Қарбыз көктем

Бесінші сыныпта оқимын. Мен ес білгеннен бері мақта егіп келген көкем 2002 жылы шала бүлінді. Ақпанда базардан орамадағы пленка мен қалбырдағы тұқым сатып әкелді. Орама пленканың салмағы 15-20 келі тартса, қалбыр ішінде 10000 дана тұқым бар. Сондағысы, под пленка қарбыз өсірмек… Под пленка деген сөзді түсінгенім болмаса, оның астында қарбыз қалай өсіретінін елестете де алмадым.
Ал сол кезде...: Қарбыз көктем
Ал сол кезде...: Қарбыз көктем

Көктемді күттім. Наурызды өткеріп болған соң, үйден 100 метр қашықтағы жарты гектар жер жыртылды. Тырма жүргізіліп, жүйек салынды.
Ал сол кезде...: Қарбыз көктем
Ал сол кезде...: Қарбыз көктем
Ауылдағы под пленка қарбыз егетін аз диханның бірі біздің үй болғандықтан, ет жақынды шақырып, жүйектің жалына тұқым салатын ұя қазып, әр ұяға қарбыздың екі тұқымынан тастап, үстін бір уыс топырақпен жауып, жүйек бойлата ұзынынан пленка жүргізіп, жарты гектар жерді екі күнде еңсердік. Шашым тікірейіп, қазандай басымды көтеріп, көптің арасында мен де жүрдім. Сәуір осылай басталды.
Ал сол кезде...: Қарбыз көктем
Арада 4 күн өткенде алғашқы өскіндер топырақты жарып шығып көріне бастады. Буланған пленканы шертіп жіберіп, шағылысқан күн сәулесін қолмен қалқалап, ұяшыққа үңілемін. Жап-жасыл өскіндер қылтиып тұрады. Көңілді қуаныш кернейді. Осы өскіндерден енді бір сексен күннен кейін салмағы 15-20 келі қарбыз пайда болатынына сенгің келмейді. Бірақ, болатыны анық…

Күннің көзі қыза түскен сайын, жер мен көкті бөліп тұрған пленка да топырақтың температурасын жандыра түседі. Өскін шыққан соң, апта уақыт өткенде суғаратын мезгіл де жетеді. Бас арықтың бойымен әр жүйекке су жайлап, пленка үстімен заулаған суға қарап, мәз-мейрам боламын. Пленканы әр екі метр сайын ағашпен тесіп шығып, суды жерге өткіземіз. Өскіндерге екі апта уақыт болғанда, ұзындығы бір метрлік ағаштың басына екі жүзді ұстараны байлап, әр ұяшықты бір-бірлеп тіліп шығасың. Қиындығы жоқ. Тесу мен тілу маған жүктелді.

Бірінші су беріліп, пленка тілініп, күннің көзі жерді жандыра түскен сайын, өскіндер де жапырақ шығарып, ұясына сыймауға айналады. Тілімдерді қолмен кеңейтіп, тағы да суғарды. Өскіндер жыртылған пленкадан қылтиып сыртқа шыға бастаған уақытта Құралайдың желі соғып, жаңбыр нөсерлетіп өтеді. Осыны күткендей-ақ, жер кебісімен, әр ұяшықтағы екі өскіннің әлсізін қайшымен кесіп алып тастайды. Мұны да мен орындадым. Артынша әр ұяшықтағы іріктеуден аман қалған өскіннің түбіне топырақ үйіп, пленкасын бастырып шығады. Бұл қарекетті ауылдастарды шақыртып ақыға істетті.

Өскіндердің жапырақ саны көбейіп, бес-алты құлақ болған кезде аммиак селитрасы беріледі. Ұяшықтағы өскінге бір қарыс жеткізбей үшкір сүйменмен жерді тесті. Тесіктерге бір ас қасық аммиак селитрасын құйды. Суғарды. Ересектер атқаратын шаруа. Тамырына азот барып, қуат алған өскіндер жайқала түсті. Пәлек жайып, бір жағына құлады. Гүлдеп, түйнек байлады. 25-мамыр келіп, оқу жылы аяқталып, мен алтыншы сыныпқа көштім. Бұл 2002 жылдың көктемі болатын.
Ал сол кезде...: Қарбыз көктем
Ал сол кезде...: Қарбыз көктем
Ал сол кезде...: Қарбыз көктем
Ал сол кезде...: Қарбыз көктем
Ал сол кезде...: Қарбыз көктем
Ал сол кезде...: Қарбыз көктем

Бүгінде...
Біз қарбыз еккен жылдан кейін Қаражантақтың тұрғындары мақтаны қойып, бірте-бірте қарбызға көше бастады. Қарбыз өсіру тек күнкөріс көзіне емес, кәсіпке айналып шыға келді. Қарбыз өсірмеу — ауылдан бөлектену деп қабылданатын болды. Жер жыртылып, тұқым топыраққа түсіп, қарбыз пісіп, камаздарға артылып, сатуға жөнелткенге дейін ауылдастарымның жатса да, тұрса да айтатыны тек қана қарбыздың жайы. Қолына кетпен ұстай алатынының барлығы наурыздан шілдеге дейін поляда.
Ал сол кезде...: Қарбыз көктем
Ал сол кезде...: Қарбыз көктем

Қаражантақтың жері қарбыз өсіруге қолайлы. Бас-аяғы 2 мың гектарға жуық аумақта қарбыз өсіріледі. Сырттан келіп, Қаражантақтың жерінде қарбыз өсіріп жатқан жұртшылық қаншама…
Бүгінде қарап отырсам, осыған дейінгі өмірімнің жеті көктемі «пленканы аяғыммен басып кетпейін, тесіп алып жүрмейін» деп қауіп етумен, жүйектен-жүйекке аттаумен өтіпті.

Дерек:
Қаражантақ елдімекені — Арыс қаласына қарасты Дермене ауылдық округінің құрамындағы ауыл. Көксарай су қоймасы мен Бөген су қоймасының ортасында орналасқан. Ауылда 100-ге жетер-жетпес түтін бар.
Ал сол кезде...: Қарбыз көктем
Ал сол кезде...: Қарбыз көктем

Ауылдың жанынан Арыс-Түркістан каналы өтеді. Егістікке қажетті суды осы Арыс-Түркістан каналынан алады.
1967 жылы пайдалануға берілген каналдың жалпы ұзындығы — 194 км. Канал — Арыс және Түркістан деп аталатын екі тармақтан тұрады. Арыс тармағы Арыс өзеніндегі Қарааспан су бөгетінен басталып, Бөген бөгеніне құяды. Ұзындығы — 51 км. Секундына 15 м3-ге жуық су өткізеді. Түркістан тармағы Бөген бөгенінен басталады. Ұзындығы — 145 км- ге жуық,
Ал сол кезде...: Қарбыз көктем
Ал сол кезде...: Қарбыз көктем
Ал сол кезде...: Қарбыз көктем
Бөлісу:

