Бізде жаңалық бар!

3- қараша күні Алматы қаласында Абылай хан мен Шевченко көшелерінің қиылысында біздің алғашқы дүкеніміз ашылмақ. Дүкенде біздің компаниядан шыққан барлық ұлттық аспаптар мен бірге қолөнер бұйымдары мен зергерлік бұйымдар, суреттер (картинкалар) ала аласыздар. Енді, өздеріңіз қалаған ұлттық аспаптарды сол дүкеннен таңдап алуларыңызға мүмкіндік туды.

Аларларыңыз көбейсін! Біз сіздерді дүкенімізде күтеміз!


Біздің өнімнің кепілдігі (гарантия) бар екенін ұмытпағайсыздар.
Бөлісу:

32 пікір

madlen
Клиенттеріңіз көбейе берсін!
Galamart
Айтқаныңыз келсін!
satibaldi
Келін жүкті шығар деп қалсам…
Nurgisa
Сіздерде сатылымда Алатаудың бейнеленген сурет бола ма екен. Көлемділеу (размері үлкендеу). Немесе басқа да бір қазақ даласының кереметін паш ететін туынды? Алғым кеп жүр.
Керек ақпарат екен мынауыңыз!!! Істеріңізге сәттілік!
Galamart
Дүкен ашылған күні сатылымдағы суреттерді фотоға түсіріп осы жерге салып қояйын бағасымен бірге. Қалаған уақытыңызда заказ бере аласыз
Zilola
Құттықтаймын!
Дүкеннің аты қандай? Болмаса сауда үйінде бутик па?
Galamart
Рахмет. Ғаламарт деп аталады дүкен. Жеке дүкен :)
VKM
Ашылуларыңмен! Клиенттеріңіз көп болсын!
Delhi
Құтты болсын. Жақсы жаңалық екен.
madlen
Интернет-дүкен ашсаңыздар қалай болады екен?
Galamart
Ол ойымызда бар, әзірге сайтымыз дайын болмай жатыр.
Aizhantabyn
Құтты болсын! Саудаларыңыз сәтті болсын)))
satibaldi
Қалайсың өзің?
Aizhantabyn
хат жазбай, енді сұрап жатқаныңыз не, аға? Тірімін.
Zere
Құттықтаймын! Күнде таңертең автобусым сол жерден өтеді. Бүгін көріп қалып, көзіме оттай басылды. Іштей ризааа болып қалдым. :) Табысты болсын!
qisyq
Саудаларыңыз сәтті болсын! Біраз болды, сыртынан көріп едім, көрім екен:)
Aramza
Дүкендерің құтты болсын
Zilola
7-ші қараша түске таман кіріп шығатын шығармын дүкендеріңе
өзіме ерекше бір зат түсіп жатса, сауда да жасаймын!
Galamart
Біздің дүкен жаңа заттармен толықты  Қамшы, суреттер көбейе түсті. Жақын арада, өте жақын арада интернет-магазиніміз, сайтымыз ашылады.