TechX.Шымкент

Блог - ibnabbas: TechX.Шымкент
БлогҚұрылтайдың-2013 өткеніне 5 айдай болыпты.Сол Құрылтайдан кейін біршама жұмыстарды атқаруды көздеп едік.Солардың бірі TED форматында конференция өткізу.
Осындай бір керемет конференция осы айдың 20-шы жұлдызында Шымкент қаласында өтпекші.ҚазНеттің бетке ұстар ардагер блогерлері, интернет журналистикасын судай ішетін журналистері, профессионал IT мамандары өз білімдерін ортаға салмақшы.Қалып кетпеңіз! Тіркеліңіз! Келіңіз! Ой бөлісіңіз!
Ақпараттық технологиялардың негізгі салаларын қамтитын конференциянңың берер пайдасы көп.Ресми сайты мүнда
Бөлісу:

15 пікір

Marco
Қатты қызығып отырмын. Қатысқым келеді. Әттең, тығыздау білдік, алдын-ала жоспарламағасын шыға алмадым.
asaubota
барамыз Техастың ТехИксына
zholantai
не айтылад?
ibnabbas
Көп нәрсе айтылады. Блоггинг, бизнес, IT, монетизация, т.б
zholantai
интернет журналистикасын судай ішетін журналистері
мына теңеуің тек күмән ғана туғызады)))
ibnabbas
Спикерлер тізімінде Берік Уали, Асхат Еркімбай ағаларымыз бар.Еш күмәнданба
zholantai
жарайд, барып тұрм ғо
Daniar-Alan
шақырмасаңдар да барам щщс
Ispek92
сыпырылмаған жер іздей бер брат
Daniar-Alan
сыпырып беред ғо уайымдамашиш
Ispek92
барып көргім келеді, Шымкентті де әттең әттең жүрек жалғыз емес, қол қысқа
Aikona
сессиялардың тақырыбы қандай нақты? Тәжірбиелі қолданушы не үйреніп қайтады ол жақтан? Менің барғым келеді, бірнәрсе үйрену үшін
ibnabbas
techx.kz/
Ресми сайт осы.Жақын арада бағдарламаны жариялайтын боламыз.TED форматында өтетін конференциядан үйренетін нәрселер табылады.