Бердібек Соқпақбаев: “Балалық шаққа саяхат”

Бүгін сіздердің назарларыңызға өзімнің жасаған кезекті epub, яғни электронды кітапты ұсынбақпын. Бұл, әйгілі “Балалық шаққа саяхат”. Кәдімгі “Менің атым Қожаның” “әкесі” Бердібек Соқпақбаевтың келесі бір шедеврі. Сонау балалық шақта ағам мен апамнан қызғанып, жастықтың астына тығып оқыған кездерім әлі есімде. Сырты көк, соңғы кезде шыққан нұсқасы болатын. Ол кітаптың алғашқы романы “Өлгендер қайтып келмейді” еді. Амандық болса, оның да осындай электронды түрін ұсынып қалатын болармын. Ал әзірше Бекеңнің қиын да күрделі, қызыққа да, шыжыққа да толы балалық шағынан хабардар бола тұрыңыздар.
Кітаптың төте сілтемесі мына жерде.



Осыған дейін жасап шыққан электронды кітаптарым:
Абайдың қара сөздері
Құран Кәрім (Қазақша аудармасы)
Мұсылман қорғаны
Бұл кітапты Андройд құрылғысы арқылы қалай оқимын деген сұрақ үшін мына жерге барыңыздар
Бұл кітаптарды компьютерде оқу үшін Calibre немесе FBreader бағдарламаларының бірін қондыру керек.
Кім Bookmate әлеуметтік желісінде тіркелген болса, сол жақтан да мені @timusha деген атпен іздеп тауып алып, менің жасаған барлық кітабымды бірден оқуға мүмкіндік алады. Оның жақсы жері, компьютеріңізге ешқандай бағдарлама орнату қажет емес. Браузер арқылы оқи бересіз. Ал егер Андройд не АйПад, АйФоныңыз болса, онда Bookmate деген тегін бағдарламаны қондырып алып, бірден барлық кітапқа қол жеткізесіз.
Бөлісу:

16 пікір

sammita
жалғасын тапсын, рахмет!
Бұлар қанша оқысаң да жалықтырмайтын кітаптар ғо.
e_zhalgas
жалғасын тапсын
AKY
рысбектен басқа айтарым жоқ
aikarakoz
Алақай! Қондырып аламын, рахмет, Тимур аға!
e_zhalgas
букмейтте былай бар болғаныммен, тұтынбаймын. гаджет жоқ
timurrr
Комптан жақсы оқылады букмейт арқылы
e_zhalgas
комптан жақсы оқылады, иа. бірақ, уақыт бола бермейді оқып отыруға
izbasar
Тамаша Тимур мырза! Өткенде құрылтайдан кейін Epub арқылы кітап жасауға менде талпынған едім. Бірақ келістіре алмадым. Мүмкін қол созарсың.
timurrr
Рахмет. әрине. Бірақ, нақтырақ айтқанда?
satibaldi
AL-ASTER
бұрын менде соткада операда осындай еді, уақыт өте келе оған да үйренед екен әрпінннстің