Ал, жуыңдар...

Жылдың аяғы. Барлық мекемелер жылдық қорытындыларын жасап жатыр. Сонымен, маған ешкім ондай құзырет бермесе де осындағы қыздар жайлы қорытынды жазба жазсам деп отырмын.Барлығыңызды қамти алмағаныма кешірім сұраймын.
Өздерің тағы қандай номинация ұсынасыңдар?

МАДЛЕН — бұл қолданушыны «Жыл аруы» номинациясына ұсынар едім. Оны таңдағанда іш киіммен жүргізіп, ақылын, білімін тексеріп байқағаным жоқ. Осы қыз лайық деп ойладым және әлі солай ойлаймын.

АЙЖАНТАБЫН-бұл қыз жайлы не айтуға болады.«Жылдың жабырқаулы жаны» атты номинацияны қонжығасына байлады.Осы бетінен танбаса келесі жылы да өз тәжін сақтап қалады деп сенеміз.

АЛИША-соңғы кезде көрінбей кеткен қолданушы.Бізге өлең оқыған дауысын жібергенін ескере отырып "Қоңырау дауысты қыз" номинациясын табыстаймын.

ГҮЛСТАН — «Гүл ханшайымы» номинациясының талассыз иегері.

ВКМ-басшылыққа қарағанда қосшылыққа жаралған жан секілді. Кім не айтса соны тез қостайды.Ешкімнің көңілін қалдырғысы келмейді.Әрине қыздар тарапының.Бір қыз біреуді жамандаса жабыла кетуге де әзір.Сондықтанда "Қосшы қыз" номинациясы осы аруға ғана лайықты.

ҚАРА НАЗГҮЛ (dark_nazgul)- «Жыл жаңалығы» номинациясына лайықты деп табылды. Себебі, бұндай қыздың арамызға қосылуы шынымен жаңалық. Егер, арамыздан қонжығын сүйреткендер немесе аңда-саңда пікір жазып қана жүретін кез келген қыз кетіп қалса дәл осындай жаңалық бола қоймас еді.

АЙГӨЛЕК — "Қисық қыз" номинациясының иегері. Жігітіміз бар қызымыз бар барлығымыз жабыла айтсақ та қазақ әріптерін қолданбағанын өздеріңіз білесіздер. Мүмкін ұялы телефонмен кірер, мүмкін осылай қалыптасып кеткен болар. Дегенмен, жаман қыз емес.Орысша қосып ойын жеткізетіндердің жүзіне айырбастамас едім.

ЖАН-«Ашық мінез» номинациясының бірден бір иегері осы машалка бас қыз.Ренжісеңдер де ренжімесеңдер де бұл номинацияға басқа лайықтыларыңыз жоқ.

САММИТА-бұл қолданушысыз қалайша қорытынды жасауға болады? Әрине, болмайды. Бұл кісінің номинациясы өте ұзақ."Қыздар арасындағы ең әділ жан"

Айтпақшы, топ ретінде берілетін бір номинациям бар екен ғой. Мұтып кете жаздаппын.«Апашки» номинациясы.Бұл арнайы сыйлықты Бальзаминка, Алтыградус және Айжантабынның триосына бердім.
Бөлісу:

118 пікір

ErNur
 Мен бұл тізімнен Алиша мен Гүлстанды көре алмадым ғой? Мүмкін Алиша соңғы кездері кірмей кетті оның да бір себептері болар, осы қыздарды өзбасым өз орындары бар керектің белсенділері санаймын. Олар да бір-бір номинацияға лайық қыздар деп ойлаймын.
Abilakim
Әрине,қоса отырыңыздар
Abilakim
Братжан, екеуін қосып қояйын. Номинацияларым лайық па лайық емес пе айтарсың
ErNur
Қосып көр көрейік
KILYZAMAN
Ал, жуыңдар...
— кімді, нені, неге? Өздеріде саф алтындай емсепе? Керектің жауһарлары ғой шетінен!
Abilakim
номинацияларын жумай ма?
AKY
Номинациялар — құсық, аффтарды зынданға!
Abilakim
Осыны зынданда отырып жаздым,Wi-Fi ұстайды екен
Abilakim
Сіз өзіңізге тәж бұйырмаған соң реніштісіз бе?
AKY
Ренішті болсам, керісінше үндемей қалар едім, сенің осылай айтатыныңды білем ғой.
Шын ойым: үстірт жазылған. Банально.
Abilakim
үш күн ойланып жазбағанымды мойындаймын.
Abilakim
Кімнің номинациясымен келіспейсің, айта отыр ойыңды
AKY
МАДЛЕН — бұл қолданушыны «Жыл аруы» номинациясына ұсынар едім. Оны таңдағанда іш киіммен жүргізіп, ақылын, білімін тексеріп байқағаным жоқ. Осы қыз лайық деп ойладым және әлі солай ойлаймын.
талас жоқ әрине
Лайық деп ойладым.
Сенің жеке ойың кімге керек? Өйткені былай да, былай деп негіздеп, жақсы қасиеттерін жазуыңа не кедергі болды?
АЙЖАНТАБЫН-бұл қыз жайлы не айтуға болады.«Жылдың жабырқаулы жаны» атты номинацияны қонжығасына байлады
Мынауыңмен де келіспеймін. Тым біржақты.

САММИТА-бұл қолданушысыз қалайша қорытынды жасауға болады? Әрине, болмайды. Бұл кісінің номинациясы өте ұзақ."Қыздар арасындағы ең әділ жан"
Мынаның неменеге сүйеніп бердің?
ГҮЛСТАН — «Гүл ханшайымы» номинациясының талассыз иегері.
Гүл өсіреді, значит, сондай дегенің бе?

Жалпы барлық номинациялардың атауында бірдеңе жетіспейді. «Апашкиің» тіпті қисынға келмейді.
Тек "Қосшы қыз" номинациясына жымидым.
Abilakim
Мен жұртты қалай таныдым солай бердім бағамды. Маған солай көрінгені ендеше
Erlan
мына суреттігі модель еш қандай номинацияға ілікпима ?)
omarbirat
Шарпыдағы 2009 деген жазу көптеп күмілжітіп тұрғаны
sammita
неге? әлгі статистика агенттігінің төрағасы тиын жымқырып қашып кететін 2009-санақ есіңде
Aikona
Не деген ару мынау, тел номерін лақтырып жіберіңдерш
Zilola
Ысқырық пен фонарик не үшін?
sammita
қараңғы көше, подъездер үшін фонарик, ысқырық иттерден қорғануға)) майкі мен шорты не үшін десей)))
konvict
Көралмаяатр AKY апай
AKY
Осы сен-ақ сөйлемеш ваще.
ЗЫ: Ия, ішім күйіп өртеніп барам
Altygradus
Ренішті болсам, керісінше үндемей қалар едім, сенің осылай айтатыныңды білем ғой.
Шын ойым: үстірт жазылған. Банально.

адам өресі жеткенінше ғана жаза алады АКУ, артық талап қоймай ақ қой))))
Abilakim
Сізге "Өре өлшеуші" деген номинацияны кеш тапсырып отырғаныма кешірім сұраймын
AKY
Қыздар өлшеуіш, 3бұрышссс
Aramza
Сізді жазбасына қосып жіберсе мүмкін басқаша сайрар
ма едіңіз кім білсін.
адам өресі жеткенінше ғана жаза алады АКУ, артық талап қоймай ақ қой
Ондай болса сіздің өреңіз ас бөлмеден шықпай қалғанға ұқсайд
Nurgisa
Алиша көрінбей кетті, жылдың соңындағы қарбаластар жұтып жатқан шығар. Қайда жүрсе де аман жүрсін кекілдінің анасы!
Zhan
Иә, Нұреке, папа боп жатырсыз. Қызыңның атын кім қойдың, енді… Сұрамасақ айтатын түрің жоқ
AKY
Салтанат деп жатыр ең әділетті Саммита ханым.
dark_nazgul
әдемі есім!
AKY
Ия, Салта деп еркелетуге де болады.
dark_nazgul
о. бауы берік болсын!
Bekzhan
Шыныменде Жансая ашық мінезді, келісемін. Айгөлек деген қай қыз еді?
salta
келістім дейсің бе? ай, Жансая, ұста мынаны… әйтпесе, Айгөлек деген кім деп, ойы сан жаққа жүгіріп жатыр уже…
Zhan
Толыбай мырза Айгөлекті танымағандықтан сұрады. Сосын Айгөлектің өзі шықты да таныстыра қойды. — деп Нұрғиса ағай «Керекшілерге» түсіндіріп жатса да…
salta
қарындас, менікі жәй тойға барып, Бекжанның тойында 5 шампан ішіп қаламын ба деген үміт қой… Бекжанның тұрақты да сенімді жігіт екеніне көзім бааааяяяғыда жетіп қойған… а так Бекжанды кез-келген шүйкебасқа қимас едім… сен өзіміздің қыз болған соң да…
Zhan
Не деген жомарт едің, қидың ба маған дрсыңды?..
salta
өзіміздің дедім ғой…
asaubota
Админ ретінде жеке жүлде берер ем. бірақ, ол номинацияға үміткер көп. менің номинациям Керектің келіншектеріне:

Керек Келіншектері: sammita, alisha, dark_nazgul
balzaminka
мүмкін тұрмыстағы қыздары шығар? Күйеулердің заты тұрмақ, атын да білмейміз, қалай келіншек?
asaubota
қыздардан бөліп айтып жатқаным ғой. олар да қыздар ғой, бірақ қыз емес келіншек қой енді.
Abilakim
Келіншектер жақсы ғой.Қыздан келіншек ыстық деген.Келіншекке бергісіз қыздар да болады бірақ…
dark_nazgul
Келіншекке бергісіз қыздар
беті ашылған ба?
Abilakim
Беті ашылған қыздардың болатыны жасырын емес ешкімге
Zhan
О, Айсұлтан, Беке, жылы лебіздеріңізге рахмет!
AKY
Abilakim
Жымиясың сен неге?@Мартбек Тоқмырза
asaubota
әттең женатик болып кеттік а то Жансаяға движение жасар едік

қол қойғандар: мен және тағы 3 женатик жігіт
Abilakim
Жансаяны ініме әперейін десем, інімнен әжептеуір үлкен.Бұл бірінші, екінші жағынан...қойш, айтпайм)))
Armanjan
айбиииии Әбеке, Қалдоқты «мұтып» кетіпсің!
Abilakim
Қалдықыз қалып кетіпті десең,ә)))).Бәрін тізе беруге болмайды ғой.Биылғы номинациялар осынша ғана.Бюджеттен бөлінген қаржы осынша номинацияға ғана жетті
Zilola
Менен не жамандык кордiн?
Abilakim
Жамандық көрсем кіріп кетер ме едің? Жоным-оу, сен зиянсыз жансың ғой.Усыз жылан секілді)))
Zilola
Арманиге адрестелген ед, маган деген сезiмiндi бугiн уктым )))
Abilakim
Саған деген сезімім баяғыдай.Баяғыда да осындай еді.Анау усыз жылан сөзі қалжың түсінетін қызға қалжың болып көрінеді
Zilola
Арине калжынды тусiндiм

Минустау ау бастан адетiмде жок!
Abilakim
Жаман әдеті жоқ қыздарды ұнатам
Abilakim
Саммта ханым бұл сайтқа пікір жаза алмай отырған себепті мына бір өлең жолдарын әңгімемізді осында жариялауымды өтінді.
Abilakim
Каламкас Темiрбаева (15:51):
сыйлық қайда, мен неге соңғымын, я жасымды я тіркелген күнімді я рейтингімді ескерсең де топ бастап тұрар деңгейім бар сияқты еді<###20###img012>

Каламкас Темiрбаева (15:51):
сайттың взносы төленген, бухтан тексерсең боладыid=403 alt=': Дразнюсь:'

АЙСУЛТАН ЖАКУПОВ (15:52):
))))

АЙСУЛТАН ЖАКУПОВ (15:52):
Сыйлығыңыздың есебі ретінде қаламызға бір келгенде комплексный обед менен

