Отбасы ән салады!

Блог - vebred: Отбасы ән салады!
«31 арнада» «Ән шаңырақ» жаңа отбасылық ойын-сауық думаны басталады. Мұндай жоба – Қазақстанда бұрын-соңды болған емес. Үлкен сахнаға алғаш рет кәсіби музыкалық білімі жоқ отбасылар шығып, әулеттерінің өнерін паш етеді!

Жобаға еліміздің қалаларынан 18 отбасы қатыспақ. Олар арнайы кастингтен өтіп, қатысатын іріктеу турына жолдама алды.
— Негізінде, кастингке өте көп отбасы келді, тіпті есебінен де жаңылып қалдым, — дейді «31 арнаның» бас продюсері Юрий Бродский. – Әр отбасына бір кәсіби коучер жетекшілік етеді. Мысалы, солардың бірі белгілі әнші Жанна Орынбасарова, сондай-ақ олар сахнаға лайықты шығуы үшін хореограф пен стилист жұмыс істейді».
Мұндай шоу Канада, Швейцария, Ресей («Ваш выход») сынды елдерде жақсы танылған, бірақ қазақстандық жобаның өзіне тән ерекшелігі жоқ емес. «Міндетті шарттардың бірі – орындалатын екі әннің бірі қазақ тілінде болуы керек, — деп түсіндірді Юрий Бродский. – Тағы бір маңыздысы, Шығыс елдеріне тән қасиет – барлық орындаушыларға, жалпы адамдарға құрметпен қарау. Сондықтан жоба адамдар арасындағы сыпайы қарым-қатынасқа, ізгі ниеттерге толы. Бұл жерде қазылар тарапынан қатысушылардың өнерін мазақ ету немесе мысқылдауға орын жоқ. Кім болса да бәріне мейіріммен, түсіністікпен қарау керек деген пікір басым».
Үш іріктеу турының нәтижесінде ақтық сайысқа бір отбасы ғана шығып, бас жүлдеге ие болады. Дегенмен жеңімпаз атану үшін әдемі ән салып, билеу және сахнаға лайық болып шығу аздық етеді, қатысушылар көрермен мен қазылардың көңілін көтеріп, отбасы мүшелері өздеріне берілетін дауыс үшін еңбек сіңіруі керек.
— Мен үшін нотаны дөп басу немесе ансамбль әуеннен ауытқыды ма, жоқ па деген мәселе маңызды емес, — дейді қазылар алқасының мүшесі, белгілі рэп орындаушысы Тәкежан. – Ең бастысы – халықтың ішін пыстырмау, шоу жасау шеберлігі, артистердің көрермен көңілін барынша көтеруі.
Қатысушылардың өнерін Тәкежан, Жанна Орынбасарова және Рүстем Нұржігіт пен бірге залда отырған көрермендер де бағалайды. Жанкүйерлер қаншалықты көп дауыс берсе, жеңіске жетуге деген мүмкіндік соншалықты жоғары болады. Дәл сол жерде, сахнада отбасылар жеңіске жету үшін өздерінің ұйымшылдығын, төзімділігін танытып, бір-біріне қолдау бола білетінін, бірін-бірі түсінетінін көрсетуі қажет. Бір сөзбен айтқанда бұл отбасындағы үйлесімділікті көрсетеді!
Думанды жобаның жүргізушілері – танымал тележүргізуші Салтанат Қалиева мен ComedyClubKZ мүшесі Денис Бобылев. Жүргізушілердің жастық жалыны, әсем келбеті мен әдемі қалжыңы думанның ажарын аша түседі.
Бұл отбасылық думан болғандықтан қатысушылардың қатарында сәбилер де бар. Ата-аналардың басым бөлігі өздері үшін емес, балалары үшін қобалжиды. Перзенттері үлкен сахнаның сынынан қалай сүрінбей өтеді екен деп алаңдайды.
Блог - vebred: Отбасы ән салады!
— Шынымды айтсам, күйеуім, Алдияр (6 жаста) және Карина (9 жаста) есімді балаларым үшін дайындық оңай болған жоқ, — деп өз әсерімен бөлісті Ақжолтаевтар (Алматы) жанұясының отанасы Эльмира. – Ән шырқаған кезде дауыс ырғағы бірдей шығуы шарт, дауыс үндестігі деген бар. Сахнада қобалжымау керек, балалар соны тез қабылдауға бірте-бірте үйреніп келеді.
— Мен үшін ең қиыны – ағылшын тілінде ән салу мен хореографияны меңгеру. Себебі біз бір уақытта ән де салып, би де билеуіміз керек. Дегенмен қыздарым – өз қызым Венера (13 жаста), құдашам Динара мен сіңлілерім Аяна мен Карина қимыл-қозғалыстарды өте тез игеріп алды, — дейді Әубәкіровтер отбасының өкілі Айгүл (Алматы). – Бұл жобаға қатысушы отбасылар арасындағы татулықты, үндестікті ерекше атап өткім келеді. Мұнда алауыздық, қызғаныш атымен жоқ, керісінше, бір-біріне жәрдем беріп, көмектесіп, көңілін көтеріп жүр. Сол себепті шоу өте қызықты!
— Жобаның басты мақсаты – жақсы көңіл-күй сыйлап, көрермендерімізді разы ету. Әрқайсымыз үшін ең басты құндылық – отбасы – кез келген мемлекеттің тірегі. Сондықтан «Ән шаңырақ» тележобасы қоғамның негізі саналатын отбасын қолдауға, нығайтуға бағытталған, — дейді бас продюсер Юрий Бродский.

Айта кетейік, «Ән шаңырақ» думанының кейіпкерлеріне қолдау көрсеткіңіз келсе, қараша айының басынан бастап әр жұма сайын «31 арнаны» тамашалаңыздар!

Шоу түсіріліміне орай тіркелу және қосымша ақпарат алу үшін «31 арнаның» Маркетинг департаментіне хабарласуларыңызға болады:
Бөлісу:

3 пікір

bizbike
суреттегі кімдер?
31arna
Жобаның қатысушылары — Нұрмаханбетовтар отбасы.