Сізді жұмыстан суытатын қызметкерлер түрлері және сипаттамалары
Бұл жазба студенттік өмірдің кайфынан әлі арыла алмай, шын өмірдің ауыртпалығына әлі кірісе алмай жүрген экс-студенттерге немесе жаңадан жұмыс іздеушілерге арналады. Жаз бойы алдымен таныс іздейсің, резюме тастайсың. Сосын бір күні хабар келеді пәленше деген жермен сөйлесіп қойдым, ертеңнен бастап кіріс деген. Сонымен басталады жаңа өмір, жаңа жұмыс, жаңа орта. Әдбетте басында қиналасың, жұмыс ұнамайды бастапқыда. Жұмыстағы адамдар да бір түрлі көрінеді. Сөйлесіп кетуге қиналып жүресің. Жұмыста да жақсы адамдар мен жаман адамдар болады. Әңгіме осы жаман адамдар туралы болмақ. Бұл адамдардан алыс болғаның жөн. Көп араласпа.
1. Беліне шәлі байлаған әйел
Мұндай адам нағыз кеңсе монстры! Шәлі оның дене мүшесі деуге болады. Онымен бірге өмір сүреді. Қыста аяғын орайды, одан кейін белге қарай көтеріледі, сосын арқасын жабады. 7 күн, 24 сағат тоңады бұл кісі. Кеңсенің басты энергия сорушысы. Бұл кісіден таралатын жаман энергия айналадағыларға тарап, бөлмеде жаман бір аура қалыптасады. Ешқашан күлмейді бұл әйел. Жұмыс үстеліңді алыс қойғаның дұрыс немесе мүмкін болса басқа бөлмеге көш. Ешқашан мәселесі бітпейді және жастарды көп жұмсайды.
2. Телефонмен көп сөйлесетін әйел
Мұның да ешқашан мәселесі бітпейді. Алдына қашан барсаң да телефонмен сөйлесіп жатады. Айтатыныңды айта алмай қасында ұзақ тұрасың. Балалардың балабақшасы, мектебінен бастап жер алу мәселесі, кредит төлеу, тойға бару сияқты миллион мәселесі бар. Шаруаңды тез-тез айт та қашып кет, онсыз да аз уақытың болады шаруаңды айтуға. Өйткені бір қолында телефон тұтқасы, саған қарап тұрады «тез бол» деп. Мүмкіндігінше бұл кісіге шаруаң түспесін. Мұның да жаман энергиясы бойыңа сіңіп қалады.
3. Ештеңе ұнамайтын кісі
Бұл кісі көп сөйлейді, оған ештеңе ұнамайды. Барлық нәрсені сынайды, жек көреді, арыз жазады, оппозиция сайттарын оқиды, оқығандарын айтады. Тіпті шылым шегуге де шықпа бұл кісімен, есіңді тандырады. Елбасы да, саясаты да, сіздің бастық та, жұмыс та, ештеңе де ұнамайды бұған. Сыйақы да аз, жалақы да аз бұл кісі үшін. Мұндай жануардың азабынан құтылудың бір жолы — ол бір мәселе айтса сен 3 мәселе айт. Бір есе айтса, сен 5 есе қылып айт. Мәселені одан сайын үлкейт, өзі қашып кетеді.
4. Сықиып киінген жігіт немесе қыз
Жұма күніне дейін шыдай алмай ауылдан келген сыныптастарыңмен сейсенбі күні ішесің мысал үшін. Сәрсенбі күні таңертең жұмысқа әзер келесің, бас ауырып тұр, киім қыртыс-қыртыс, тіс жуылмаған, аяқкиім лас. Сол кезде таң ертемен алдыңа шайтан сияқты біреу жетіп келеді. Сықиып киінген, аяқкиім жып-жылтыр, көйлек-шалбар үтіктелген, шаш таралған, сақал қырылған немесе тап-таза ақ блузка киген, қара юбкалы, шаштары артқа тартылған, көздері от болып тұрған қыз. Сенен кешегі есептерді сұрайды, бастыққа баратын қағаздың дайындығын сұрайды. Ондай кезде әрине дайын болмай қалады. Компьютер де жәй істеп қалады, мына жақтан агенттен келген хабарламалар жалт-жұлт етіп жатады. Мұндайлармен кикілжіңге кірме, сыпайы бол, жәй сөйлес, солай құтыл.
5. Ақша жинайтын қыз
Жұмыстағы жек көрінішті типтердің бірі ақша жинаушылар. Өзің онсыз да ақша жеткізе алмай жүрген кезде бір апайдың туған күні болып қалады, бастықтың қызы мектеп бітіреді, бір ағайдың немересінің шілдеханасы болады, бухгалтериядағы бір қыз 2-ші рет күйеуге шығып жатады, 8-март, Наурыз, анау-мынау… Қысқасы өмірі бітпейтін ақша жинаулар болады. Жаңағы қыз сол кезде алдыңнан шыға келеді Әзірейіл құсап! Ақша бермесең жаманатты боласың. Жоқ болса жаңағы қыз бір апайдан сұрап береді немесе бухгалтер айлықтан ұстап қалады. Бұдан енді құтыла алмайсың, қаша алмайсың. Көнесің.
***
Фото-бонустар
Осындай жиналыстар болып тұрады, шыдайсың соңына дейін
Жұмыста шәй ішу, біреудің туған күні
Ақша жинау сәтінен бір көрініс
Фотолар www.google.kz сайтынан алынды.
Супер жазба, суперсараптама!
қыз… қыз??осы РафаАқша жинайтын қыз жоқ екен қарап отырсам, біреудің туғаны қайтыс болса ғана жинайды екенбіз қарап отырсам
Ньюмақал:Коллеганның шынайы келбетін көргің келсе, корпоративкаға бар
Бұндай система бізде мыхтап орнаған, династияңдысс
Тіпті штаттарда да. Қақпас пысық әмерикөттер бүкіл отбасыларын ірі корпорацияларға тығып тығып тастап, басқа кландар көтерілмеуі үшін «непотизмге қарсы саясат» жүргізеді.
СОлай болды, солай болған, солай болады да.
Ағайынды тартудың сөкеттігі жоқ. Тек одан спрос та басқалардан екі есе көп болуы керек, жаман атағы сенікі ғой)
Күнде емес, бірақ күнара сайынғы күнтәртібім шамамен осындай.
Лібаа отпуск бітті, ертең жұмысқа. тағы басталат сукі тірлік
Адам өзіне ұнамайтын тірліктен қанша ақша тапса да қанағаттанбайды.
Нуинақ)
Бағытыңды табу үшін былай істеп көр:
1) Өзіңе ұнайтын тірліктердің тізімін жаз.
2) Өзңе ұнамайтын жұмыстар тізімін жаз.
3) Ұнай ма, ұнамай ма өзің білмейтін тірліктерді жаз.
Содан кейін солардың ішінен сенің қолыңнан жақсы келетіндерін жаз. ең болмаса екінің бірі қолынан келмейтіндерін бәрін тіз.
Содан кейін:
Солардың ішінен 4-5 ақша табуға болатынын теріп жаз.
Приоритет — өзіңе ұнайтындардың ішінен, және ұнайтын-ұнамайтынын білмейтіндеріңнің ішінен жаз.
Мысалы, осы күнге дейін сварка кәсібі маған ұнайтынын білмей келдім. Қолыма электросварканы алып, жұмыстағы сварщиктен «дуговая сваркадан» бір-екі сабақ алған соң ұнап кетті.
Ендігі мақсат сварка қондырғысы мен шлейф машина, болгарка сатып алып, ауладағы бір бұрышымды мастерской қылу болмақ))
Соның ішінен тап қазір бастауға мүмкінін, немесе орындалуы ең жақын тұрған біреуін таңда.
Соңғы қадамды айтпаймын. Соңғы қадам сол таңдаған тірлігіңе кіріскен күні өзің анықтайсың.
Рахаттарыңа пайдаланыңдар іздеуші жастар!
Бір оқпен екі емес, он қоянды атуға да болады. Ебін тапсаң. Ал еп баппен келеді. Бапсыз еп болмайды. Впрочем бабасыз ёб болмайтыны секілді.
Негізі, жұмыс екіге бөлінеді ғой, қара жұмыс пен қағаз жұмыс.
