Эстафета - Ең, ең, ең. Сатыбалды.

Эстафетаның бұл формасы міндетті емес. Әйтеуір өздеріңізге байланысты «ең-ең-ең» дүниелерді еске алсаңыз болғаны.

Қолыма ұстап көрген ең көп ақша.
Алты жарым мың доллар. Қазақтардың астанасы Алматыға жеткізгенше көз ілмей, кірпік қақпай бардым. Кез-келген мент, жолаушы, саудагер дәл менің ақшам туралы бірдеңе білетін сияқты күй кештім мен. Тіпті Луговаяға жеткенде менде үркектік синдромы пайда болды: біреу қараса — мен де тіксініп қарай қалатын болдым. Алматыда ақшаны күтіп алғандар сәйкесінше құрметтерін көрсетіп жіберд, әңгіме жоқ. Бірақ ақша орнында тұр ма деп, ышқырымды сипап көре беретін әдет біразға дейін қалды.

Аяғыма киіп көрген ең қымбат аяқ киім.
Бір шәйма қатын 8 мың қазақ теңгесі крокодайл терісінен тігілген керзіге бергісіз туфли сыйлады. Ең көп айлық 15 000 болған кездері мұндай сыйлық сұмдық еді. Айнадағы контрасттан қорс-қорс жльадЪм: қытайлық кәстөм, түрік шалбар, шыққан тегі белгісіз көйлек те… аяқта кенет қымбаттап кететін туфли. Әңгіме жоқ бірақ: қолтырауын тіріліп, Нілге қашып кеткенше кидім үш-төрт жыл, миссисипиінссстің.

Басыма киіп көрген ең қымбат бас киім.
950 теңгенің «Ruma» деген пидеркісі. Бас киім емес, жылу қазандығы еді шіркінің. Біреу кенет жарылқай қалып, шұжық, нан, екі бөтелке арақ, кола-фанта бере қалған кезде — қалта да бола салушы еді. Бір күні со бас киім Иконың көтіне кірді. «Ruma» емес, «Puma» болуы керек деді. Жазуларын сөгем деп, ақыры жоғалтып тынды.

Қолыма киіп көрген ең қымбат қолғап.
450 теңгеге пойызда біреудің киіп жүргенін сатып алдым. Бұрын бүрсең қағып, қолды шалбардың қалтасына сүңгітіп жіберіп, санымды ұстап жылытып алатынмын. Бұ да бір мүлік екен ғой дедім мен қолғап киіп үйренгенде.

Бұтыма киіп көрген ең қымбат шалбар.
Еңсеп амиго қайтыс болғанда. Бауырлары келіп: бірге ішсең де, бізден жақын болдың сен сцуко, мә! — деп, дөрекі капронмен дөрекі тігілген джинс сыйлады. Кие сала сатшы деп жармасқан пяншіктер қаншама болды. Себебі базардағы джинстер джинс емес, пародия еді. Шамамен 3 мың қазақ теңгесі тұрған шығар деп шамалап отырмын, со кездегі курспен, лібәдтің инфляциясы.

Ең қымбат пальтом.
Жұмыстағы бір көңілдес қатын: «Секонд хэндтен восский пальто көрдім, саған кигізсе — мистер Твистер, бывший министр, промышленник и банкир бов кетесің!» — дегесін, бардым. Өлшеп-өлшеп, 2 киләға жуық шықты. Төрт бөтелке арақтың ақысы бекер кеткеніне налыдЪм. Жоқ, пальтоға сөз жоқ: шедебір. Бірақ оның ішіндегі менің бәрібір алқаш болмысым көрініп қала беретіні күлкілі көрінді, өзімді біреудің тәрелкесінде сезіндім.

Ең қымбат сырам.
Қазақтардың астанасы Аццсотононың бір қойнақ үйінде ішкенім. 0,33 Миллердің екеуін қағып салып, қанша десем — 2 500 теңге дейд! Құсып қоя жаздадым шешесс.

Эстафета таяғын есіктің төбесіне қыстырып кеттім, көңіл-күйі бар адам алсын да — жалғастыра берсін, нақ.
Бөлісу:

15 пікір

JAKO
Қанын сорғалатып жазасың-ау,өз қолымнан бұлай жазу келмейтініне ішім күйеді.
Zhanylai
Біз ең қымбат заттарымызды айтпай-ақ қояйық.
Onlasyn
Эстафета таяғын есіктің төбесіне қыстырып кеттім, көңіл-күйі бар адам алсын да — жалғастыра берсін, нақ.
Bekjan
өзімді біреудің тәрелкесінде сезіндім.


Мынауың оборотқа алатын икемді фраза екен..) Рахмет, Рыспект!
Zere
Бәрімізден Малика озатын сияқты ғой мына эстафетада ))))
satibaldi
Енді, үле мен бүлде туралы жазу міндетті емес))) Мысалы, мінген ең биік ғимаратым деген сияқты)))
Zere
Бәйтерек десең ия ))))
sammita

мақтану алаңының есігі ашылады деші
AKY
Бұл эстафетаның мүмкіндіктері шексіз! Өзіңді бишара қылып көрсетуге де болады
omarbirat
0,33 Миллердің екеуін қағып салып, қанша десем — 2 500 теңге дейд!
Үш жыл бұрын «Хайнекеннің» үш банкісі үшін 800 теңгедей төлегенімді кейде есіме алып, қорс-қорс жылап қоюшы едім.
sammita
жақсы эстафета еді