МұхШЕР. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ, ҚАШЫП КЕЛДІ!

Блог - Satira: МұхШЕР. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ, ҚАШЫП КЕЛДІ!Көршімнің көздері алақандай, көзінің қарашығы тарақандай болып, үйге жүгіріп келді:
--Кеше кеткен қызым күйеуінен қашып келе жатыр, енді қайттім? Масқара болдым ғой!—деді. Далаға шығып, көшеге көзімді «қыдыртып» жіберсем, келе жатқан көршімнің қызы емес, өзімнің өгіздей қызым! Қуанып кеткен көршім, «Қателескеніме шүкір! Қызың қашып келді, құтты болсын!»-- деді де, кетіп қалды. Шынында, қызымның байдан қашып келгені рас болып шықты.
--Қайта шапқан қабан жаман, қайтып келген қыз жаман. Ия, неге қаштың?—деп сұрадым мен.
--Ұя бейеді..--деді қызым.
--Кім?
--Жекеменшік байым…
--Ойпырмой, біздің шықпаған жанымыз-ай! Осы әкең ай сайын ұрып тұрмаса, ұнжырғам ұн болып, арқам құрысып кетуші еді. Сонда не дейді?
--Шақаушың дейді…
--Бір балалы болғанша үндеме дедім ғой! Сақау екеніңді қалай білдіріп қойдың ойбай?
--Өжі ғой…
--Немене, өжі ғой?
--Той өткен соң төшек сал дейді…
--Е, салмадың ба?
--Бұйын ейкектің қашына кім жатип көйіпті? Би түйлі қойқып, енемнің қойнына қойып кеттім…
--Күйеуің күтірлетіп жеп қояды деп пе едің?
--Ұйқышы жама-ан. Түнде қойылдайды. Тула тлактл шияқты…
--Күйеуің ұрса, қаматып қоймайсың ба? Сондай заң шықты ғой!
--Ұйғанын дәлелдей аймаймын ғой.
--Неге?
--Жатқыжып қойып, табанымнан тебеді…
--О, оңбаған күйеубала! Жарайды, ұрыпты мейлі… Ұрса қашып келе бересің бе?
--Өжі ғой.
--Немене өжі, өжі?
--«Жұмитқа жұтып алғаншың ба, не? Неге үндемейшің?» деп башымнан шалып қалды. Мен бетін тинап алдым! «Аптиамайт, атаңа нәлет!» дедім.
--Жүдә қатырыпсың!—дедім қызымның басына салып қалып. Артынша көрші әйел жүгіріп келді:
--Құт… құттықтаймын көрші, тағы бір қызың қашып келді!
Шынында рас екен, Алматыда тұратын ортаншы қызым сүмірейіп келіп тұр. Көрші әйел: «Ойбу-у, нан ашытып қойып едім!» деп кетіп қалды.
--Әй, сен неге қашып келдің?—деп сұрадым мен.
--Өжі ғой...—деді қызым бұртиып. Бұл да сақау болатын.
--Немене өжі?
--Дебалбашия басталды, банкиот бойдым деп мені ұя бейеді.
--Ойбай, теңгенің құнсыздануына сенің қандай қатысың бар?
--Ұйттық банктің баштығы Кейімбетивті неге жақтайшың дейді. Сол теңгені өлтиген дейді. Екеуміз ұйшып қалдық.
--Бәләйдық, бәләйдық! Күйебала да жетісіп тұр ма еді? Кекеш еді ғой… «Елдегі аштыққа, қымбатшылыққа менің қандай қатысым бар?» демейсің бе?
--Өжі ғой.
--Немене өжі?
--«Жұйттың бәйі митингіге шығып жатыл, жүй кеттік!»дейді. Баймайм десем "қойқақ қатын екенсің!«деп бетіме түкиіп-түкиіп жібейді!
--Бетін тинап алмадың ба?—деп қалды үлкен қызым.
--Сен тыныш отыр! Бет тырнағышын! Не, оның беті қотыр ма еді, қасып беретін!—деп болғанымша, көрші әйел жүгіріп келді:
--Көрші, құт… құт…
--Әй, аузыңдағы құртыңды алып барып сөйлеші!—дедім мен.
--Кіші қызың қашып келе жатыр, құтты болсын!
--Табалап тұрмысың? Жоғал әрі!—дедім мен қалшылдап. Шынымен рас екен, кіші қызым қорсылдап, жылай кірді. Даусын-ай, әнебір әнші бар еді ғой? Витас сияқ¬ты сызылтады келіп…
--Әй, не болды сендерге бүгін?—деп сұрадым мен апалы-сіңіліліер бір-бірімен құшақтасып көрісіп жатқанда.
----Өжі ғой...—деді кіші қызым сыңсылап. Ол да сақау еді, құдай-ай…
--Немене өжі?
--Түнде байып, бажайды өйтеді де, қашып кетті…
--Қайда ойбай?
--Бимейм.
--Базарды өртеген байың неге өртеніп кетпейді ойбай! Жоғалыңдар! Көздеріме көрінбеңдер! Теңгеден бұрын сендер құнсызданып кеткенсіңдер! Ұятсыздар!—деп жер тепкілеп тұрсам, қасымда ешкім жоқ. Қыздарым қашып кетіпті. Бір кезде көршім кіріп келе жатыр…
--Қ-қашып келді...—деді ол.
--Кім ойбай?
— Білмеймін, күйеуің бір топ полициядан қашып келеді!
Мен не дерімді білмедім. Бар болғаны әндете, қолдарымды көкке жайдым:
--О, жасаған, қыздарымның бәрі бәрі қашаған… Алматыда митингі, не демейді, аш адам…
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше