«Блатной» нөмір аласың ба?

Біраз күннен бері Жол полициясы автокөлік нөмірлерін сату туралы бастама көтеріп жатыр. Сатылатын нөмірлер екі санатты болмақ. Біріншісі ерекше, екіншісі сұранысқа ие нөмірлер. Олардың бағалары 1,5 мың доллардан 2,5 мың доллар аралығында екен. Жолполдағылар ерекше санатқа 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009 нөмірлерін жатқызды. Көбірек сұранысқа ие нөмірлер: 100, 200, 300, 400, 500, 600, 700, 800, 900, сондай-ақ 111, 222, 333, 444, 555, 666, 777, 888, 999 екен.

Арамызда нөмірқұмарлар бар ма? Жынды нөмір сатып алушы ма едің? Әлде, нөмір болса болды ма?
Бөлісу:

20 пікір

Erbol
Таныс жігіт әулетімен көліктеріне 033 деген санды нөмір алады. «Әулетіміздегі дәстүр»,- дейди. Тағы бір досым 646 деген нөмірге ғашық. Көлік ауыстырса, сериясы бөлек болса да, сандарын сондай ғып қалдырады. «Осы нөмірмен жүрген бірінші көлігімді арзанға, өте сәтті алдым, ұрмай-соқпай айдап, 2 есе бағасына сәтті саттым. Содан кейін осы санды нөмірді алғым кеп тұрады»,- дейді. Көбі понт үшін алғысы келетін сияқты.
a63a1
нөмір болса болды, тез жатталатын нөмірлерді ұнатпаймын
aikarakoz
Мен мысалы қымбат көліктің иесі болсам, қалтам мен статусым көтеріп тұрса, алар ем. Әрине понт үшін.
Marationok
Мен мысалы қымбат көліктің иесі болсам
менде көп ақша болса, мен бай болсам, мен мәңгі өмір сүрсем ©
aikarakoz
бұл жерде тілек ретінде емес, «Егер де» деген болжаммен айтылып тұр ғой
AKY
бірақ мүмкіндік болса, қарсы емессің ғой?
aikarakoz
Қарсы емеспін  Телефонымның нөмірінен байқауың керек еді
asaubota
қымбат джиптардың почти барлығында айналы номерлер ғой. понт үшін алатын шығар.
omarbirat
"Қазақ" деген сөздің өзі айналы ғой өйткені Понтқұмарлық ұлтымыздың атауында да бар
asaubota
мен басқа 5 әріпті айналы сөз білемін
omarbirat
Нөмір болса болды.

Айтпақшы, енді әріптік кодтарды алып тастап, аймақтарды Ресейдегідей нөмірлейтін болды деп жатыр ғой. Нөмірлік белгіде көк ту бейнеленетін болыпты, сосын.
Abilakim
әр адамның соткасының нөмірін жазады деген сыбыс рас па?
екі номері болса біреуін таңдайды машина иесі дид
a63a1
сол алдын ала өткізіп тиын жасап қалу амалы ма деп қалдым, нөмірдің түрлері өзгерейін деп жатыр дегенді естіген едім
boztorgai
өзіме 141 құт боп дарыды
автотану белгілері өзгеред деген сыбыс бары рас
araika
Былайғы кезде қаншалықты ұмытшақ болғаныммен, осы көлік нөмірлерін тез жаттап қалатын «мықтылығым» бар. Кезінде 520 деген нөмір аса қымбат болған

Нөмірқұмарлығым да бар шығар, себебі маркасынан бұрын сонысына қараймын. Және көп сұранысқа ие, оның ішінде таңбалануы бірдей нөмірден бас тартпас ем…
Marationok
оны қойшы, сенде қанша лексус бар, соны айтшы
Erbol
B232WAN деген нөмірмен жүрмін. Өзіме ұнайды.
mirasasem
Менің жолдасым 3 рет көлік ауыстырған. Бәрінің номерінде 7 саны болды. Жақсылыққа баладық. Қазақпыз ғой
mirasasem
Естуімше Маңғыстауда 362 деген номер 10 мың доллар тұрады екен