Оқушылар интернетті топастандырады

Қайран интернет… ауышқа да сауға да, әшәуі пішілмеген геймер баладан, алжыған альцгеймер шалға шейін қолдарына пернетақта беріп, контент тудыруға жетістіріпті.
Біздің бала кезімізде микрофон мен дыбыс шығару құқығы тек утренникте тақпақ жаттап келгендерге ғана бұйыратын. Бұйырмаса ол да жоқ. Бор тауып, гараж бен туалетті шығармашылығымызға қандырушы ек… ей, қу дүния…
Ресурсты арқасы қозулы, маниакалды максималист охуйшылардың мазасыз легионынан оқшауландырудың амалы бар ма? Адам саны ғана маңызды болса, бір жасар қызыма аккаунт ашып берейін. Пернетақтаға не басса, соны жариялап отырайын.
Бөлісу:

43 пікір

Gastarbaiter
көрнекі мысалдары www.kerekinfo.kz/my/Robin/
Оқыңдар балалар, оқысаңыз балалар шамнан шырақ жағылар, бірақ камоон ащее, мұндағы аудиторияны опустарынмен тамсандырасындар деген соқыр сенімді кім ұялатты бүйректеріңе?
Сендер түге ересектердің арасынан адекват табу арман боп жатқанда қоя қойсаңдар қайтеді? Қазнеттің дамуына үлестеріңді екінші жыныстық ерекшеліктерің толық дамып, сүйектерің қатқанша ештеме жазбасаңдар ғана қосқан боласыңдар.
Сол кезде ең болмаса СаянҮш ағаларың сияқты соттасып, сандырақтарыңды заң жүзінде қорғай аласыңдар.
Zilola
Грин осы сенің камон деген сөзіңді абажаю, өщіп күліп аламын алмансыз
dark_nazgul
оның бәрін айтып тастағанбыз. айтып айтып, «бала тілі бал» деген тоқтамға келіп, күліп қана отыруды жөн көрдік. )))
Medet
көп сөйлейді екнесің
ken
Оқушылардың тек оқушы болғаны үшін ғана интернетті топастандыруы мүмкін емес.
Gastarbaiter
Кен, сен түсініңшейш, оқушылардың тек оқушы болуына ешкім де қарсы емес. Бірақ жазушы болу үшін аз кем жетілгендері дұрыс сияқты, тым болмаса кәмелетке толып дегендей.
ken
Кәмелетке тола салып жазушы болып кетпейді ғой енді. Өстіп-өстіп үйренеД та
Gastarbaiter
))) Дұрыс, сен олардың эксперимент алаңы бола ғой, мен пас,)))) Әр баланың емшек безі шошығанын куәландырып отыруға, уақыт та, құлық та жоқ.))))
Medet
Іріген ауыздан шіріген сөз шығады
Gastarbaiter
Қай жері іріп жатыр таза физиология.
Medet
онда одан да тереңірек барып жазсаңшы, физиология мен уятты шатастырып алмасаңшы, ЖАЗҒЫШ БАУЫРЫМ
Gastarbaiter
Болды енді ақталмай-ақ қой.
Medet
Әттең, сенің кәмелетке толмаған шағыңда не істеп, не қарық қылғаныңды айтар адам болса ғой
Gastarbaiter
Кәмелетке толмай тұрғанда менің де жетіскен жерім шамалы.
Мен кәмелетке толмағандарды кінәлап отырғаным жоқ, өйткені олар санасының бар жеткен дүниесін зор үмітпен көздері мөлтілдеп осы жерге қояды.
Олардың жүрегіне соқыр сенім ұялататын мына сіздер.
Сосын көздеріндегі қызғылт әшки реализммен бетпе-бет келгенде шытынап, ғалым-инженер болатын бала Сатыбалды сияқты ішіп кетеді.
Әйтпесе, бала-шағаға иттігім жоқ, бірақ осы бастан, талпынуға тұратын дүние оңайлықпен келмейтінін білсін.
Әлденені көшіріп сала салғаннан, немесе әлденені өзіне дейін ешкім қозғамаған, әлем өмір сүріп, ізденіп, өмірдің мәніне үңілуді олар бірінші сыныпқа барған кезде ғана бастамағанын ұғуы керек.
shimaibek
Ресурсты арқасы қозулы, маниакалды максималист охуйшылардың мазасыз легионынан оқшауландырудың амалы бар ма?
Сайтқа тіркелгенде толтырылатын анкетаға жасын көрсетуді талап ететін сұрақ және сонысын растайтын төлқұжат ұсынуды міндеттеу керек. Сонда, 18-ге толмағандарға кіруді шектеуге болады.
Тым көлгірсіп кеттім-ау деймін.
Gastarbaiter
Шектеу емес, оқшауландыру амалын қарастырған жөн. Мысалы, Пионерлерге арналған қауымдастық, онда олар: ЕНТ, Тегін реферат, Оңбаған завуч, Кім класста атаман, Рональдо мен Кличко тығылмашақ ойнаса кім жеңеді, Джекоб мықты ма, Эдвард па? Джессика Альба және алғашқы мастурбация мәселелерін еш сынға қалу қауіпінсіз, ағай апайлардың санасын балағаттамай, емін еркін талқылауына мүмкіндігі болар еді.
Unknown
 
