Тығырыққа тығатын режим

Өмір сүру қиындап кетті. Арман көп, дәрмен жоқ. Азаннан кешке дейін уақыт оқуға кетеді. Онысы: таңғы 8-ден кешкі 6-ға дейін. Бұған да көндік. Бар мәселені шешу үшін тренировкадан да, қосымша гулянкіден де бас тартуға тура келді (потеряла деген осы екен ғой, ә кругымдыс). Бәрібір, тығырық. Кешке оқудан шаршап келіп түк істеместен тамаққа тойып алып, мәңгіріп уақыт өлтіру: тв қарау, әлеуметтік желіде отыру. Айналдырған бірнеше сағат, былай қарасаң аз да болса маңызды уақыт. Сосын әдбен жатарда тапсырмалар еске түсіп, апыл-ғұпыл соны бітіруге асыққанмен, қайда оны бітіру, аяқсыз қалады, не шала бітеді. соңғы вариант: оқудан келе салып бірнеше сағаттан соң ұйықтап, таңғ 4 кезінде тұрып өмір сүруді бастау: ол кезде тв-да ештеңе жоқ, әлеуметтік желі тып-тыныш. Кештен — азаным артық. (Қайбірдегі @Zilola ның пікінен соң ойланып қалуға тура келді)
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше