Тағдыр

Біздің әрқайсысымыз осы өмірде бір жолда келеміз. Саяхатшылар әлемі бұл. Қайдан келгеніміз, қайда барарымыз жұмбақ. Бірақ шешімі қашанда көз алдыңда. Бастысы соны көре білу, түсініп бойыңа сіңіру. Оған тек уақыт керек, алдымызға сабақ болып қайта-қайта айналып, санадан өтіп — жүрекке жетеді. Ия, бұл жол төселіп алдыңда жатыр, біз өтіп кете береміз. Көппен бірге адасып, не болмаса жалғыз жүріп жол тауып, осы жолды әркім өзінше басып келеді. Барлығы еңбектеп бастап, біреулері ширақ жүріспен өтіп, енді біреулер ұшқыр жүгіріспен, бірлі-жарымы арқалап қалыпты жүріспен өтіп барады. Анаңды Меккеге үш рет алып барсаңда, қарызыңнан құтылмайсың, қандай биік сөздер. Осы жолға түсуімізге себепкер болған анамызға шексіз алғыстар. Саған анаңмен қоса бүкіл әлем әсер етеді, сол демеуді қабылдап бағыт алу өз мойныңда. Сен қайда туыларыңды таңдай алмадың, ал енді қайда барарың өз қолыңда…
Бөлісу:

3 пікір

bake
кейбір сәттер болады пәлсафалық ойларға берілетін… неге, неліктен… не үшін… мәңгілік сұрақтар… ойлау қабілетімен бірге жаратылған…
torgai
Пәлсападан қашып жүрмін өмірде. Бірақ, құтылмайсың
Lyaila
Неге екенін білмеймін, қазір осы «тағдыр» деген сөзді естудің өзі құлаққа да жүрекке де ауыр тиеді..әлде осы сөзбен қатарласа айтылатын тіркестердің мәні тым ауыр ма? Мәселен, «тағдыры қыл үстінде», «тағдырға дәрменсіздік», «тағдырға бағыну», «тағдырға қарсы тұра алмау» т.с.с.