Бақ жұлдызым

Бақ жұлдызым

Арман үшін алысып шөлдеді ме,
Бір аққу келеді ұшып  көлге міне,
Бәлкім, ол мені іздеген  сен  шығарсың,
Өзгенің  пана болмай көлдері  де.

Ұштың ба аңсап-талып, құйын-желдей,
Тауларды, теңіздерді бұйым көрмей.
Бәлкім, сен шуақ болып кеттің сонда,
Құс боп ұшып, қалықтауға күйің келмей.

Шуақ боп төгілгенде құба құмға,
Құлан үні жетті ме құлағыңа?
Бәлкім, ол мен шығармын сағым болып,
Шаңдатып сіңіп кеткен құмды ағынға.

Естігенде тұлпардың дүбірлерін,
Білемін ақ жол тілеп күбірледің.
Түсінікті мен үшін сүйінгенің,
Түсінікті мен үшін  күйінгенің.

Домбыраның қасиетті үнінде едім,
Ішек болып білемін күбірледің.
Сенсің-ау,  сірә,  іздеген  бақ  жұлдызым,
Жаралған мені  ғана сүюге мың,
Ендеше, мен де сенің  діліңдемін!!!
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: Бақ жұлдызым
Бөлісу:

13 пікір

VKM
өлең тамаша екен! тек мына сөзді түсінбедім
 діліңдемін!
ken
«жүрегіңдемін» деген сөз
діл — жүрек. персизм.
Соңғы түзету:
Jenis8787
Сен неткен көркем едің, қылықты едің
Сені көріп түзелді сынық сезім
Бойлай алмай барамын айдыныңа,
Ех жаным, терең бе едің, тунық па едің?
Соңғы түзету:
Daniar-Alan
Бойлай алмай барамын айдыныңа,
Ех жаным, терең бе едің, тунық па едің?
бро, өлең не туралы?
Aldeken

Өртедің, амиго…
Jenis8787
ааай быратжан ай, түсінбеген сыңай танытып тұрғаныңды қараш, дегенмен сіздікінің де ЖҮНІ бар, аздап жеке саясатқа ауыңқырап кеткен екем, кешірім сұраймын:
Daniar-Alan
сіздікінің де ЖҮНІ бар
ияя… аздап…
Adiletshu
Бір өлеңді неге екі рет жариялағансың? Біреуін өшіріп таста