Қонақ кәде керек Инфо!

Қонақ кәде керек инфо!
Аталарымыздың салты бойынша келген қонаққа асын беріп жайлап алап, қонақ кәде сұрап, естігенің өтірік болып шығар, сондықтан көргеніңді айт, сонан кейін білгенімізді бір-бірімзге айтып сұхбат құрамыз,-деп ділінің жағдайын алдымын тексеріп алады екен. Енді бұл заманда естігенді айтып ешкімді таң қалдыру мүмкін емес, ендгі діліміз білгеніңмен, яғни ілімен, білімнің жағдайына байланысты. Сондықтан керектің оқырмандарына білгенімнен айтып, міндетімді орындап қойсам. Және бұл мысалдар әрбір өзін мүмін атап, иман келтірдім деген қазаққа оп-оңай астарын білуге тиісіті, бұрынғы өткен біздердің сауатсыз әрі арапатардың дін ғалымдарынан төмен санап, өсиетернен үлгі алуды маңызды санамайтын әрбір қазақтың қара шалы білген діл білімі ғана. Сондықтан осы ғаламтор ішідегі сөз сарйларын аралап жүріп, көргенімді айтсам әрбір сарайдың (сайтың) өзіндік сөз мінезі мен қатысушы топтары қалыптасып, кейбір сытан келіп қонақ кәде айтып тосын пікір білдіргенге жабыла кетіп қуып шығатын ауылдар да бар. Ал «керек инфоға» жетпей тұрғаны да, осындай анда-санда келіп, жеке-жеке тақырыптарға пікір қалдыруға ерінетін, немесе жалпы ұйымдастарушыларға арнап, немесе жалпы сайттың жүргізуші негізгі тұрғындарына арнап, пікір жазатын бұрышы да КЕРЕК ИНФО! Қазіргі жастар ұғымымен; «Рейтинг сайта!» болмақ.
Сөз жұмбақты шешіп көр! Төртеуің түгел ме?
«Атадан алтау, Анадан төртеу, Жалғыздық көрер жерім жоқ, Ағайын бек көп, Айтамын ептеп, Сөзімді ұғар елім жақ, Моласындай бақсының Жалғыз қалдым тап шыным!» деген өсиетпен Абай атамыз; «Ал оларға хақиқат келгенде, олар «Мұсаға берілген құсаған неге бұған берілмейді?», десті...» (28-48) (Рас Мұса мен Һарұнға жақсы-жаманды ажырататын, тақуалар үшін жарық және үгіт түрінде Кітап бердік.» (21-48) «Қашан олар, арларына үкім беру үшін Аллаға, Пағамбарына шақырылса, сол уақытта олардың бір бөлімі бас тартады.» (24-48) Осындай құранның 48-санды үкімдерін яғни Мұсаға берілген кітапты мағрипат білімін меңгеріп, елші болып, халықты Аллаға дінін шақырушы болғанын, Кітап алғанын, бақсылықтың, сопылықтың екінші жағы ғылымын меңгергенін астарлы ескертіп баяндап кетіпті. Сонымен бірге төртеуді түгелдеу жер ана, су ана, және ана жанынын келетін діл білімінен байланысты болатын, сонымен бірге тіл білімін, сандық ғылымды меңгеріп, ата аманатын да орындап 6-ды да түгелдей білгенін 10-сүреге жалғанып «Олар; егер сендер шыншыл болсаңдар, осы уәде қаша болады» (10-48) аяттың орныдаушы елшілігін атқарып шындықты баяндап өмірден өткенін де білдіреді. Енді діл біліміз, Ясауи баба ілімінен дін тарихатымыздың үлгісі болған шежіре дастандардан мысал беріп, құпиясын шешіп көрейік; «Бір күні Әз Жәнібек хан қарық уәзірін жиып алып; Маған өтірік пен шынның арасы немен айрылады, соны тауып беріп қалағандарыңды алыңдар. Таба алмасаңдар, жазалаймын, ойлануға 40-күн мүмкіндік бердім»,-депті. Уәзірлері 40 күндей ойлап, таба алмапты, 40-шы күні болғанда хан уәзірлерінен; «Өтірік пен шынның арасын немен айыра алатынын таптыңдар ма?»