Ал мен көбіне қағазбен де жұмыс жасамаймын, қара жұмыс та жасамаймын. Екі езуім мен қызыл тілім «нан тауып» жүреді жиі.
Қара жұмысты есепке алғам жоқ, бірақ қара жұмыстың да әр адамға қызығы мен қызықсызы болады.
Мысалы жер қазуда, кірпіш тасып, цемент илеуде тұрған қызық жоқ. Ал сантехник, электрик, монтер — уже кәсіп. Біреу оны өнер туындысы деңгейіне апарып, зергерлік деңгейде меңгеруі мүмкін.
Сондықтан, кәсіпті "Қызықты" және "Қызықсыз" деп бөлемін. Ол әрине субьектив.
Ал инженерлік жұмыс ол между между ғой. Сызба да оқуы керек, қолына арнайы құрал да ұстау керек. Кімнің қолынан не келеді, соны жасап жатыр. Таңдау әзірге аз, біздің елде.
диванға клиентті жатқызып қойып айтатын әңгіме кен… осы жағына ойыспайсың ба?
Сатыбалды
Ислам дінінен адамгершілікті үйренгім келді. Ал өмір бойы күнә жасап, осоңғы деміңнің алдында тіліңді кәлимаға келтірсең жұмаққабарасың дегенге менде сенбеймін. Сосын діндер арасында бір шатс пайда болса дін туралы бірдеңе білгенім дұрыс болатын шығар деп ойладым. Бірақ ең басты себеп жұмыстан қаштым. шыны керек. Бірақ ақыры болмаған екен оның несіне өкінейін))
Гос закупты «Менің меншігім» деп санайтын және өз қалтасыан беріп тұрғандай жекитін Шаруашылық бөлім бастығы мен оның жандайшаптары да солардың қатарында…
Осы ой дұрыс емес негізі. Маған ұнайды сондай затқа қатты гоз закупщиктер мен снабженецтер. Өзім сондай болатынмын. Жеген жоқпын, жегізген де жоқпын. Беруің керек, үйтуің керек- дегендерге Должностная Инструкцияны есігімнің ішкі бетіне іліп қоятынмын. «Танысып алыңыз да, претензияңызды айта беріңіз» дейтінмін.
Лібә, бәрі жек көретін мені))))
Мен тек адамнан заттың өндіріске қажеттігін немесе өндіріс нәтижесінде бұзылғанын дәлелде дейтінмін.
Бұзылса, бұзылғанын әкел, әңгіме жоқ ауыстырып берем.
Ол менің қырсықтығым емес, кәдімгі жұмыс барысы.
Ештеңе тыққан емеспін, тек бәріне зат жеткілікті болуын, біреуде екеуден жабдық( үшіншісін көрші компанияға сатып жіберген), ал екіншісі тасын уқалап саймансыз отыратындай жағдай болмауын қадағалау, жетпегеніне тапсырыс беріп отыру, сапасыз заттарды тізімге салмау, менің жұмысым еді. Басты міндет өндірісті тоқтатпау, ешкімнің жарақат алмауы, уақыттың босқа шығын болмауы, кез келген шешімді тек осы үш бұтқа сүйеніп жасау міндетім еді.
Мойныма 26 мың доллар іліп жібергісі келген біреу болды кектеніп. Қауіпті жұмыс, әсіресе крышаң болмаса.
Оларды тек ауызша мойындап қойсаң болды.
Кейін өздері келіп, «Жастың аты жас қой, мен мына бәлеңнің тілін түсінбеймін, қалай қоюландырам мына жазуды» деп жұмсақ сөйлей бастайды.
темекі сұрай беретін қыз бар, білә қыз епты!
Хмм… Жұмыстан суытатын қызметкер деңіз
әжетханаға кеткенде телефонын үстел үстінде тастап кететін қыздар болады. бүкіл офис болып өте нашар мелодиясын тыңдауға мәжбүр қылатын. сендерде бар ма ондай қыздар?
Екі-ақ нұсқа қалды: атылывөлу не жалғыз өзің отыратын кабинет сұрау
Мастурбацияның синонимі сияқты айтыппын-ау мен де))