не ғо 1 балаға бола олай нерв құртпа, санасың тігіп көр…
Мен де әлі 18-ге толмадым, қуғынбай пост жазып жатқаным жоқ. Прост қыстырылып кететінім бар.
Milzhyng
Дұрыс айтасың, толық шектеу емес, оқшауландыру идеясы жөн екен.
Робин бір-ақ бала емес, алғашқылары боп тұр ғой ))
qusbegi
Mashina garazhdyn ishinde bolsa, onyn esigin ashpai jatyp minu mumkin emes
Gastarbaiter
паника негізсіз емес, Аннауын, Юзверь, тагы коп ғой басқалары. Жеке басым талай ресурстардың жасы жасырын оқушылардың көбеюі кесірінен ересектердің өздерін ыңғайсыз сезініп, ақыры солардың деңгейіне лайық болуға тырысуының куәсі болдым.
, анкетаға жастарыңды көрсетіп қойыңдар, аңқау бірдеме жазып, оңбай сыналған соң " енді жаспын ғой, қатты соттамаңдар" деген отмазка өтпейд. Жасыңды жазбасаң үлкендерше сотталасың. Мен де Митхун болып араша түспейм баяғыдай. >)))))))))
User
Оның емі минустап ұйықтату… Менде кезінде қуғынбайшылық танытып минустандым ғо.
Понятия жоқ Робинде) сұрақ-жауаптада қуад
Gastarbaiter
сенде понятия вагон-вагон шығар нақ, лібә, жетісіп қапсың дедтарға жағам деп өз призывына секіретін духтарды әскерде калай «жаксы» коретинин керзиын әлі шешпей жүрген Аблякімнен сұра.)))))))
User
Иә, иә ұтылдым
izbasar
Мойындағанда батырлық!
saken
оқшауландырудың амалы бар ма?
оларды оқшауландырудың амалы жоқ сияқты. Бірақ өзіміз оқшауланып алуымызға әбден болатын сияқты. Жабық қауымдастықтар құру арқылы. Оларғада стимул болар еді, жөні түзу әңгіме жазу арқылы жабық қауымдастықтың есігін ашуға.
asaubota
тек қана оқушылар емес. ересектер арасында да бар эфирді ластайтындар.
Gastarbaiter
оебуу, несін айтасың… Эфирді былғаушылар аз болса, бірен саран малолетканы көпсінбес те едік…
Medet
Ақыл жастан, асыл тастан.
AL-ASTER
Оқушылар? Мүмкін жазушылар? )))
shimaibek
Оқушылар? Мүмкін жазушылар? )))
Мектепте оқитындар!
Serzha
оқушылар дегенде оқушылар деңгеуіндегі сана ғо
John
Бір кем дүние-ей /Шерхан /…
direct
көрнекі мысалдары www.kerekinfo.kz/my/Robin/
Оқыңдар балалар, оқысаңыз балалар шамнан шырақ жағылар, бірақ камоон ащее
Пікіріңнің осы бір жеріне жер тоқпақтап рәсә күлдім, өртейсің әңгімені))))))))
Постыңдағы пернетақтаайхайыңды оқушылардың әлгі бір мүшелеріне жетіп баруы/бармауы әй қайдам)))))
Сырттай порталға кіріп оқитын оқушылар «керекинфоның да завучы бар екенғой» деп отқан шығар)))))))))))))))))
Medet
Қысқасы, мына жазғыш бауырыма айтарым ИТ ҮРЕДІ КЕРУЕН КӨШЕДІ! Сөз түсінетіндер түсінер, түсінбейтіндер үріп отыра берер. Қатты кеткеніме айып етпеңдер, басқа амал қалмады. Сөздің парқын түсінбейтін мылқаулар мен Алладан қорықпайтын, аузынан берекелі сөз шығып, үлгі бола алмайтындар қарынымды қатты ашытты. Айтқан әр сөзіне ақыретте жауап беру керектігін тусенсе нетті.
Gastarbaiter
Кетші-ай, ызыңдаған тәлпіш баладай ызбайланбай.
Medet
Компьютердің арғы жағынан шығарып алып, жаныңды қинап, көзіңе көк шыбын уймелетер ме еді
Gastarbaiter
Семен бырат осындайда «Делай красиво» дейтін еді.