123 пікір

Gastarbaiter
Гектарник епті, тапа лібәймайдтың, селитраларын қайдам, кетпендеріңе күш берсін!
Соңғы түзету:
zholantai
піссінші, аман болсам, өзіңе дарбыз жеткіземін,
Gastarbaiter
Амансың ба, гектарник? Дарбыз қайда?:*))
zholantai
аманмын,
Дарбыз қазан болды.
Ал мен саған жеткізе алмадым, уәдем орындалмады, және осы үшін айыптымын, ұялып та жүрм өзі
zholantai
айтпақшы dark_nazgul дің қаһарына ілігпейнч деп қарбыз деп далбасалаған едім, дарбыз деп ауыстырып шығайын ба? қалай ойлайсың?
Соңғы түзету:
rakisheva
Керемет! Арбуздың өсу жайында біраз ақпарат алдым! Рахмет ^_^
Қарбыз өсірмеу — ауылдан бөлектену деп қабылданатын болды. 
дегені приикол XD
zholantai
расымен де қарбыз екпесең, темадан қалып қоясың, ешкіммен сөзің жараспайды
Korkem
)))) қарбыз))
zholantai
қарбыз болсын ба, дарбыз ба, айтшы?
rakisheva
Мен айтайынш  Екі аударма да ұнамайды. Бірақ қарбыз деп тұрғаны дұрыс.
zholantai
оңтүстікте арбуз деп айтса, дарбызды тіке айтушыға қарата атады)))
zholantai
негізі, маған да ұнамайд, бірақ ортаға қатысты үш түрлі айтамын,
007
Керекті ақпарат екен
AKA
Пайдалы жазба! Осы типтес жазба жазғым кеп жүрген, сапалы контент болған соң өзгелер бір ақпарат алуы керек қой деген оймен.
MamaAya
Джонниии))) Менің жазғы сүйікті асым ғой бұл!!! )))) Жақсы көрем Дарбызыңды да, Сені де, Сенің Туған жеріңді де!!!))) Табысты, өнімді болсын!!! Миллион бұйырсын!!!  Алғааа!
Daniar-Alan
Өсірген дарбызыңды, кейінгі балдызыңды, қисық-қисық көшеңді, мұржасы қисық пешіңді… сүйейін деЩ
MamaAya
а сенің шатағың болмасын!
zholantai
жаным әншейін, Әмин, бүкіл Қаражантақ үшін дарбыздың бағасы маңызды, сол жылғы көңіл күй де, үйлену, үй салу, көлік алу, той жасау барлығы, барлығы сол дарбыздың бағасына байлаулы,
bizbike
Қазақстанға мұнайдың не доллардың бағасы секілді ме?
zholantai
аман болсам, менің ауылымның дарбызын жеткіземін өзіңе, адал астың дәмін татқызамын,
MamaAya
Құдай қаласа!!!))))
temir1986
Жолантай тума. Мынауың тамаша екен. Рахмет, қарбыз өсіруден біраз кеңес алдым.
serjan
Суреттерді қайдан алдың? әлде сол кезде түсірдің бе?
zholantai
жазбаның басынан соңына қарай санағанда 1, 2, 3, 4, 5, 12,13 фотоларды жазба жазылатын және жарияланатын күні інім ауылдан телефонына түсіріп, жіберді. 6,7,8,9,10,11 фотолар 2012 жылы өзім түсіргенмін.
Неге онда 2002 жылғы оқиғаны баяндап, кейін түсірілген фотоны салып отырсың деген сұрақ пайда болса, жауап мынау: ол кезде фотоаппараты бар телефонды ұстамақ тұрмақ, көрмеген уақыт, кірпіш нокиа да жоқ болатын ауылда. Бірақ, біздің ауылдың әр жылғы көктемі осылай өтеді. Қарбыз да дінінен жаңылмай, осылай өседі. Өсіру әдісі де жылда қайталанады.
temir1986
Жолантай тума! 0,5 га жерге қарбыз еккім кеп отыр, скважиннен суарсам қалай болады. сосын қанша шығын шығады оған? Жауап жазшы!
zholantai
бұл сұраққа Dzhonsaken екеуміз жабыла жауап берелік.
скважинамен суғарғанда мотор арқылы ма? әлде скважина суы өздігінен самоток сияты шығып тұрады ма? өйткені, дарбызды 2 тәулік бойына үзбей суғаратын кездер болады. сол кезде мотор бұзылып, су болмай қалса, шатақ. жарты гектарға 100 мың теңгедей кетеді. енді оның күтіп-баптау жұмыстарын ақыға, не ақысыз істеуіңе, істетуіңе байланысты.
temir1986
Ассаламаликум. Скважинадан мотор арқылы. Жер жырту, тырмалау арзанға түседі маған. Маған күтім жұмыстары түсініксіз боп тұр. Суару әдістері. Тыңайтқыш қанша керек. Жер тың. 2 тәулік суару деген қалай?
Erkekyz
Менің де папам бір кездері қарбыз (әлде дарбыз?) егумен айналысқан. Көп айналыспады. Ең алғаш 2003 жылы егіп көрді. Содан 2008 жылға дейін айналысты. Кейін қартайдым деп қойды ғой. Жердің жақсылығынан ба, әлде папамның ептілігінен бе, азғантай жерге еккен қарбыздары берекелі болатын. Аяқ жағында тіпті ептей алмай тастап кететін)))).
Содан бері әлі күнге дейін тура папам еккендей қарбыз жемедім. Мүлдем! Ондай дәмді қарбыз жемедім. Сіздердікі піскен соң біздің ауыл жаққа да алып келіңізші, а?))
zholantai
Қарбыз өсіру — ыждағаттылықты, шыдам мен төзімді қажет етеді. 5000-10000 ұяға күтім жасау оңай емес. Тастап кететіндер болады.
Әрине, өзің баптап, өзің өсірген қарбызға ештеңе жетпейді. Еңбек етіп, тер төгілген соң. Сіздің ауыл қай жақтан, Erkekyz ?
Erkekyz
Мақтаралда ғой. Өзіміз Асықатада тұрдық, ап папам қарбызды Жетісай жақта, Мақталы жақтарда екті. Қазір Шымда тұрып жатырмыз.
zholantai
Шымдағы Алаш базарға біздің ауылдың қарбызы келеді, жазда бір еске салыңыз, хабардар етемін
Erkekyz
Міндетті түрде! Рахмет! )
konyrat
Еркекыз Кировта кай мектепте окыдын?
Erkekyz
Абай(кейінгі Асықата) мектебінде оқыдым.)Өзің?
konyrat
Райхан сен ба?
zholantai
ужс, тауыпалд,))))))))))))
Arys_arlany
суреттер архивтен алынған сияқты )))) біз 2006 жылы егіп едік под пленка. Күні толмай жатып қарбыз жеуді өзіміз бастадық. Розовый қарбыздан. Бірақ, шибөрілер сырты көкпеңбек қарбыздың іші қып қызыл екенін қайдан біліп алатынына таңым бар, азанда тұрып араласаң басы сиятындай тесіп алады да, ішінің бәрін қырып жеп қояды )
zholantai
біздің ауылда шибөрі емес, борсық және сарышұнақ жауластық етеді. Шибөрі көп келмейді, поляға. Айтпа, розовый қарбызды талай жедік,
Nurgisa
Дарбыз сатып алғасын сол бойда екіге бөліп, біреуін тоңазытқышқа қоямын. Салқын күйінде жұмсақ лепешкімен ұрып жеу ұнайды. Дәстүріме берікпін.
MamaAya
ке-ре-мет!!!

Тек ортасын ойып жеп кететін біреу бар бізде(((((
zholantai
уау, ал біздер ауылда дарбыз піскенде поляның басында таңертеңімен бірнеше дарбызды жұлып әкеліп, көлеңке жерге, не суға салып қоятын едік. Күн ысығанда поляда жатып қызып кетпесін деп. Ал, кейін қалаға келген соң, көп дарбыз жеп үйренген асқазан, сатып алуды құп көрмей, не жемей, қиналыңқырап жүретін.
Сосын ауылда дарбызды жеп отырып, бір шетіне үйде піскен таба нанның тілімін батырып қойып, дарбыз суын сіңіріп, жеу де кайф еді.
Эхх,
ken
егістік басындағы шәйләда отырып, дарбызды жерге бір ұрып жарып, ортасын алып жейтін кездер еске түсіп кетті
zholantai
ооооо, ken сен де өзіміздің адам екенсің ғо, дарбызды пышақ, қасықпен емес, жерге ұрып қолмен жейтін, ауылың қайдан?
ken
Сарыағаш жақта. Ол жаққа тек жазғы каникулда баратынмын, бәрі пісіп дайын тұрған кезде.
zholantai
ай, ай жүгермек, дайын асқа тік қасықпын десейш))))))
Dzhonsaken
Биыл жауын-шашын көбейіп, под пленка егілген қауын мен дарбыз шіріп кетіп жатыр. Дуга қылып еккендердікі дұрыстау. Биыл бақша өнімдері жылдағыдан кешірек болады деп күтілуде.
zholantai
біздің ауылда жаппай егу енді басталады, Дуга қылып екпейд бізде. Жақсы ғо ол, ну шығыны екі есе, күтімі де көп.
Dzhonsaken
2013-те қаншадан өткіздіңдер поляның басынан? Бізде ең төменгі баға 6 (алты) теңге болды.
zholantai
иә, өткен жылы баға қиқым болд. Өткен жылы неше теңгеден өткізгенім есімде жоқ. 12-13 теңге болд ау дейм, ұмытпасам.
Dzhonsaken
Алатын клиент таппай жынды болдық қо…
zholantai
клиент табылмау деген жаман ғо, 80-90 күн күтіп-баптап, енді піскенде сата алмай қалу деген давление қылад ғо, адамды
zholantai
Астанада едім, поляның басында болмағандықтан, жадтан өшіп кетіпті
zholantai
әйтеуір білетінім соңғы газельді 32 мыңға бергенбіз, дөң саудамен
zholantai
мен сол соңғы жүйектер қалған кезде келдім Астанадан
bizbike
алты теңге? алты теңге? Алла, алла, бізге жеткен ше елу болады ғой, одан аспаса.
zholantai
поля басынан 3-4 теңгеден де сатылады, алушы болмай, дарбызлың мезгілі өтіп бара жатса, дарбыз піскен соң ұзаса апта шыдайд, сосын күн жеп, жеуге жарамай қалады. шілденің күні бұзып жібереді.
бізге жеткен ше елу болады ғой, одан аспаса.
Сіздің ауыл қай жақ?
bizbike
Біздің ауыл Атырау, Ақтөбе, Орал. Неге өздерің сатпайсыңдар осында әкеліп, алып-сатарларға пайда көрсеткенше, әлде тасымалдаудың да шығыны көп пе?
zholantai
оған дарбыз артатын жүк көлігі қажет, яғни камаз. екіншіден, дихан қайдан саудагер болсын. базарға кіру, сату, өткізу дегендер оңай емес, қарапайым шаруаға. сондықтан үйнеріп, әккі болып алған алыпсатарлар екі ортада пайда көріп жүр
zholantai
дұрыс айтад, «Негізі диханға поляның басынан берген тиімді. Ал артып кетуге тәуекел керек.» © Dzhonsaken
Dzhonsaken
Біздің Мақтарал енді Қауынарал болып жатыр. Елдің бәрі қауын егуде. Былтыр дарбыздан зиян шектім. Биыл грунтовка дарбыз егем ба деп отырмын. Баға дұрыс болатын шығар, оның үстіне шығын да аздау…
zholantai
негізі биыл да под пленка дарбыз еге берген дұрыс па дейм, өйткені өткен жылы баға төмен болса, келесі жылы жұрт екпей қойып, дарбыз жетпей, сұраныс көбейіп, баға өсіп жататыны бар ғо. ну өткен жылы қауын бағасы айқайлады ғо