-дейді. «Жоқ, тақсыр, таба алмадық»,-десіпті уәзірлері. Хан «бастарыңды алармын» деп қаһар қылғанда, әңгіме естимін деп жай келіп отырған Жиренше шешен уәзірлерге: «Анау күні хан хандығымен бас-басыңа бір күннен қырқыңа 40-күн міллет берді ғой, енді өздерің тіленіп ер басына бір-бір күнен міллет алсаңдаршы! Соған дейін бірің болмаса, бірің табарсыңдыр!»-депті. Хан; «жарайды бұл баланың сөзі дұрыс көрінеді. Менің мақсатым сендерді өлтіру емес, сынау. Ақылды болсаңдар, әрқайсыңның бір-бір ақыл алғанымда, менде қырық кісінің ақылы болар еді; сендерде ақылдан шайнам жоқ. Қырық кісіде жоқ ақыл бір кісіде қайдан табыла қойсын! Ер басына қырық күннен міллет бердім»,-дептағы ойландырып жібереді. Ханның алдынан шыққан соң 12-жасар бала Жиренше «Бұл сөзді біреу болмаса біреу білер, соны іздеп табамын» деп ел кезеді. Қорғаны бар бір шаһарға жетеді. Қаланың аузында сүліктей қара көк ат мінген, үстіне сауыт киіп, садақ асынып, найзасын жерге шаншып біреу тұр екен. Оған сол қападан кірген-шыққан адамның бәрі де сәлем берісіп өтеді. Жиренше оған сәлем бермей, мойнын бұрмай, керек қылмай өте өте шығады. Сонда найзасын жерге тіреп, ат үстінде шіреніп тұрған әлгі жігіт: «Әй бала, сенен басақ осы қақпадан кірген-шықан жан сәлем бермей өтпеуші еді, сен неге мойныңды бұрмай барасың?»-дейді. «Біріміз аты, біріміз жаяу, сәлеміз келісе ме?»-дейді бала. «Бұл шаһардың жөнін бұрын көріп пе едің? Көріп білмеген жан сияқты екенсің! Кел, артыма мінгес те біздікіне қонақ бол!»-дейді жігіт; «Ер тоқымды аттың алдын бізге, артын сендерге бұрынан бұйрық қылған және «Ат иесі алдына мінеді» деген сөз бар, жұртыңды жүр көрсет, жаяу –ақ барайын»,-дейді бала. Ол атты, бұл жаяу, үйіне ертіп кеп мейманханасына кіргізеді. Асын жеп болған соң мырза келіп: «Әй, қонағым, әңгіме айт!»- дейді. Бала «Біріміз жарты, біріміз бүтін, әңгімеміз келісе ме?»-дейді. Бұл сөзге шыдап отыра алмай үй иесі ұялып шығып кетеді. Сүйтсе, әлгі жігіт қыз екен. Еркек киімін киіп, дарбазаның алдында тұрып, келген-кеткенді сынауға, сынынан өткен жанға тиюге атасынан рұқсат алыпты. Олай өткен, былай өткен жолаушының бәрі де мұның әйел екенін білмей, сәлем берумен болыпты. Тек Жиренше көрген жерден атқа отырысынан әйел екенін біле қойып, «біріміз атты, біріміз жаяу» дегені, «біріміз ерекек біріміз әйел, қалай сәлем берісеміз»дегені екен. Өзінің әйел екенін әбден танығанын біліп, «біріміз бүтін, біріміз жарты» деген сөзді естігенде, қыздың ұялып тұрып кеткені сол екен… Сонымен оқырмандардың діл мен тіл білімінің «төртеуінің» түгелдігін білу үшін сауал;1. Кім атты, кім жаяу?- білімін көрсет.2.Кім бүтін, кім жарты? Білімін көрсету керек. Ал діл білім бар және ұлтшыл, иман келтірдім деген әрбір білімді қазақ өтірік пен шының арасын ажырата алатын шығар? Бұл иманның 60-бұтақты алғашқы сатысының білім болып, алда енді қалай «Алтауды түгелдеп, араздастырмауға болатын», мағрипаттық бабаларымыз меңгерген ілімнен сұрау бар. Ал Абай атмыздың; «Ілімен білім ортасын таппасаң бүлін» деген нахылды; «Ыза шығар білімнен, қайғы шығар ілімнен» деп астарлап ортасын «Ыза мен қайғы қысқан соң зар шығады тілімнен» деп астарлап түсіндірген. Енді «Ыза» не? «Қайғы» қандай? Осыны ойланып көрейік!
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше