Қазақстандық "Студент" - Канн кинофестиваліне қатысуда,

2012 Каан кинофестивалінің символы Мэрилин Монро
Мамырдың 16-27 аралығында Францияның Канн қаласында дәстүрлі Канн кинофестивалі өтеді. Биылғы фестивальдың ерекшелігі сол, фестивальда көрсетілетін фильмдердің барлығы жиылып келіп «Махаббат» ұғымымен қабаттаспақ. Әділқазылар алқасының төрағасы Нанни Моретти болса, екінші бір «Ерекше қөзқарас» байқауына қатысатын фильмдердің жеңімпазын британиялық актер Тим Рот анықтайды.
65-ші рет өткізіліп отырған бұл кинофестивальге бас аяғы 38 елден 50 кинотуынды қатысады.Ішінде қазақстандық режиссер Дәрежан Өмірбаевтың «Студент» фильмі де бар.

Дәрежанның бұл фильмі «Ерекше көзқарас» бөлімі бойынша қытайлық режиссер Лу Иенің «Mystery» атты туындысымен бірге мамырдың 17-сі күні көрсетіледі.
Канн кинофестивалі, Дәрежан Өмірбаевтың фильмі
Дәрежан бұл байқауға алғаш рет қатысып отырған жоқ. 1998 жылы «Киллер» атты фильмімен қатысып, жеңімпаз да болып үлгерген.Киллер
Одан кейін 2001 жылы «Жол» атты лентасымен қатысты.жол
«Ерекше көзқарас»(Un Certain Regard) — Канн кинофестивалінің негізгі бағдарламасынан кейінгі екінші маңызға ие байқау. 1978 жылдан бері өткізіліп келеді. Мұнда жеңіске ие болған фильмге Француз еліндегі прокаттық таралымда басылымдылық беріледі. «Ерекше көзқарастың» ерен Гран-приін 2008 жылы Сергей Дворцевойдың «Тюльпан» фильмі де иемденген болатын. Тюльпан.
Фестивальдың негізгі жүлдесі «Алтын пальма бұтағына» биыл 22 кинолента таласады. «Канн кинофестивальдерінің сарайындағы» сахнаның шымылдығын «Королевства полной луны» (Moonrise Kingdom, Уэс Андерсон) киносы түреді. Фестиваль 27-мамырда француздық режиссер Клод Миллердің «Тереза Декейру» фильмімен жабылады. Ол осыдан он екі күн бұрын, дәлірегі 4 мамыр күні бақилық болған еді.
пы.сы Жоғарыда аты аталған қазақстандық кинолардың ешбірін көрмеген екенмін. Бірақ, осы жерде бір жеңімпаздың бір жеңімпазға көңілі толмағандығын естіртіп, өзім дұрыс көретін Ермек Тұрсыновтың «Келін» фильмін де жерге бір-ақ ұрған пікірін ашық білдіретін мынабір сұхбатпен да бөліскім келеді.
Бөлісу:

5 пікір

zholantai
Өзім, Джон Керуактың «Жолда» романының желісімен түсірілген Вальтер Саллестің аттас фильмін тағатсыздана күтіп жүрмін. Және Дэвид Кроненбергтің «Космополисін». Паттинсон ойнайды деп емес, режиссердің «Опасный методы» ұнаған,
asaubota
байқауға қатысып жатыр ма конкурсант болып әлде тек жәй көрсетілім болады ма?
patick
Кинотуынды түскен байқау — «Ерекше көзқарас» (Un Certain Regard) деп аталады. Ол мәні жағынан Канн кинофестивалінің негізгі конкурсынан кейінгі екінші болып есептеледі, — дейді Киностан.
zholantai
конкурсант ретінде қатысып жатыр,
толығырақ, Каан кинофестивалі 1946 жылдан бері өткізіліп келеді.
Әр жылы мамыр айында тұрақты төрт түрлі:
Негізгі конкурсқа қатысатын фильмдер «Алтын пальма бұтағына»таласады;
Одан кейінгі екінші деңгейлі «Ерекше көзқарас»(Un Certain Regard) деп аталады. Біздің «Студент» осы конкурсқа қатысып жатыр;
Келесі, қысқаметражды фильмдердің таласы;
Төртіншісі, Синефондасьон (Cinefondation) атты студенттер шығармашылығына арналған конкурс және басқа да байқаудан тыс, қосымша бағдарламалар бойынша ұйымдастырылады.