Жаңа ОЖ - Windows 8

Осыдан шамамен бір ай бұрын жаңа Windows 8 операциялық жүйесі жарыққа шықты. Мен де аздап юзерлік, бағдарламалық хабарым, қызығушылығым бар. Міне бүгін сол операциялық жүйені интернеттен іздеп, арнайы бағдарламалар орнатып өз компьютеріме қондырдым. Интернетте көпшілік ұнатпады. Арнайы сенсорлық, перифиялық аппараттарда ыңғайлы делінген. Басында аздап үйрене алмадым, соңынан «шаша» бастадым. Маған өте ұнады, ыңғайлы…

Қызықсаңыздар тамашалаңыздар:
Басты беті. Негізінен бұл бет — Бастау (Пуск) болып табылады. Өзіңізге қажетті, көп қолданылатын бағдарламалардың, әуендердің, видеоклиптердің, т. б. файлдардың сілтемесін қоюға болады.


Басты бетте мынадай қызықты, қажетті Майкрософт компаниясының бағдарламалары бар:
1) Карта — бүкіл жер шарының картасы, сызбасы, қала, мемлекет, көше, аудандарын, т. б. анық көруге болады. Соның ішінде ҚР, Алматы, т. б. қалалар да бар. Тіпті өзіңіздің қайда екеніңізді көруге болады.


2) People қызметі немесе почта жәшігі — мында өзіңіздің почта жәшіктеріңізді қосып, достарыңызбен еркін араласуға болады. Бірақ, мында тек Майкрософт аккаунттары, Фэйсбук қызметтері ғана бар. Вконтакте, Майл.ру, Nur.kz аккаунттері қосылмайтындығы өкінішті.


Одан басқа, қызықты, қажетті қызметтері орасан зор.

Жұмыс үстелдерінен ауысу қызықты, арнайы эффектті:


Қызығушылық танытсаңыздар интернеттен, Ю-тубе арнасынан бейнеклиптер арқылы көрсеңіздер болады. Немесе жүктеп, қолданып көріңіздер…
Бөлісу:

7 пікір

asaubota
Facebook емес, кілең мұңайған әл.желілер қолданатының өкінішті
beka95
Facebook, Gmail желілерінде жұмыс істейтіндерге өте ыңғайлы дер едім.
asaubota
олардан басқа альтернатив бар ма еді?
beka95
ммм, қазіргі уақытта көп қолданылатын Вконтакте, Майл.ру жоқ. Сонысы өкінішті. Ал, барлық қосымшалары мыналар: facebook, gmail, hotmail, msn.ru, twitter, outlook express, linkedln
neoaskar
Сонымен вин8 қызық па, сызық па. орнатсам ба деп ойланып жүр едім, мүмкін Мак Ок
beka95
Mac OS операциялық жүйелер арасында алдыңғы орында. Өз басыма өте ұнайды. Бірақ, ол тек Apple девайстарында ғана жұмыс істейді. Кәдімгі дербес компьютерлерге де орнатуға болмайды емес, болады. Бірақ, онда видео, аудио драйверлері жұмыс істеуі екі талай… Сол кемшілігі. Мен кезінде Mac OS операциялық жүйесін өз компьютеріме орнатқам, бірақ, қолдануым ұзаққа созылмады.