та тәжірибе де болған жоқ.
Алматыдағы майда шүйде темір терсек сататын «Тұлпар» базарында сатушы болып жұмыс істеп жүрдім. Қытайдан тауар әкелетін жігіттермен қосылып Мен де тәуекел етіп барып қайттым. Жаман болған жоқпын. Алғашқы тапқан табысым әлі есімде.
Еліміздің әл-ауқатының жақсарғандығы болса керек Мен айналысатын дәл осы саладағы тауарларға деген сұраныс соңғы 10 жылдықта күрт артты. Республикамыздың барлық қалаларында жылыту, су құбырлары, канализация жүйесі жаңартылу үстінде. Бұл деген кәсіпкерлерге үлкен мүмкіндік. Арзан бағадағы сапалы тауармен жабдықтау — бұл Жеткізуші ретінде сенің тарапыңа қойылатын ең алғашқы шарттар. Мен осы салаға бет бұруымның басты себебі де сол.
Блог - abzalsariyev: Кәсіптің көзін тапсаң...
Байқап тұрмын жұмысың ауыр заттармен байланысты екен. Жалпы қалай жүріп жатыр кәсібің?
Ақырындап. Тапсырыстар әр түрлі қалалардан түсіп тұрады. Осы кәсіппен айналысып жүрген 3 жылдың ішінде Қазақстанның барлық қалаларын аралап шыққандаймын. Құдайға шүкір, тапсырыстар толассыз түсіп жатыр. Қазір Алматының 2-3 базарында сауда нүктелерім бар. Арнайы тапсырыстарға және мемлекеттік сатып алуларға қатысып тұрамын. Бағалық ұсынымдарымды бірқалыпқа келтіріп, оны жүрген жерімде таратып жүремін. Әзірше команда жасақтау үстіндеміз, сондықтан мекемемнің заңгері де есепшісі де, жарнамашысы да — Өзім.

Тауарларды қайдан алдырасың?
Тауардың басым көпшілігі көрші Қытайдан әкелінеді. Ондағы тауардың ассортименті көп және көңілге қонымды сападағы тауарды таңдап сатып алуыңа мүмкіндік бар. Үрімші, ішкі Қытайдан тауар тасимыз. Орекеңдердің де біраз саудасын жүргізудеміз. Кедендік кедергілердің аз болуы — ортақ тауар айналымының артуына ықпал ететін секілді. Біршама қызықты ұсыныстар түсіп жатыр: Новосибирсктің «Обский Лен» зауыты, Мәскеудің жанындағы «Брянск Экострой» мен Татарстандағы «Казанский арматурный завод» компаниялары, Челябинскідегі «Полимерный системы» сияқты біраз кәсіпорындармен тығыз байланыстамыз.
Блог - abzalsariyev: Кәсіптің көзін тапсаң...
Айына қанша қаражат пайда табасың?
Ол коммерциялық құпия (күлді). Шынымды айтсам отбасыма түгелдей жетеді, туыстарыма жәрдем беруге шамам келеді. Алматыда үйім, көлігім бар. Негізінен, кәсіпте ақшаңды үйде сақтап отыра алмайсың, бұйырғанын қайырып алып жаратып, қалғанын түгелдей тәуекелмен айналымға салып жіберемін. Мұндай бизнесте ақшаны үнемдеп, бір-біріне жатыстырып отыратын "қаржылық" сауаттың қатты керек екені рас.

Бұл салада әрине бәсекелестерің бар шығар. Олармен қалай жұмыс жасайсың? Қандай артықшылықтарың бар?
Бәсекелестерім бар. Жұмыс барысында әртүрлі жағдайлардың бастан кешесің. Бәсекелестеріңнің жөні бір бөлек, Тапсырыс берушінің сұранысын қанағаттандыру үшін талай жүгіресің. Әрине, тауардың сапалы болуынан бөлек, оның түрлі ілеспе құжаттарын туралаудың өзі бір ғаламат іс. Техникалық паспорты, сәйкестендіру сертификаты, кепілдігі, техникалық сипаттамасы болмаған тауарды ешкім де қабылдамайды. Бұл райда кәсіп жүргізу ұқыптылықты үйретеді әрі үнемі талап етіп отырады. Тапсырыс берушінің көңіліне сенімділік орнату керек. Яғни «жауапкершілікте болу» ол әуелі өзің үшін азық, Тапсырыс беруші үшін ыңғайлылық және кез-келген бәсекелестікті жойып жібере алатын сұмдық күш.
Блог - abzalsariyev: Кәсіптің көзін тапсаң...
Тапсырыс берушімен жылы қабақта, жағымды тонда әңгіме дүкен құра білудің өзі өнер. Телефонмен де жүзбе-жүз кездескенде де Жеткізушілердің басты қаруы — ол тіл, яғни қарым-қатынас орната білу қабілеті.
Осы уақытқа дейін маған Тапсырыс берушілерден ешқандай шағым түспеді десем алдамаған болар ем. Себебі кіріскен ісіме аса жауаптылықпен қарағанды ұнатамын.


Арғын, Сен енді осы салады біраз жүріп біршама тәжірибе жинақтап қалдың, пістің де күйдің де, құлап қайта тұрған кезің де болды. Мен оқу бітіргелі кеңсенің жұмысына келдім, міне содан бері әлі сондамын. Кейде мұндай ахуалдан жалығып, "өзіңе өзің" принципімен бір кәсіптің көзін тауып, бастағың келеді. Не айта аласың маған?
Барлық атқарылар істің негізгі тірегі ол нық сенімділік пен тәуекелшілдік деп ойлаймын. Басында әрине түрлі дауылға төтеп бере алатын «иммунитетің» болмауы мүмкін, бірақ соған көндіге білген жөн. Сабырлылық та бойдан тастамай ұстайтын қару болуы шарт. Бастаған ісің баянды болуы үшін — тәжірибеңді молайтуға тиіссің. Үнемі еңбекқорлық танытып, ашкөздікті жойып, бойыңда жақсы адамның мінезін қалыптастыруға тырысу керек. Алдау, арбауға бой алдырмау, ұқыпсыздық, жауапсыздық секілді жағымсыз дүниеге әуестенбеген жөн. Өзімнің де әлі кәсіпкерлік саласынан аларым мол, берерім бар.

Ең басты қағида — қандай да бір кәсіптің көзін тапсаң одан айрылып қалмау. Барыңды сал, тартыс, ойна, күрес, әйтеуір, сол саланы меңгеріп таста. «Бағың шапқан» сәтті сезіне біл және қандай күш жұмсасаң да сол кәсіптің тізгінін ұстап қалуға ұмтыл.


Қандай тілегің бар енді? Арманың не?
Қазақстандық өнім шығару! Бізде тұтыншының ауқымы бар, аз да болса. Елімізде шығарылған өнімге сұраныс өте жоғары. Қарапайым ғана заттардың өндірісін қолға алғым келеді. Одан қалса көрші одақтас елдермен де сауда аймағымыз кеңейіп жатыр. Солардың сұранысын қанағаттандыратын ұсыныстар шығарғым келеді. Жоспарым көп. Ойымда пісіріп жүрмін әзірге. Алдағы уақытта қиялымдағы өнімді жасап шығаруға ынталымын. 3 жылдан соң өтетін КӨРМЕге де ұсынар тауарымның ойдағы нобайы дайын. Сәтін салса алдағы уақытта кәсіпкерлігімнен көп үміт күтемін. Күндіз-түні соның жолында тынбай еңбек етудемін.

Ақыл-кеңесіңе рақмет. Өзіңе сәттілік тілеймін бауырым. Жас күніміздегідей, бұл салада да иық тіресіп бірге жүруді жазсын. Әрдайым жолың ашық болсын!
Рақмет бауырым.
Блог - abzalsariyev: Кәсіптің көзін тапсаң...

Жарнама ретінде: Сіз тұрған мекенде, не өзіңізге осындай тауарларға қажеттілік туындап жатса — Хабарласыңыз
Бөлісу:

1 пікір