KILYZAMAN: ұнайд/ұнамайд

Ұнамайды: Көлгірсіген көкбет өзеуреп ертедегіні еске салып, МАШАЙЫҚ қашып құтылыптының керін келтірген кезде; алтын шақта қара бақыр да бұйырмай, қағажу ететін дәнек арман болатын, болатыны несі — қас қылғандай солай қылатын өмірдің әділетсіз тұстарына; делебені қоздырып күй күмбірлететін елдің алды ғой деген азаматымыз қозып кетіп қызды бүлдіріп, салдық құрып жүретініне; Абайдың ұлы болам дегенде күрмеуі көп қу дүния шырғалаңына шыр айналдырып, бір айналдырғанда — он айналдырып Мыстанның қызы қылатынына; Әке жолын қуған баланы қуып кетіпті деп, анталаған дөңайбат тексіз қандендер бірі етегінен, бірі жеңінен тартып, итжеккенге жаптыртқанда; санасы сансырап тұрса да, қисыны түзудің айтып тұрған ақылын қансыратып кететін пысықай шешендер.
Ұнайды: 19 ғасырдың екінші жартысының хрестоматиясының тілімен сөйлеген.
Бөлісу:

25 пікір

Nurgisa
Қиындау екен. Бірақ күшті сияқты
e_zhalgas
қозып кетіп қызды бүлдіріп, салдық құрып жүретініне
Nurgisa
Мен Қилызаман екен деп ойласам авторы  Қателескен екенмін
a63a1
менде дәл сондай көңілмен бастап аяғында 360 градусқа айналып ауып қалдым
KILYZAMAN
Еее, менен не сұрайсыңдар? «Жаздың боғы қысқа азық» — дегенді айтатын қарияларадың тұжырымдарының соншалықты дұрыстығын енді түсініп жүрген кезім… Цианобактерияның өзіне «бір пайдасы тиер» — деген дәмемнің барын жасырмаған сияқты едім!
satibaldi
ЖльамащЪ нақ
KILYZAMAN
Датым бар деп торапқа келгендегі айтпағың не? ДАТ? Тарқата отырсаңшы! Ұнатсаңда ұнатпасаңда өз шаруаң емеспе? Әлде, өзіңе ғана аян көмескі пиғылың барма еді?
meirzhan
ішпиенаж туралы ләм-мим демеді. нағыз ішпиен
KILYZAMAN
Кімге мейірің түсіп отырғанын ұқсам бұйырмасын…
sammita
 оһһһ, Сатыбалдыееее)))))
asaubota
— Оразып, тұр түсінік айт
— …
— Отыр, екі.
KILYZAMAN
Мына көп әріптің ішінен бірнәрсе түсініп, ой қорыта алатындардың (пиғлы)санасы нені саралады екен?
monti
ужасна, Қилы атай кен деп қалдым басында)))
оқыдым бірақ түк түсінгем жоқ
patick
оқыдым бірақ түк түсінгем жоқ

Қилызаманды да түсінетіндер шамалы
KILYZAMAN
Тым топастау болсам кешіре гөріңдер… Үйренуге даярмын ;-)
Zilola
Мырзам мынадай создердi окымагалы коп болып едi, кокiрегiм оянып козiм ашылып калды шамалы )))
kokbori
Ұнайды: 19 ғасырдың екінші жартысының хрестоматиясының тілімен сөйлеген.
бұхахахахах
обшм бәріне