Peeep.us: веб-парақшаға мәңгілік өмір сыйлаңыз

Кеш жарық керекинфолық қауым. Бұл жазбада маған бір кездері көмегі тиген сайтпен таныстырмақпын.

Peeep.us — интернет кеңістігіндегі кез-келген парақшаның дәл көшірмесін үнемі сақтауға мүмкіндік беретін сервис.



Зачем дерсіз? Мысалы, сіз үнемі өзгеріп отыратын беттің белгілі бір уақыттағы қалпын сақтап қалғыңыз келеді. Қандай мақсатта? Әр түрлі, қандай да бір сайттың багын, қатесін көрсетуден бастап сақталған бетті дәлел, компромат ретінде қолдануға болады. Мұндай жағдайларда әдетте дәл уақытысында беттің скриншотын жасайды. Бірақ бұдан да ыңғайлысы беттің өзін барлық мәтіндерімен, ХТМЛ таңбаларымен, суреттерімен сақтау. Ыңғайлығоиә?

Мысалы мынау осы сайттағы «Жаңа посттар» бөлімнің 20:19 уақыттағы сақталған парақшасы.

Қанша уақыт сақталатыны қызықтырса сайт авторының сөзіне сілтеме жасай отырып хабарлаймын: мәңгілік). Бірақ сақталған парақша ұзақ уақыт қаралмаса, оны жою құзіретімде дейді автор. Басқа да сұрақтарыңыз болса, мыннан қарап көріңіз.

Бетті пииплдату үшін сайтқа кіріп, адресін жазып, submit деген батырманы басу керек.

Назар салып, оқығандарыңызға рахмет)
Бөлісу:

2 пікір

asaubota
мынауың өте керек сервис екен. рахмет! ұнап отырғаны тек скрин емес, кодтарымен бірге сақталуы.
Erasyl2
Егер қандай да бір сайтта авторизация жасап бетті bookmarklet арқылы сақтасаңыз, бетте жүйеге кіріп тұрасыз, мысалы фейсбукта кіріп тұрып сақтаса болады.