Мектепке завуч керек

Мектебіміздің завучі бір жылға еңбек демалысына шығуына байланысты бізге завуч керек болып тұр.
Қойылатын талаптар:
1. Білімі жоғары болуы керек емес тек жоғары білімі бар деген бір жапырақ қағазы болса болды.
2. Компютер білудің керегі жоқ, тек word та мәтін теріп оны басып шығара алса болды.
3. Мінезі – жоқ, жоқ, жоқ мінезі жақсы болудың керегі жоқ, керісінше мінезі жаман, мұғалімдерге айқайлағанда дауысы Витастың дауысындай шығуы керек.
4. Интернетті қатты білудің керегі жоқ, тек басқа мектептердің сайтынан мектепке қатысты құжаттарды көшіре білсе болғаны. Электрондық почта қызметін мүлдем пайдалана білмеседе болады, өйткені мектептен 40 километр тұратын білім бөліміне бір бет қағаз өткізу үшін өзіңіз барып қайтасыз.
5. Мектепте жалпы сабақ өтпесеңізде болады, бірақ аптасына 9 сағат аласыз, сабақ өтудің орнына ешкімге керегі жоқ қағаздарды жазып компютерде отыра бересіз.
6. Жаңа келген жас маманға бәрін білетін кісімсіп ұрыса білуіңіз керек, себебі бар бәле жастардан шығады қазір, олардың еңсесін басып келсе-келмес айқайлап бас көтертпей ұстаңыз.
7. Мүмкіндігінше әйел адам болуы керек, себебі қадалған жерінен қан алу қасиеті көбіне осы кісілерге тән ғой. Ал еркек болсаңыз сәл әйел мінезділеу болсаңыз тіпті қатып кетеді.
8. Жоғарыдан келген басшылардың алдында құрша жорғалап оларға жаға білуіңіз керек, бұл завуч болудағы ең маңызды қасиеттердің бірі.
9. Мектепке бөлінген қаржыны жеуде директормен сыбайласа білуіңіз керек.
10. Арақты жақсы көтере білуіңіз керек, өйткені мектепте өтетін әртүрлі банкеттерде мас болып қалсаңыз мұғалімдердің арасында масқара боласыз.
Осы аталған қасиеттер сіздің бойыңызда бар болса маған хабарласыңыздаршы біздің директор осындай завуч іздеп отыр.
Бөлісу:

34 пікір

edige
Болар едім… арақты көтере алмагансоң қойып кеткем…
Камоктас досыма айтайынш…
VKM
Сержан,өзіңіз бола салмайсыз ба?
edige
Негізгі функциясын білетін адамға оңай болады ғой…
serjan
Соны неғып ойламағам.
Zako
әйел емессіp ғой сіз
Gulistan
Мынау қалдың ба? Осындай да завуч бола ма екен? Әлдекімдердің намысына тидім деп ойламайсыз ба?
edige
Негізгі сөзінде жан бар. Орташа есептегі… Момын завучтен гөрі «Жерден алып жерге салатындары» көп сияқты… Мүмкін сондай да болғаны жақсы шығар осы қоғамдағы мұғалімдерді басқаруға
"Әрбір істің нәтижеге жеткені жақсы"
meirzhan
Әр түрлі завучтар болады ғой. Мынау «орта есепті завуч» деген пост деп түсіндім.
Zako
7. Мүмкіндігінше әйел адам болуы керек, себебі қадалған жерінен қан алу қасиеті көбіне осы кісілерге тән ғой.
Пікір жоқ.
satibaldi
Рақмет @serjan, керемет жазба екен нақ, бір жарты жасап қалдым.
Осылай жаза түс әнасстың, келесі кезекте — ИПК-дағы қызықтардан жіберсең, қалай компашкілерден тиын істейтінін жазып.
Aizhantabyn
telepattygynyz bar ma, aga? Bugin gana IPKlardagylardyn altyn toly koldaryn talkylap edik, to4nee kalai kelgenin ol altynnyn!!!
satibaldi
Ал еркек болсаңыз сәл әйел мінезділеу болсаңыз тіпті қатып кетеді.
Лібәдтің-әй, егер сен ұшақ болғанда, стратегиялық бомбалаушы болар едің, әжесстің.
serjan
Мұны маған деген көзқарасыңның өзгергені деп қабылдауыма бола ма?
meirzhan
Бұл сіздің посттарыңыздың өзгеруі деп қабылдауға болатын шығар.
haos
Мұны екеуіннін қарым қатынастарыннын жақсаруы деуге бола ма?
konvict


П.С. бірақ менің анам ондай емес
Beytanis
Мн қате түсініп отыруым да мүмкін, бірақ мәтінде зәр бар секілді, ыза, т.б. Мұны біреулер «жан айқайы», «бар нәрсені бар деген дұрыс» санатына жатқызар, меніңше бұл жазба арқылы онсызда «абыройлы мамандық» иелеріне одан сайын «пазитиффффті» күшейтетін нәрсе сияқты…
edige
Бола алмай күйінуді де қоса болады…
dark_nazgul
Директордың көңілдесі болу керек емес пе?
meirzhan
Ол орында секретарь емес пе.
alisha
Сіз әлі күнге шейін
Компютер
сөзін дұрыс жазуды үйренбегенбісіз?
serjan
Cіз әлі тырнақ астынан кір іздеуді қоймағансыз ба?
alisha
олай емес, сауатты жаза білмейтін мұғалімді көрсем қаным қайнайды… сіз мұғалім болмағанда бұған мән бермеген болар ем… ренжіменіз…
serjan
Шет тілінен кірген сөздерді жазғанда мұндай қателіктер жіберетінім рас, мектепті араб және қытай әрпімен бітіргенімді ескерер ме екенсіз.
alisha
ескеруге болады ғой енді бірақ енді бір қателескеннен кейін, екіншісінде сол қатені жібермеуге болады ғой
alisha
Мектепке бөлінген қаржыны жеуде директормен сыбайласа білуіңіз керек
мынаны бухгалтеріңіз оқымасын
saken
тәрбие завучы ғой деймін вакантты ))
alisha
түсінбеген сияқтысыз ғой директор есепшімен «чики-чики» болса жетіп жатыр ғой… завучты нандарына ортақтастыра қоярына күмәнім бар
Beytanis
«Жүйке талшықтарына қайта қалпына келмейді» © Дүниежүзілік денсаулық саутау ұйымы ескертеді. :-)
Beytanis
Қателерді түзететін пуныктсийпны алып тастапты ғой…
KILYZAMAN
Тарыдай болып кіріп, мынандай сападағы оқу бөлімінің жетекшісінің жетегіндегі балаларымыздың санасына не ілінеді екен? :-(
asaubota
орташа есеппен қазақ завучі деуге болады
balzaminka
zavu4 klastas, gruppalastarym bar, endi sumdyk ko jatkan  bul omirdn kilti solardn kolynda ma dep kalasn, aiteur aman bolsn dim