Бестен енді асқан кішкентей жігіттің жүрегі.

Біраз тұмауратып, үйде болға немеремді балабақшадан алып кетуге бардым.
Әдеттегіден ертерек барғаным дұрыс болса керек. Немеремнің көңіл-күйі онша емес екен…
Апайы да біраз күмілжіп, балаңыз маған ренжуліні айтты. Себебін сұрап едім, өзі айтармен әзілдеп шығарып салды бізді…
Тысқа шықтық:
— Ата немен келдің?
— Автобуспен.
— Онда күте тұрайықшы Томиристі…
— Неге балам?
— Атасымен сөйлесіңізші, кәзір келеді оны алып кетуге.
— ?...! Не жайлы?
— …
— Балам, ертерек үйге жетуіміз керек.
— …
— Жолдан дүкенге кіреміз, не алып берейін?
— Гүл алайықшы.
— ?.. Балам оу, гүл сататын дүкен басқа жерде. Ертең мәшинесі жүргенде көкеңе айтарсың.
— Оййй, ол алмайды. Келекетеді.
-...? Балам, гүлді апайыңа сыйламақшымысың?
— Томириске.
— :-), :-), :-) Туған күніме еді?
— Жоқ, мен оған ашықпын. Бәрі біледі. Олда маған ашық. Бірге билеуші едік — мен ауырып қалғанда Ерлікпен билетіпті апай…
Бөлісу:

31 пікір

KILYZAMAN
Керекшілер тыныс белгілері мен емлеге сай жазуымды дұрыстауға қатыса отырыңыздаршы… Шылайтын жерді шыламай(шылау), тоқтайтын жерден өтіп кетіп(үтір), ойдан ойға секірер жарды(тире)… десем кете берер едім… ;-) Түсіндіңдер ғой! Үлгілі оқушыларың болуға барымды саламын!!!
asaubota
ашық = ғашық?
KILYZAMAN
Ол енді автордың сөзі :-) Ещ қоспасыз, қойыртпақсыз таза күйінде.
dark_nazgul
сіз шынымен атасыз ба?
KILYZAMAN
Апа емес екенім анық :-)
dark_nazgul
жоға, шынымен, немересі бар үлкен адамсыз ба дегенім ғой. мен осы уақытқа дейін сіз Керекте жай ғана «шал» образын жасап жүр екен деп ойлайтынмын)))
KILYZAMAN
:-), шалдың дәл өзімін. Орфо(э, г)..., грамм(100 емес)атика, стил(қала берсін) жағынан ақсағаным болмаса…
Adiletshu
Шал болсаңызда қуады екенсіз
KILYZAMAN
Басқа не қалды?..
KILYZAMAN
Жастардың ұйқыға құмарлығы түсінікті. Өзімде солай едім. Санам сол заманнан ояу қалса керек, маза бермейд… ИКД-ҚДБ
Adiletshu
Не туралы айтып кеттіңіз. Осы сіздің жазбаларыңызды мен кейде түсіннбей қалам. Қай планетадан келдіңіз
KILYZAMAN
Жер деген планета ғой… Прага астансы емес ;-)
Adiletshu
Ағасы білеміз. Шатакаласып кетіппіз.
Adiletshu
Бетіме қайта қайта баса бересіз ба
KILYZAMAN
Тұлпардың да сүрінетіні болады, көңіліңе алма бауырым!
KILYZAMAN
Ә, солай екен ғой… Қойдым :-)
KILYZAMAN
Кеттік, көтерейіқ ;-) Көтеріп алып, астында қалмау жағын қайтеміз?
Adiletshu
Ондай жағдайда бір бірімізді танымаймыз
KILYZAMAN
ИКД-иммитация кипучей деятельности…
ҚДБ-қайнаптұрған дәйектіліктің боямасы ;-)
AKY
Менің бауырым да, неше қызың бар десе, санамалай бастайды:))
Бірде «мен шал болғанда, кемпіріммен ұрыспайм» деп атасын ұялтқаны бар еді))
Erkekyz
Құдай-ау, тілінің тәттісін)) Менің де 5 жасар сіңлімка жігітім бар дейтін детсадта))
araika
Мұндай «жас жүректер» көбейіп кетті ғой :) Кішкентайынан жүрегі қайтып қалмаса екен деген тілекті ғана айтамыз :)
Lyaila
кідаййй, кіп-кішкентай бовалып «ашық» болуды, қызғануды қайдан білед))) Кейбір ер-жігіттерге өнеге ғой мынау!
Aikona
менің сіңілімде Айсұлтан деген жігітім бар деп, ағам қып-қызыл боп кеткен ))
asaubota
біздің ұл да ауылда балабақшаға барып жүр. басында бармаймын деп қиғылып салып, ал қазір ерекше құлшыныспен барып жүр екен. тобында 4-5 ұл, қалғандары қыз дейді. сыболыш үйленем деп келіп тұрмаса болды ғой :)
Delhi
Өткенде бір балабақшаның суреттерін көрдім, ұл мен қыздарды сүйістіріп (ерінге ерін) қойып суретке түсіріпті бір жас апай)))
aza
Енді үйлене беруіне болады ғо