Каламкас Темiрбаева (15:53):
мына сөзімді сайтқа сал да, ресми жауап бер. ертең айынп қалсаң.
salta
sammita деген сұлудың есімі Қаламқас екен ғой… салем, погон таккан әріптес…
sammita
балшыларды ұнатпаушы ем
salta
онда сіз аттас қыз бар… бал ашып, үшкірік атқаным үшін кешіріңіз...
sammita
құдашам ол білем, МВД-дағы ғо.
Armanjan
Әбеке ақысын менің мойныма іліп қойсаң, «Мисс бикини» дегенді Делпинаға берген дұрыс? Сол соған лайықты деп ойлаймын!
Abilakim
Делпинаға өзің 13-ке апарып тұрып тапсырарсың
Aizhantabyn
Бикиниін де көріп қойған қандай қырағы едің.
Armanjan
енді жақсы таныс болғасын айтыватырмын да
Aizhantabyn
жақсы таныс бола тұра солай десең қызық екен. Браво!
Armanjan
тыра тыр не деп кеттің, мен оның фигурасының күшті екенін мақтав атсам, жаман ештеңе деген жооқ сияқты едім, не боп кетті сонда?
19852407
19852407
Жиылып ақ тер, көк тер болғандарыңа болайын
VKM
Бір қыз біреуді жамандаса жабыла кетуге де әзір.Сондықтанда "Қосшы қыз" номинациясы осы аруға ғана лайықты.
Мені бір дүлей қылып қойғаныңа рахмет
Abilakim
қатты шамданбағаныңа рахмет.Бәз біреулерге ұнамай қалып жатыр
VKM
Дәл сондай болсам, ренжімес едім… мен басқамынТәрбием сондай, ал сендерге біреуді жамандап,қосыла кететін қыз болып көрінсем, мүмкін өз қателігім шығар.
Aigolek
сол ариптерим ушин кисык дединдер ма не(
Aigolek
 мына смайдын орнында  болган
qisyq
Иии жаны сол, екі қисық болдық па…
Aigolek
Еки кисык бир тузу болайыкч
Gastarbaiter
Геометрияда қисайып ұқтағансың ғой. Әйтпесе екі қисық бір доғал болатынын білер едің.
Әзгі ниетпен,
Зануда-кун.
Gastarbaiter
Жеке сенің характеристикаң деп білем.
Зереге — нағыз Леди номинациясын ұсынбағаның қалай?
Тізімге таласым жоқ, бірақ көбіне соңғы бір екі ай ғана белсенділік танытпағандар ілінбепті.

 «Итті неге суға батырасың?» десе, «Мұхтар да сөйтті ғой, кетчварь я тут причом» депті бал тілді ВКМ кірпіктерін қағып.

Айжанатабынға жабырқау дегеннен көрі, ең драмматикалық тұлға деген атау сәйкес келеді.


Саммита ер балдардың досы, еркекше ойлай біледі, немесе сондай болып көрінуге тырысады.

Зилола, «Ой қасқа, болды ғо бәрі болды ғо несін айтайын, қазір қартайдееқ» деген көңілкүймен жазады. Біразымыздан жас болса да.

Қара Назгүлмен Айжанатабынды салыстырып, біреуін біреуінің есебінен мақтағаның ұнамады.Айжанатабынмен қай-қайсысыңнан да қатты ерегескен мен шығар. Бірақ…
Мен Қара Назгүлдің қалай сіңісіп кеткенін байқамадым да мысалы. Қара Назгүлдің еңбегін елей тұра, егер сен айтқан қонжығын сүйреткен мен туралы біраз естелік арқалаған, маған виртуал досье жазып бере алатын Назик қыз кетіп қалса, интернетте менің виртуал бір бөлігім өліп қалар еді.
sammita
әрқайсың өз нұсқаларыңды жазыңдар онда))))
VKM
 оооойййй, менің образым мүлде ашылмаған
Aigolek
Венерага кукла Барби или кукла Брадс деген атак лайык
VKM
 мяяя, Айгөлек,қайдағы кукла?
Жайыққа кетем бір күні… жлъядым… сонша отырған сайтта, біреу мені елді жамандайтын,өз сөзі жоқ,қуыршақ деп ойлайды екен… мамммаааа…
Aigolek
мен сени барибирде жаксы корем
Zilola
Менің образым жақсы ашылыпты
Gastarbaiter
Айтпақшы, ия, менімен дос болуға тырысып, менің қисық пікірлерімді (қай пікірім орынсыз екенін өзім де іштей сезіп отырамын, экспериментінсс) жақтай жөнелетін қыздардан, маған өзінікін дұрыстап, бел таянып шығатын қыздар найд.
Менің ұрсысуым мен ұрсыспауым мен ұнататын, ұнатпайтыным бір біріне тура емес, кері пропорционал.
Әдетте мен маған қызық емес қыздарға әріпімді де шығын қылмаймын. Түйе беріңдер.
nurbergen_makym
Лібә, қыздардың арасынан өзіңе де бір номинация бұлдап отырғаннан саумысың, нақ???
Gastarbaiter

Номинацияң не, Гран-При! Гранпри!

ПС. Жаңа Жылға жақсы көңілмен аттаған жақсы ғой. Блогымнан 2010-ж қарсаңындағы есебімді қарашы
Традицио
Aizhantabyn
хехе, мені онда ерекше ұнатады екенсің, бро)))))
блин, сені көрсем қайран он тоғызым деп жылағым келеді))))
asaubota
түйгенде не ғой есікті түйсек бола ма? а?

Түй есікті! Түй есікті!
Esmeralda
VКМ туралы айтқаныңызбен мүлде келіспеймін (жазып отырғым келмей тұр)
Егер, арамыздан қонжығын сүйреткендер немесе аңда-саңда пікір жазып қана жүретін кез келген қыз кетіп қалса дәл осындай жаңалық бола қоймас еді
допустим, мен сияқты анда-санда пікір жазып тұратын қыздар туралы айтып тұрсаңыз, келісемін, ал Aizhantabyn әпке туралы айтып тұрсаңыз мүлде келіспеймін.
Бальзаминка, Алтыградус әпкелер туралы да тек жақсы пікірдемін.
araika
ЖАН-«Ашық мінез» номинациясының бірден бір иегері
 Қосыламын, ойын бүкпесіз айтатыны ұнайды.
Ал Саммита — Үздіктердің үздігі! Керектің корректоры деген екінші атауды да беруге болады
meirzhan
Қосыламын, ойын бүкпесіз айтатыны ұнайды.
 Мён де. ищо добрый

Кереинфо-2011 қыс-көктем маусымының архивін қарап шығыпсың
araika
Осы архив дегенді қояйықшы, а? Ақтарып отырып экс-археологтарды тапқанмын, мұнша ұялта беруге болмайтын шығар
meirzhan
Дұрыс, археологтар архивариустарды қолдау керек.
Gastarbaiter
кімнің тауығы мөңіресе де, Мейіржанның шошқасының архив жайлы кісінейтін реті жоқ.
meirzhan

Өзге бұрынғы сайттардың арихивінде жүрмін қазір. Мына жақта пашти бәрі зерттеліп болды.
Zhan
Арай мен Мейіржан рахмет!
Gastarbaiter
Керектің корректоры
Ондай атау Ежелгі интернет дәуірінен бар. Кез-келген ресурста өз мойнына модераторлық қызмет іліп алған «Мастератор» болады, Мастұр батырмен шатырмаңдар.
Жөне қате іздейтын Граммор Фошызд болат. Сол Саммита
Аха, сосын аргумент таусылса өтірік Граммер Фашистқа мимикрияланатындар болат. Олар басқа.
— «Сорған креатив! автор/қызственник!»
— «Алдымен пунктуацияны үйреніп ал, сукамал! „Автордан“ кейін тире болады!»
Как-то осылай
sammita
Жөне қате іздейтын Граммор Фошызд болат. Сол Саммита
егер шынымен сондай болсам, сайттың беті қан жоса болар еді. А так маған бәрібір, сөз-ойдың жемісі. Кім қалай жазады солай қабылдаймын қазір
рақмет, рақмет, рақмет Гаста))
AKY
Бәрін бүлдірмей тұрғанда осы абыройыңмен кете қал енді
Әлгі әкіміңмен сөйлесейінЧ
Abilakim
Обшым, біраз бой сергітіп қалдық…
Aramza
Лібә нақ «Дара Қатын» номинациясын кімге берер едің?
dark_nazgul
маған
Aramza
Жоғе о недегеніңіз, неге олай ойлайсыз қымбаттым?
Aramza
Айтсаңшы, атың қандай, затың қандай?
тығырыққа тіреп кетіпсізғой, енді оқып жатырмын