Өзім туралы




Аллах тағала атымен бастаймын,
Ашамайлы Керейдің ер ұлымын.
Ризамын туғаныма адам болып,
Жұматайдың тұңғышы — Самат деген.
Кіндігім Есілкөлда кесілген жер,
Еркімше қол-аяғым көсілген жер.
Шешем-Баян, әкем-Жұматай-Зәкір,
Адам қып, мендей ерді-өсірген жер.
Арысы Орта жүзде Керей затым,
Үш жүзге мәжһүр болар Самат атым.
Мұхаммед-Ханафия да болған атым,
Самат деп атап кеткен мені халқым.
Атамыз имам және батыр болған,
Ермек-ұлы атам әулие болған.
Жұматай-әкем атын баяндайын,
Самат-өз есімінді атам қойған.
Руы нағашымның-Шоға Уақ деген,
Қонысы Омбы-Қасқат мекен еткен.
Атам-Қазбек, ағам-Имам Асылбек,
Анам бірге туған інісі екен.
Ел білетін азаматтың келбетімін,
Қызылжардың еске алар перзентімін.
Демеймін асыл туған орасанмын,
Өнерге талайларға таласармын.
Қызылжардың көп халқына ардақтымын,
Жаны адал көп жанның қымбатымын.
Қадірлеп силай білсе бір басымды,
Ағайын ел – жұртымның бақытымын.
Ағайын ел жұртыма баладаймын,
Силаса арқа сүйер панадаймын.
Бір пәле бастарына түсе қалса,
Сөнгенше қамын ойлап алаңдаймын.
Ер жігітке мен болар панадаймын,
Тәрбие үлгі алатын данадаймын.
Өзімнен ақыл сұрап – іздеп келсе,
Алдынан қарсы шығар ағадаймын.
Жақсының ақыл сөзін мақұлдаймын,
Дос болуға қол беріп жақындаймын.
Қадірімді білмеген, кей адамға,
Өз бойымды үйретпей жатырқаймын.
Кейде мен досыма да тосындаймын,
Бір көрген жанның кейде досындаймын.
Сырымды бір көргенде білдірмеймін,
Тосқа да, досқа да осындаймын.
Баласы Жұматайдың Саматымын,
Ешкімге зияным жоқ жүрген жанмын.
Адамға өзім деген бас имеймін,
Өзім өлкетанушы кімнен қормын?
Саматтан өтіп жатыр өмірбаян,
Сіздерге өлең сөзбен еттім баян.
Мақтанатын айта салған сөзім емес,
Өмірім өсіп өнген бәріңе аян.
Осылай мен өзімді баяндадым,
Есімнен ұмытылмас туған жерім,
Сыйынып аруағына бабалардың,
Есімнен ұмытылмас аталарым.
Бөлісу:

37 пікір

satibaldi
Боқ.
asaubota
оқушы балалардың шабуылы болып жатыр. қатты кетпей, қайта оларға дұрыс жол көрсетіп, бағыт беріп отырайық.
FaraOn1
Титаникке мініп Белфасттан шығып кетіп, Айсберкке жолыққанын қараш бейбақтың)))
AKA
 Мен білемін.
VKM
Админ, толық қосыламын. оларды кірмей жатып,қуып шыққан дұрыс емес
asaubota
ал былай әрине өлең нашар, тіпті өте нашар.
VKM
Тиіспесеңізші балаға)
satibaldi
Өзімнен ақыл сұрап – іздеп келсе
Өйдөйт деген, ә???
zholantai
еееее, қалдырмай оқып шыққаныңа таң қалумен келемін, расында, оқу-арқалаған крестің екен,
zholantai
Жігіт сұлтанындағы сәлемдесуге шығарылған-ау, шамасы
Aya
Ашамайлы кереймін де)
Aya
Айтысқа қатысып па едің? Айтыстың мақамы шығып тұрған сияқты)
satibaldi
Найманы, дулаты,
Прочие кереиты.
Я ухожу, ухожу в Ебейті.
Aya
Кете, Адай, Беріштерррр…
GulL
мақтау сөздері көп сияқты тым, мектепте таныстыруға шығарған өлеңге ұқсайды
Nurshat
Бұтақтан бұтақ шығарып Отансүйгіштікті ояту, ата-бабасын білу мынауың ру сүйгіштік қой тап таза жүні жоқ…
Gastarbaiter
Керемет! Эталонды туынды!!!
Қалған өлең шығара алмайтын, өзін таныстыра алмайтындарға мастер класс жүргізіп жіберсем деймін.

"Қыз сыны", «Жігіттің сұлтан» деген сайыстарда өзіңді қалай таныстыру керек?
Менің айтқанымды тыңдасаңыз, ол екі саусаққа сиіп қоюдан да оңай.
Жақсылап дайындалу керек.
Егер пақаныңыз ақын, мақаныңыз прозаик болмаса, жағдай қиын. Әулеттің үлкендерін іздеп кетуіңіз мүмкін.
Қасиетті формуласына назар аударыңдар:
1) Алғашқы шумақ мейілінше даңғаза болуы шарт, ол дегеніміз, қалғандары даңғолықтан ада болсын деген сөз емес әрине. Шамамен былай болуы керек,

Әлеумет күткен көзбен тұр алдымда,
Қарсы жүзу қиын ғой жыр ағымға,
Өлеңді нөсерлетіп мен айтайын,
Ағайен тұра қалып ұйып тыңда!

— а? Қалай ә? Жынды, өзім де білем.
Дальше.

2) Арғы атаңның чморик болмағанын көрсет.
Бұл жерде бабаларыңның (қатындарың емес) тарихынан ұлыларды, немесе олардың тұяғын іздеу ісіне ақша беріп Рафаелоның шежіреші қартын жалдаудың да еш сөкеттігі жоқ. Арғы атаң зынданнан көз ашпаған баукеспе болса да, әйтіп-бүйтіп би, аға-сұлтан, ақын, сері, батырларды тауып алу шарт, көбінесе ол шаруаны саған дейін аталарың немесе пақаның жасап қояды, так что басты ауыртпауға болады.

3) Одан кейін немесе дейін, руыңның жүзіңнің, аңыз әфсаналарын қысқаша шолып, ішінен әлбетте граф, князь, далай ламаларды тізіп, бір мақтанасың. Оны жазбасаң, тексіз, дәруіштен туған көрдемше, көрбақ немесе «бастард» деп қабылдайды. Сен лоқ емессің ғой, сондықтан бұны да дәптеріңе түртіп ал.

4) Үлкен ағаларыңның үлкен қызметте екенін басып айт өлеңде. А сен не ойладың?
Халям балям емес. Тасты шарттардың бірі. Алматыда арба сүйреп жүрсе де, Алматыны жаулауға кеткендей қылып айт.

5) Көше, квартал, туған жеріңнің тарихын бір айтып өт. Дым білмейтін бұтақбас екен демесін.

6) Айналып келгенде, оқыған адамда сенің де осал еместігіңде күмән қалмау керек.
Сондықтан, соңында «Мен де чморик емеспін, сыйлағанды сыйлайм, қалғандарын осындай құсықпен қинаймын!» деп бітір.
Сәттілік!

Nurshat
МАстер кластың оқушылары жазушылар мен ақындар, мекеме бастықтары мен мектеп директорлары болад… олар тапсырмасын күнделікті бестік бағада орындайды…
Abilakim
Мектептік сайысқа қатысқан кездерім есіме түсіп кетті)))
FaraOn1
автор үн шығармай тыңдай бер)))
Abilakim
кеше бұдан жақсы туындының астынан түтін шығарып жібергенбіз))
Zhan
мынадай жанашыр кеңесті бірінші рет көріп тұрмын.
FaraOn1
тәжірбиеменен түйсінгенімді айтып отырмын да))) қаз біреуге бірдеңе деп қалса бұдан да зор мазаққа қалуы мүмкін ғой))
Armanjan
маңдайынан сипап қоймасаң жоламай кетед дейсің ба
Zhan
Қызылжардың көп халқына ардақтымын,
Жаны адал көп жанның қымбатымын.
Қадірлеп силай білсе бір басымды,
Ағайын ел – жұртымның бақытымын.
Не деген пафосиоз, не деген міндетсіну. Басын қадірлеп сыйлай білсе ел-жұртының бақыты екен де, сыйламай қойса сорыңмын демек болғаны ма?
Adiletshu
Лібә, үтір нүктесіне дейін оқып шығасындар иә
konvict
Айтпақнақ, мен тіпті қарамайм мынандай постарға.
Gastarbaiter
Өйдөйт, нақ жігіт бопсың ғо
konvict
кетнақ, посттан көрі пікір оқыған қызықнақ
Abilakim
арамызда осындай ардақты жан барына мақтана отырайық оданда
Zhanylai
мында қасқыр боп жүре бер
FaraOn1
қасқыр он и в африке қасқыр)))
izbasar
Қазақ болсаң керей бол, бар Алашқа мерей бол» (Төле би)