Старт-ап іздеп жүргендерге!!!

Ия, ия: менің жобаларымды біреу қолдайд деп тіпті де үміттеніп отырған жоқпын. Бұ қу мекиеннен Силикон Алқабындағыдай инвестролардан гөрі, силикон емшекті қатындар көбірек кездесетін шығар.
Бірақ, епті, осы бірақ деген құртады ғой, — кім біліпТ? Қарап тұрсақ, кезінде Твиттер де арзанқол сырадан бас көтермейтін біреудің сандырағы емес пе? Ал Рамблер.Ру тұрғанда, Google ауызды ұрып кетед деп кім ойлаған? Қойнақ, ертең, ең болмаса айттым ғой деп өзімді жұбатып жүрейін: бірер стартаптарымды ұсынсам деймін.

1. Negatiff.kz – ызаға толы мұңлы портал

Мақсаты: қаззақ жастарын — дүниенің боқ екендігіне, мынау қу пәни шын мәнінде ашулы адамдардан, озбыр сұмырайлардан тұратынына үйрету, машықтандыру. Ә десе Мә дейтін мінез қалыптастыру.
Жұмыс тәртібі : Күнде сағат 12.00-де сайттың «отыншы», «балташы» деген статус берілген мүшелері, қаззақ сайтарындағы боқжағыс, қаралау-күйе жағу, ғайбаттау, балағаттауға толы пікірталастар мен жазбаларды сайтқа салады:

Өз кезегінде сайт оқырмандары айтақтап-үриттеп, қарсылас жақтарды бірі-біріне айдап салып отырады. Өзге сайттардағы төбелес кейіпкерлеріне шақыру жіберіледі, ұрыстарыңды бізде жалғастырыңдар деген. Алда-жалда Мейіргүл Оңғарова сияқты арашалаушылар табылып жатса, сайттан дереу қуылады.

2. Undeme.kz – мылжыңдардың профилактикасына арналған пыртал

Күніне неше мың адам артық сөз айтып қоғаны кесірінен көтіне пәле тілеп алып жатады. Басына емес: бастары әлдеқашан бұрынғы ашықауыздығының кесірінен мертіккен.
Қолданушы Undeme.kz пырталына келіп, белгілі уақыт аралығында аузын жауып, көтін қысып жүруге уәде береді:



Әрине, уәде берген адамды диктофонмен ешкім аңдып жүре алмайды, енді сол қалып ед нақ. Бірақ, өз ары алдында сөйлеуге қобалжып, бір-түрлі болып жүреді.
Егер адам қайта-қайта уәде беріп, ақыры мылқау боп қалса – логопедиялық мақсаттарға aitaber.kz порталына жіберуге болады.

3. Notfound.kz – порталсыз портал

Бұл енді тек Notfound.kz адресін сатып алып, дым істемеумен шектелетін портал:



«Ой, қазірде жоқ емес сайт жоқ қой!» дейтіндер шын мәнінде – жоқ сайттың жоғын қаперінен шығарып алып жүр, түсінесіздер ме? Ендеше, олардың сөзі толық расталуы үшін, осы атауды сатып алып, ішіне дым істемеу керек. Әйтеуір дүниеде жұмыс істемейтіні анық ең болмағанда бір портал барын біліп жүретін боласыңдар, уа, жама’ат!

Банзай, стивбалмерсстер өңшең!!!
Бөлісу:

15 пікір

Abilakim
Егер адам қайта-қайта уәде беріп, ақыры мылқау боп қалса – логопедиялық мақсаттарға aitaber.kz порталына жіберуге болады.

asaubota
соңғысын жасау үшін аздап еңбектену керек. өйткені пысық хостерлер өздерінше домен папкасына default файлдар салып қояды. соларды өшіріп тастау керек болады.
satibaldi
Бұ қаззақ ертең бұрған 35 млн. теңге кетті деп шығаратын жері қызық болад та
Abilakim
бірінші сайтқа біздің сайттан біраз қолданушы кетіп қалар)))
e_zhalgas
біріншісі — ой!

пы.сы. баяғы блогкэмптен кейінгі эйфориялық сәттердің бірінде nesteimiz.kz деген сайттың сұлбасы біраз шырамытқан еді.
ushkin
Бұдан туатын қорытынды: Сәтеке де Массагетті оқып тұрады екен  Сатыбалдыны Массагет.кз сайтына жұлдызды блог жүргізуге шақырамын!
satibaldi
Массагетті оқып тұрады екен
Мұныңыз маған бір әбден сақалы өсіп, ламашарифтен тығылып жрүген бір әнекті еске түсірді.
Алғашқы адам баласының күнделігін қарап, налып отыр екен дейді:
— Математикадан 2 алыпсың, жақсы, оны қиын сабақ дейік. Бірақ тарихтан 2 алғаның не: балам-ау, бар-жоғы екі бетке де жетпейтін тарихымызды оқып алу қиын ба?
Abilakim
мониторды тағы былғадым)
Gastarbaiter
Банзайсаң банзай, пьяншік нақ.
Мына тақырыптан айырмашылығы не?
GulL
Егер адам қайта-қайта уәде беріп, ақыры мылқау боп қалса
 өртедіңіз