Dzhonsaken
Ойың дұрыс. Бірақ дәл осылай ойлап, «биыл ешкім екпейді» деп, егетін адамдар шоғыры бар сияқты. сол үшін грунтовка ұрам ба деп отырмын. Диханшылық карта ойыны болды ғой…
zholantai
жер жақсы болса, грунтовка да егуге болады. біздің ауыл грунтовка екпейд. под пленка егіп, біріншісін артып жіберген соң, екіншісіне тағы да су қойып, пәлегін шауып тастап, қыркүйекте тағы артады. Айтпа, шахмат ғо,
Dzhonsaken
5-ші фото қазіргі уақыттағы сурет қой. Сонда нешесіне еккенсің?
zholantai
біздің поля емес, көршіміздікі, 3 сәуір еккен ау дейм, енді бастаған ғо, біздің үй 10-нан кейін егеді
Dzhonsaken
Дұрыс 10-нан кейін еккенің. Әлі жер қызған жоқ. Өрік әлі гүлдеген жоқ қо. Одан кейін сендерде еккеннен кейін дәнді тышқан жеп қоймай ма?
zholantai
жеп қояд, шағып шағып тастайд, еще әр қайталап еккен сайын шағады ғо, шіркіндерің, не пәлесі бар екенін, бірінші рет еккенің шықса шықты, шықпаса екінші үшінші еккендерін тышқан қоймайд.
Dzhonsaken
Оған әр жеріне карбид тастап шықсаң тыщқан жоламайды деген құпия амал естідім. Рас-өтірігін бір қойым біледі бірақ…
zholantai
қайдам, тышқанға амал таппадық
Dzhonsaken
Валютчик-алюминщиктің бәрі дихан болып кеткен ба?
zholantai
айтпа, ауылдың тұрғындары түгел дихан, диханшылық жағатыны, жақпайтыны бар, әйтеуір дихан.
zholantai
өткен жыыл гектарынан қанша тонна шықты?
Dzhonsaken
Былтын бір нәрседен қателік кетіп, урожай онша болмай қалды. Негізі гектарына 35-40 тонна беретін жер еді. Былтыр 15 тоннадан әрең айналды
zholantai
гектарынан 15 тонна болса нашар болған екен
Dzhonsaken
Иранкский пленкалар дефицит болып жатыр ма?
zholantai
иранскиймен екпей қойд, қымбат, бір жағынан көп кетеді. Китайский тиімді ғо, бәрі сонымен егеді
afrodita
Шымкентте қарбыздың бағасы су тегін шығар?
Dzhonsaken
Қазір тегін ештеңке қалмады ғо қарындас…
afrodita
Базар бағасы қандай болады сонда?
zholantai
емес, Алашта келісі 18-19 теңгеден басталған өткен жылы Алашта
Соңғы түзету:
Dzhonsaken
Тамшылатып суғару деген нәрсені пайдаланып көрмедің бе?
zholantai
жоооооқ, оған әлі жетпедік
инновация деген дүние біздің ауылды айналып өтеді
Dzhonsaken
Мен биыл тамшылату арқылы бір дақыл егіп жатырмын құдайқаласа…
zholantai
ооо, еңбек жансын, тамшылатып суғаруға мән бере алмай жүрм, негізі біздің ауылды да соған үйрету керек, ертең жаз шыға суға талас басталады
Dzhonsaken
Кеше установка жасап, сынақтан өткіздім. Әзірше ақау шықпады. Жаман болмайтын сияқты.
zholantai
ого, күшті ғо, тәжірибеңді осында жаза отырсайш, әр күні жасаған әрекеттерді, пайдалы болады деп ойлаймын, мысалы маған қызық, өйткені поля басына барып, көруге уақыт шыға бермейд, интернет, тағы бірденелерден оқып алған, жанды шықпайд, темадан алыс
Dzhonsaken
Сөйтсем ба деп отырмын. Арнайы тақырып ашсам артықтық етпес. Суретке түсіріп, не істегендерімді жаза отырайын.
zholantai
иә, иә сөйтсең қатып кетеді, ұғынықты тілмен шуілдетсең
Dzhonsaken
Жарайды тамыр. Тәжірибе бөліскен жақсы ғо. Мүмкін менің жұмысыма оң пайдасын тигізер кеңес айтушылар табылып қалар…
zholantai
әрине, себі тиеді, қазақ тілінде шаруаға ұғынықты етіп жазылған дүние аз ғо,
ken
бір жылдары бәрі темекі егіп кетіп еді. қазір екпейтін болған ба?
zholantai
біздің ауыл екпеді
Dzhonsaken
Сарыағаш-Абайда әлі егеді ғо…
FIFA_UEFA
Сарыағаштың қарбызы
FIFA_UEFA
)))
zholantai
мынау камазға алынбай, поляда қалып қойған дарбыздар ғо,
Dzhonsaken
Камаздан қалғанын газельге 10 000 (он мың) теңгеге әрең өткізіп, үйге келіп тапшанда шәй ішіп отырсаң, бір газель келіп тұрады «брат, дарбыз тауып берші» — деп…
bizbike
Неге камаз алып, өзіңіздің қарбыздарыңызға қоса ауылдастарыңыздың қарбызын алып базарға сатпайсыз? Көбрек пайда түсетін еді ғой.
Dzhonsaken
Негізі диханға поляның басынан берген тиімді. Ал артып кетуге тәуекел керек.
zholantai
айтпа, штуктеп аламын, өйтіп аламын, өзім артып аламын, тауып берш деп зайып ал қылатын еді, барыңды арзанға сатып, ит болып отсаң
Dzhonsaken
Айтпа тамыр! Күйіп кетесің ғо. Бір апта кеш немесе ерте егуім керек екен ғо деп өкініп отырғаның…
zholantai
да, да, да өзің сатып қойып, өзіңнен кейін артқандардың қымбатқа өткізгенін көргенде, күйіп кетесің ғо, кең поляға сыймай
zholantai
біздің ауылда көбісі екі гектар егеді, бірін ерте, екіншісін кеш қылып, сонда да дарбыз күн ысыса теңесіп кетеді ғо, арадағы 10-15 күн айырмаға қарамай
Abilakim
Қаауынға қарағанда қарбызды жақсы көреді екенмін өз басым.
zholantai
қауынды үнемі жей алмайд адам, беті қайтып қалады бір тойып жесе, ал дарбыз сіңіп кете беред,
MamaAya
Мен екінші баламды босанатын айда ғой 2 апта бұрын өзбектен Белые водыдан әкелетін, үлкееен-үлкеен екеусін алып, ішім де үлкен, кезек-кезек тасып 4-этажға шығардым, әрең. Біраз уақыт холодильникке қойдық, сонымен жатарда жеп жатқанбыз.))) Таңертең күйеуіме кофе дайындап жүргем, басым айналыыып-айнылып қояды.))) Бір кезде теңселіп ваннаға бардым, құстым, и ары қарай денем ұйыдыы ма, құлағым естімей қалды мааа, күйеуім шок болған, скорая келіп реанимацияға апарып тастаған, Капельницалар, кислород, палатада УЗИ, КТГ баланы тексеру, маған уколдар,,, мәәәә, сөйлегім келеді, бірақ мүмкін емес қой.))) Сондай трагедия болған.))) Невропотолог — на нервной почве деп кетті, гастроэнтеролог-Острый Панкреатит деді,,, Терапевт — Малокровие деді, негізі пищевое отравление деп апарған ед, бірақ олай болмай шықты. Определенный диагноз қойылмады әйтеуір. Енді жемеспін деп шықтым да, шыдай алмай қайтып алып жей бердім, аж босанатын күні толғатып жүріп «Ай, ай, ай» деп тұрам да, тоқтай сала ұрып жегем ғой. Қарбыз деген мен үшін- керемет ас, сусын!!! тоясың да, шөлің де қанады. Тезірек піссе екен)
zholantai
80 күн қалд, біздің ауылдың дарбызы пісуіне,
Aya
Толайым еңбек екен ғой. Бірақ маған онша ұнамайды қарбыз. Сары қауынды жақсы көремін.
Ispek92
АлЪбениді ше?
Aya
шоколадты айтасың ба? Жақсы көрем, әрине
ken
Ш = C

Bıltır da darbız ektiñder me? Önim men qarjılay tabıs qalay boldı eken, cegirtke qaptadı dep jatır edi?
Bıyıl ne istep jatırsıñdar?
zholantai
былтыр да ектік, биыл да ектік. үзбей егеміз.
былтыр өнім тәуір болды, бірақ баға оңбады, тиынға кетті.
шегіртке қаптады. жеп кетті біразын
биыл да шегіртке көп
мына сюжетте былтырғы шегіртке қаптаған көрсетілген
сюжеттегі адамдар ауылымның дихандары

www.facebook.com/zhanibek.nurish/posts/1031223100297299
ken
Körip cıqtım. Bıyıl da köp bolsa qıyın eken — qatarınan eki jıl.