Келесі төбелес мына ареналарда өтеді: Дебат тақырыптары

Алғашқы шайқас аяқталды.
Біз шешендік сайыстарды одан әрі қызық қылу үшін, мынадай хардкор тақырыптарды назарларыңызға ұсынамыз.
Осы тақырыптардың бірі қызықтыратын болса, маған жеке хатқа ұсыныс жазуыңызға болады. Тақырыпты сіз таңдайсыз, ал қорғау-теріске шығаратыныңызды кездейсоқтық таңдайды.
Сонымен келесі сайыстың тақырыптары мынаның ішінен таңдалады:

1) Адамдар ата-бабаларының ісіне жауап беруі тиіс
2) Ақымақтардың жолы болғыш болады
3) Шоу бизнесте жетістікке жету үшін жоғарыдан демеуің болуы міндетті.
4) Диплом көт сүртуге жарамайтын қағаз
5) Темекі сату индустриясы экономика үшін пайдалы.
6) Қыздарды тек қалай сәтті күйеуге шықсам деген ой ғана қызықтырады.
7)Көп балалы болған бір балалы болғаннан жақсы. — бос емес
8) Қазақстан экономикасына туризмнің пайдасы жоқ.
9) Пікірталаста шындық тумайды
10) Еденге дастархан төсеп, тамақ ішу мәмбеттік.

Өзіңізге ұнаған тақырыптың атын жазып, маған жеке хат қылып жіберуіңізге болады.
Бөлісу:

221 пікір

e_zhalgas
4) Диплом көт сүртуге жарамайтын қағаз
blackbeard
Диплом көт сүртуге жарамайтын қағаз
Осы тақырыпты қорғап любойымен шайқасуға бармын!
blackbeard
Ну сыртындағы Диплом деген қатты жағын алып тастасаң әжетке жарайд, бірақ жетпейд!
e_zhalgas
өзіңде жоқ нәрсе туралы шайқасқаның қызық емес
blackbeard
Сенде бар ғо сол диплом! Нестеватсың онымен?
dauren85
Шайқасты осы жерде бастап кетпеңдер енді
19852407
Жеңбей бәйге алатыныңа сенем, сақалдым! фшт-фшт!
Нағыз болмай жатса, не істеу керектігін сақалың білед ғо :-)
19852407
как раз қызық емес екенін дәлелдит та
Zako
Айырады деп үміттенемін.
VKM
сен Бекмурды алып ал. Ол да бірде сондай пост ашқан)
e_zhalgas
қолдаушылар тобының лидері табылыпты ғой)))
VKM
1-ші айтыста саған «болеть» еткенмін, если б что)
e_zhalgas
мен Бекмұрды айтып отырмын если что
Gastarbaiter
Диплом көт сүртуге жарамайтын қағаз

Осы тақырыпты қорғап любойымен шайқасуға бармын!

Келесі тақырыппен бірге келесі үміткер де анықталған сияқты. Шайқас Дүйсенбі күні болады.
Кім Қарасақалдың мысын баса алатынына сенімді болса маған жеке хат жазсын.
Жамағатқа сюрприз дайындайық
omarbirat
Кім Қарасақалдың мысын баса алатынына сенімді болса маған жеке хат жазсын.
@konvict, қайдасың?
Gastarbaiter
Маған да қызық Конвидің шабысы
dauren85
Шайқасып отырған адамдардың кім екенін білмей отырсақ дұрыс болар еді сонда танысыңа емес кім жақсы жазды соған дауыс бересің
Gastarbaiter
Жамағат кім айтысқанын білгісі келмейді дейсің бе?
meirzhan
Кейін біледі ғой. Біреуі "өлтірілгенннен" кейін. Аноним болса жақсы, тек ол техникалық жағынан мүмкін бе екен?
Gastarbaiter
Админ бұған арт терлетіп жататынына күмәндімін. Бірақ бұндай тірлік үшін мүмкін емес нәрсені мүмкін қыламыз ғой!
Екі жігіт жекеде айтысады. Айтыс біткен соң, олардың есімдерін лақап атпен ауыстырып пікірлерін тақырып қылып жариялаймын.
Кім қатысатыны айтылғанымен, қай пікір кімге тиесілі екенін білмейді.

Содан пікіршілер жазбаша дауыс беру, талқылау арқылы жеңімпазды анықтайды. Жеңімпаз анықталғанда жеңген жігіттің есімі айтылады.
Егер төбелесу стилінен жамағат анықтап қойып жаста, оған шара жоқ енді.
dauren85
Осылай дұрыс болады деп ойлаймын
meirzhan
Егер төбелесу стилінен жамағат анықтап қойып жаста, оған шара жоқ енді.
Постқа салғанда редактировать етіп жіберсе, мысалға, нау, кен, ляля деген сөздерді алып тастау арқылы жасыруға болады.

Екі жігіт жекеде айтысады. Айтыс біткен соң, олардың есімдерін лақап атпен ауыстырып пікірлерін тақырып қылып жариялаймын.
Кім қатысатыны айтылғанымен, қай пікір кімге тиесілі екенін білмейді.
Бір жағынан жақсы уақыт көп кетпейді. Көрермен айтысты бірден көреді. Ал бір жағынан тікелей эфри режимінде болмаса қызығы азаяды. Поэтому әр пікірін сол бетте жариялап отырса ше. сразу жарияласа
19852407
осылай дұрыс болушы еді
edige
Ставка қоятындар бар ма? Жеке пост пен есепшот ашам нақ...
Gastarbaiter
Жеңімпаздарға спонсорлық жасайтындар керек алдымен. Еріктілер тақырыпқа мал, ақша, единица атауына да болады.
e_zhalgas
маған ешкім ед. атамады ғой
meirzhan
Жалғас, первый блин ақшасыз болады енді.
Gastarbaiter
Первый блиннің қандай болғанын біраз адам білмейді ғо әлі)
Gastarbaiter
Единица атау дегендер отборочный турдан кейін, нағыз шешендер кіріскенде басталатын шығар.
meirzhan
міне, нағыз стимул. Тек саясат жүрмесе болды.  кулуардағы әңгімелер  переговорлар
meirzhan
Айтпа — не говори, құлама — не падай.
VKM
Батыс жақ түйе атасын
meirzhan
Шығыс жақ қасқыр атасын.
e_zhalgas
түркістан насыбай атады
konvict
Біздің шалдар сек секілді сәбилердің насыбайын атады
e_zhalgas
жүрек жұтқан екен шалдарың
dauren85
Сонда әділ баға болады әйтпесе таныстарына жақтасып кетеді
Zako
Тамыр-таныстық блогты да жаулап алған де.
meirzhan
Блог деген мемлекеттік қызмет емес қой. Тамыр-таныстық деп позитивті жағынан айтуға болады. қалжың ретінде. әйтпесе пост арқылы тиын істеп жатқан ешкім жоқ.
Gastarbaiter
Тамыр таныстық бүкіл әлемді жаулап алған. Досың мен танымайтын біреу төбелесіп жатса, әлбетте досыңа дауыс бересің.
blackbeard
Аааһ! Мені сондай Щеголмен айтыстырғалы жатсың ба Асеке? Бұл қай сыйламағандығың?
Әзіл! Любойы дедім, любойы!!!
edige
Маледессің ей…
meirzhan
Көшпенділер киносында Абылай хан тұтқынға түскенде бауыры құтқаруға келуші еді ғой. Сонда Қоңтайшы екеуін бір-бірімен аноним төбелестіретін. СОл сияқты болды ғой.
VKM
@meirzhan, давай сен оппонент бол!
meirzhan
Қарасақалдың сақалына жармасып нем бар.
dauren85
Дәл таптың сонда кескілескен шайқаста болады әділ баға да болады егер техникалық мүмкіндік болса
konvict
Меніңше қарасақалмен айтысымыз біздің «Диплом көт сүртуге жарамайтын қағаз» екендігін дұрыс-бұрысын анықтау емес, @madlen-нің жүрегін кім бірінші жаулап алады дегенге ауысып кетеді ма деВ қорқамын. Қарасақал мәңгілік жауым болғанымен бұл жерде амалсыз шегінуге тура келеді солай.
Zako
Ұстаным үшін күрес — қыз үшін күрес.
Қыз үшін күрес — ерге тиген үлес.
Айтақ ақын
Zako
Мына тақырыпта есі дұрыс адам Қарасақалға шығады ма екен деп ойланып отырмын. Себебі тақырыптың өзі Қарасақалға болысып отырған сияқты.
Zako
Түзету: Қарасақалға қарсы шығады ма
blackbeard
Мен Диплом көт сүртуге жарамайтын қағаз деп отырмын! Осы орайда Қазақстандық білім жүйесі беретін дипломды айтып отырғанымды ескерте кетейін!
edige
Сержанды шақыр… Сержанды…
Gastarbaiter
Блакберд, сен тақырыпты таңдағанымен, оны қорғайтыныңды, не теріске шығаратыныңды кездейсоқ таңдау арқылы шешіледі.
Абайла, қорғағалы жатқан тақырыбыңды теріске шығару жазбасын
blackbeard
Ойбай, жоқ нақ! Қашқаным емес! Бірақ, қалай өз-өзімнің принципіме қарсы бармақпын?! Қазақстандық дипломды түкке тұрады деушілер табылып қалар?!
Gastarbaiter
Сонда қызық болады, ойынның көкесі. Сенің тақырыпқа өз щеңберіңнен шығып қарай алу қабілетің анықталады
blackbeard
Дабай, әнәсстің! Ібілістің өзің ақтап жіберуге әзірмін!
blackbeard
Бір Аллаһ кешірсін! Тәубе! Ойлайбай айтжверіппін! Қайталанбайд!
Gastarbaiter
Не болды, Ібіліс «көтіңе қара» деген аян жіберді ме?
konvict
БОлДы!!! Сен менің тозақта сол жақтағы көршім боласың
meirzhan
әзілдің түр-түрі болады ғой. Басқа әзілдер құрып қалмады
konvict
қорқақтығыңды білдіріп қойдың ау
meirzhan
Тозақтан қорқу қорқақтық деп ұғасың ба?
blackbeard
Ол сондай өзі! Басынан ат теуіп кеткендігін әзер жасырып жүр
Zako
Түсінбеген сияқтысыз. Дебат деген сайқал ойынның форматы сондай (барлығы емес). Жеребеде өз ұстанымыңа қайшы ұстанымды қорғауға мәжбүр болуың ғажап емес.
meirzhan
қалай өз-өзімнің принципіме қарсы бармақпын?!
Дебаттың өзі сол емес пе, Қарасақал-ау.  дебаттың қызығы позицияны сен таңдамауыңда
e_zhalgas
бір ғана «бірақ», ҚараСақал әрі дипломмен сүртініп көрмеген ғой, қаншалықты ауыр екенін білмейді
Zako
Оның дипломы да жоқ қой  Несімен сүртеді?
VKM
за то жұмысы бар)))
meirzhan
Иә, кейбірінің дипломы бар, бірақ жұмысы жоқ. упс біз уже шешендердің аузына сөз салып отырмыз.
Zako
Мен Жалғасқа жазғанда тікелей мағынасында жазып едім
e_zhalgas
ым-ды түсінбеген… десем, ренжисің. соны айтып отыр емеспін бе, енді?
Zako
Әй, Жалғас, мен де түсініп тұрмын. Қарасақалға әзілдегенім ретінде солай топас тіркесті тікесінен қойып қалдым.
Abilakim
Мен 7-ші тақырыптың көп балалы болған жақсы деген тарапынан қатыссам қалай болар екен, бірақ келесі дүйсенбі мен жұма аралығында ғана айтысуға уақыт таба аламын.Сенбі-жексенбі қалада бола алмаспын
Gastarbaiter
Онсызда дүйсенбі күні басталады айтыстар.
Abilakim
Негізі көптеген жақсы шаралар басталып кеткен тәрізді, мен екі күннен бері бұл әлемнен қол үзіп жүр едім
dauren85
Арақ ішу мен темекі тарту пайдалы дегенді де қосып қойшы
Gastarbaiter
«Көп білген зиян» деген тақырып сияқты алдын-ала әлсіз позиция ғой, оны Жалғасқа қарсы қорғап шығуға жүрегің дауалаған саған да респект айтсам әділ болатын сияқты.
dauren85
мен пайдалы екенін дәлелдеп шығар едім
meirzhan
қызығына түсе бастапсыңдар
Zako
Қатысу үшін селсоветтен отбасы мүшелерінің саны туралы анықтама қажет! Қорғау мен даттау бала санына қарай анықталсын.
konvict
6) Қыздарды тек қалай сәтті күйеуге шықсам деген ой ғана қызықтырады.
Осыны қорғасам деВ ойлап отырмын,
Zako
Қыздардың "қарғысына" ұшырап қалмашы.
meirzhan
демек саған қызбен айтысу керек
konvict
@AKY-ді шақырсам бола ма, @Gastarbaiter
Gastarbaiter
Блакбердтен қорқып отырсың ба?
konvict
қорқыватқан жоқпын. тақырыптан ауып кетеміз девойлавтрм
Zako
Конвикт, мына сөзің "@madlen дегенің айтысуға (таласуға) тұрмайтын қыз" дегенді білдірмей ме?
konvict
Егер "@madlen-нің жүрегін кім бірінші жаулап алады" деген тақырыпта айтысуға болатын болса дайынмын көгілдірсақалмен айтысуға. сосын от самай отШ нақ
Zako
Гаста, бұл екеуіне дебат емес, дуэл керек. Жеңгені Мадленмен бірге болады
Gastarbaiter
Мадлен деген ең алдымен әдемі қыз ғана емес, құқығы бар басы бос азамат емес пе? Оны трофей қылатындай бұғының мүйізі емес қой
meirzhan
 хехехе. Бұлар дебаттың қызығына түсіп, адам құқықтарын ұмытып кетіпті.  хюманрайтыңдысс
Zako
Адам құқықтары Пушкин дэльде қансырап жатқанда қайда қалды?
qisyq
Ол кезде Хьюман Райтс ұйымы құрылмап еді…
Gastarbaiter
Пушкиннің әруағы: "Қой, мен намысымды қорғадым ғой, қыз үшін емес! Вот Шыңғысханның кезінде ешқандай құқық болмады"
Шыңғыс хан әруағы: «Лібә, сендер Ескендірді қыстыруларың қалып еді ендігісі.
Александр Макендонскийдің әруағы: » Лібә, айдаладағы сендерге не жазыппын?"
meirzhan
Ол кезде ол жатырдың ішінде болса керек.
Zako
Трофейің жолда қалады. Екі жігіт бекерге таласып жүрмеген болар.
omarbirat
Аноним болып айтысамын деп, оппонент ретінде Мадлен түсіп қалса ))
Zako
Хахахаха, бүгінгі пікірлердің бәрі қызық болып тұр.
Zako
Алдағы уақытта сектанттарды шақырып айтыстырып жатсаңыздар, жанкүйер- оқырман ретінде алғыстан басқа айтарым болмас еді.
meirzhan
Ол айтыстар Абай.кз-те толып жатыр емес пе.
Zako
Абай.кздегі айтыстар аноним болғандықтар бет-көт жыртысқа айналып кетеді. Дәлелмен сөйлеп, @Ahi-дай дәлел талап ететіндер аз. Жалпы, сөзге тоқтағандарды айтыстыру керек сияқты.
meirzhan
Олар сөзге тоқтамайды ғой.  Сенімдеріне берік адамдар. Дегенмен де бұл да бір идея.
Zako
Сенімдеріне берік адамдар.
Сөз жоқ екен мынауыңа
meirzhan
жаңа сенімдеріне берік.
dauren85
Шаханов пен Ертісбаевты да шақырыңдар екеуінің өз тақырыптары бар
a63a1
ия солай болғаны дұрыс бирак оны қалай жасауга болад? Можыт екі акаунт жасап сонын жекеге паролін жазып қойсақ қалай болады екен?
a63a1
мынау жазғаным мынаған еді
Кейін біледі ғой. Біреуі "өлтірілгенннен" кейін. Аноним болса жақсы, тек ол техникалық жағынан мүмкін бе екен?
meirzhan
Иә, олай да болады. Керекинфодағы адасқандар деген категорияны толықтырады бұл аккаунттар кейін, өшірмесе.

Бірақ Гастарбайтер де басқа балама жолды тауыпты. Оған қалай қарайсың. Жоғарыда жазылды.
Gastarbaiter
Ол кезде айтысушылардың плюстері менің атыма жазылады екен)
meirzhan
Еңбек бар ғой десең.
Gastarbaiter
Әр айтысқан сайын жаңа аккаунт тіркеп отыра ма?
e_zhalgas
өлі жандар санын көбейтіп не керек?
a63a1
Жоқ тек 2 акаун қана оны өзің ғана білесің сосын айтыскерлег\рге беріп отырасың бары осы)
a63a1
айтыс біткесін парольін өзгертіп келесі айтыскерлерге ұсынасын
meirzhan
тапқан ақыл. Екі аккаунт общий болады.
Gastarbaiter
Мәссаған, басыңды ұрайынның Абзалы, ақылыңнан айналдым сенің
a63a1
за то тікелей эфирде айтсады
Gastarbaiter
Абзал молодец!
a63a1
 Басымды кішкене шайқасам мененде ақыл шығады екен ыхххх
a63a1
ал онда 2 акаунтты жаса да, ұсынатын адамдарды дайындай бер)
meirzhan
шайқасам дегенде сразу еске желдің шайқауы түседі екен.
dauren85
Осы дұрыс сияқты
omarbirat
Айтыскерлер аккаунтты трофей қылып, угон жасап кетсе ше?
a63a1
ыхххха олай жасай қоймас)
meirzhan
ренжігендер сөйтеуі мүмкін. аффект жағдайында
Gastarbaiter
Жеңу емес, қатысу, жұрт жүрегін елжірететін, ашуландыратын, керемет эмоция сыйлайтын ұмытылмас баталиялар жасау маңызды.
Барлық айтыстар аяқталған соң, Керекинфоның Чемпионы анықталған соң, ең мықты, кескілескен 3 -топ сөзсайыс анықталады. Сол топ сөзсайыстың мүшелері, жеңген-жеңілгеніне қатыссыз, жамағаттың респектіне бөленеді.
Оған да спонсор табылады деп үміттенемін.
Zako
Олай жасаса, оның кім екенін білуге болады.
a63a1
проблема кылмаңдарш, бір жеріне тығама оны қайтед, трофей қылып жатса да Гаста біліп отырадығой кім иемденгенін.
meirzhan
Мынауың Құдай бәрін көріп отыр дегеніңдей болды ғой.
Gastarbaiter
поштамның паролін білмейді ғо бәрібір
meirzhan
Демек Абзал идеясы мінсіз.
konvict
сақалы қара, өзі көгілдір ата жауымның аккоунттарды қайтарып ал қолынан келеді деп ойлаймын
Zako
+1
Керемет идея.Батыраштар мен қотыраштар қымсынбай айтысар.
meirzhan
Ник те таңдалды  Батыраш пен Қотыраш
Zako
Сол никтерді бір-біріне қарсы сөздер арқылы таңдау керек. Тақырыптар тізімі шыққанда қорғайтын адам білгілі никке (акуантқа), қарсы шығатын адам тиісті никке хабарласады. Екеуін де Гаста оқиды. Сөйтіп пікір таластыратын жұптарды анықтайды.
meirzhan
міне, дұрыс. Мозговой штурм арқылы шешімдерге келіп жатырмыз. шүкір
e_zhalgas
онлайн брейн-сторминг дегенді алғаш естуім, көруім  қазақтардан бәрі шығады, уахаха!
meirzhan
«сыбайлас қамқорлық» қауымдастығында қолданылуы керек әдіс қой бұл.
Gastarbaiter
Брейнстормның күшін мен де жырға қосқанмын, алдыңғы тақырыптарда.
Gastarbaiter
Ок, Абзалдың идеясын жасайтын болдық, респект оған тағы да.
Дүйсенб күні көресіңдер кімдер шығатынын.
Менің жеке хатыма тек 3-4 ұсыныс түсті. Бірақ таңдаған тақырыптары сәйкес емес. Әлде де лақтыра түсіңдер. Тақырыпты келістіруге болар еді, бірақ әркім өзінің таңдаған тақырыбында қызығып айтысатын секілді.
blackbeard
Лібәәә! Жеке пікірім үшін кешіресіздер, әрине! Бірақ кішкене оттап кеттіңіздер!
meirzhan
Ібілісті ақтап кеттік пе, Қарасақал?
VKM
Мен ойлаймын, жазу стилінен кімнің кім екенін біліп қоямын деп)))Қанша жасырын айтыс болса да.)))
Zako
Шрифтін біліп қоямын десеңіз, латынша айтыстыруға болар еді, ал жазу стилі жайлы айтып отырсаңыз, ойландыратын пікір екен.
satibaldi
Тіпті сен солай дегесін, қалған қазақтар алғашқы әрпінен біліп қалад.
meirzhan
Біліп алады деп ойласаңдар, hetaida turetan qazaqtar siakte zhazu kerek agaien!
Zako
Оны барлық адам оқып түсіне алар ма еді?
meirzhan
Түсінбесе жеңіліп қалады.
blackbeard
Hetaida turaten hazahtar syahte zhazsah men harse emespin Bul zhaghenan opetem bar
meirzhan
Onlaien sabahtar zhurguzege bolaten siahte saghan, Qarasaqal.
blackbeard
Sone holgha almasah bolmaiten turi bar! Opxem bas ayerep ketti Hox bolenezdar
meirzhan
songe kezde kop aitaten boldin bas auerade dep.
blackbeard
Ана жазылғандарды дәлме дәл оқышы
Соне холгха алмасах болмайтен турі бар! Опхем бас ауереп кетті. Хох боленездар!
Қазақ тілінің жаңа замаңғы нұсқасы дайын тұр ма деп қалдым
meirzhan
Иә, мынау түркі тілдес басқа тіл сияқты. Жаңа тіл деп те айтуға болады.
blackbeard
Патенттеп алайық, мынаны
meirzhan
hetaidaghi hazahtar renzhemes. baremezdeke bolade ghoi.
edige
Соңында кімнің кіммен шыққанын отырғандар ойша тапсын айтыскерлерді керекшілер…
Сыйлыққа емес нақ, былайша да істеуге болатын шығар… типі қызыққа…
meirzhan
Онда қызық болсын деп. Керектің сыртынан айтыскерлері әкелу керек.
Zako
Легионер-айтыскер
edige
неге… жетед өзімізде… Сөз шеше шеше шешендері
Yesman
Жақтаушыға менің нигім беріледі паролімен
meirzhan
Йесмұханбет, қош келдің!
blackbeard
Жақтаушы әйел боса ше?
a63a1
Бұл қаййсы тағе
meirzhan
Noman-ның қарсыласы
Noman
Аха менің қарсыласым. Дүйсенбіге дейін көріскенше
a63a1
уә чәәә Керектің жаңа туған перзенттері)
meirzhan
Сенің бойыңа кімнің рухы кірер екен? Кім болып сөйлейді екенсің? Қарасақалдайын түйрейсің бе, Абзалдайын ойып түсіресің бе, бәлкім Конвиктейін бұттан да кетерсің, ең бастысы шап! Yesman-нен қалыспа, реті келсе оз, дес берме!
blackbeard
Уааа, Щеголдар
Yesman
Аватарларымыз пезнес па?
blackbeard
Кім ед лібәәәә! SubZero емес анауссы бар еді ғо шыы?
meirzhan
Scorpio — сары мен SubZero — көк түсті.
blackbeard
woooot дәл өзі! Бұлардың тағы бір екі түрлері бар еді. СубЗероның маскасы бары и жоғы! Қап қара боп жүгіре беретіні. Ішінен жылан шығатыны
meirzhan
Субһаналлаһ, не деид? жылан?

иә, маска жоғы да бар. қап-қара — Noob Saibot.
Гаста керек етсе «2 на 2» форматын енгізсе осыларды да қосуға болады. Yesman 1, Yesman 2 vs. Noman 1, Noman 2.
a63a1
мына мандар енді күшіктеп кетпесе екен))))
Noman
Өлдім дей бер. Дүйсенбі күнге молда шақыра бер, Йесмәмбет!
blackbeard
Лібәәәәә! Екеуің бір адамсыңдар нақ! Просто екі браузерден кіріп періп отқан шығарсыңдар
Gastarbaiter
Кейбір гладиаторлардың бірін бірі танымай шығуы мүмкін, батиатынссс))
Gastarbaiter
Жеңген соң ғана көреді кімді жеңгенін
Бірақ идея сәл кештеу келгендіктен, келесі ойында жігіттер бірін бірі біледі. Сейсенбі күнгі шайқаста көздері байланып шайқасады
meirzhan
ең қызығы сол ғой.  за то аямайды бір-бірін.
meirzhan
Дәл Көшпенділер киносындағыдай. дежавю.
sigma
Шешендер дегенге Грозныйды қайта талқандап жатырған болар десем  
Дегенмен қызық мақала екен, бірақ пікірлерін соңына дейін нетіп (оқып) шығуға шыдамым жетпей қалды. Қарасақалдың диплом туралы неткен жеріне келіп тоқтадым.
Сонымен сайыс ережелері қандай болмақ? Қарасақалмен кім шығатын болды.
Gastarbaiter
sigma
бір нәрсе түсінбедім, шын есімдері дегеніңізді логин деп түсінгенім дұрыс болса, төбелеспекшілер Yes/Noman болып тіркелулері шарт па?
Gastarbaiter
Тіркеліп қойылған.
Төбелеспекшілер таңдаған тақырыбын жіберілері тиіс.
sigma
Ай, ссгин (сын есім) сабзиро мен скорпионды тіркеп тастапсың ғой
Gastarbaiter
6) Қыздарды тек қалай сәтті күйеуге шықсам деген ой ғана қызықтырады.-
мына тақырыпта бір кісі айтысам дейді, қалағандарың маған хат жіберіңдер
Gastarbaiter
1) Адамдар ата-бабаларының ісіне жауап беруі тиіс
2) Ақымақтардың жолы болғыш болады — 1 кісі таңдады қарсыласын күтуде
3) Шоу бизнесте жетістікке жету үшін жоғарыдан демеуің болуы міндетті.
4) Диплом көт сүртуге жарамайтын қағаз — Блакберд таңдады, қарсыласын күтуде.
5) Темекі сату индустриясы экономика үшін пайдалы.
6) Қыздарды тек қалай сәтті күйеуге шықсам деген ой ғана қызықтырады. — 1 жауынгер таңдады, қарсыласын күтуде
7)Көп балалы болған бір балалы болғаннан жақсы. — бос емес
8) Қазақстан экономикасына туризмнің пайдасы жоқ.
9) Пікірталаста шындық тумайды — 1 жауынгер таңдады, қарсыласын күтуде
10) Еденге дастархан төсеп, тамақ ішу мәмбеттік.
--
Gastarbaiter
Әзірге таңдалмаған бос тақырыптар мыналар ғана:

1) Адамдар ата-бабаларының ісіне жауап беруі тиіс
2) Темекі сату индустриясы экономика үшін пайдалы.
3) Қазақстан экономикасына туризмнің пайдасы жоқ.
4) Пікірталаста шындық тумайды — 1 жауынгер таңдады, қарсыласын күтуде
5) Еденге дастархан төсеп, тамақ ішу мәмбеттік.
--
Gastarbaiter
Айтпақшы, қатысушылардан өтініш ойынның шырқын бұзып, қызығын кетірмеу мақсатында виртуалда да, реалда да өздеріңнің тақырып таңдауларыңмен ешкіммен бөліспегендерің жақсы. Тіпті сыр алысып, сыр беріскен шопингілес, бөтелкелес құрбы-достарыңмен де.
Ешкіммен!
Gastarbaiter
Тақырыптар бос емес. Әзірге өтініш қабылдау тоқтатылды.
Келесі аптаға дейін.

Осы аптада болатын шешеңдік тайталастар мына тақырыптарда өтеді:
Дүйсенбі:
Көп бала VS 1 бала

Абзал жеңді (шартты түрде)
Сейсенбі:
Қыздарды тек қалай сәтті күйеуге шықсам деген ой ғана қызықтырады!
Спойлер: Ветеран мен жас мүше шығады
Сәрсенбі:
«Пікірталаста шындық тумайды!»
Спойлер: Екі жас болса да танымал мүшелер
Бейсенбі (кіші жұма):
«Диплом көт сүртуге жарамайды!»
Спойлер: Жас алғыр, танымал мүшеге тәжірибелі шешен қарсы шығады.
Жұма (Ұлы жұмасы осы шығар
"Қазақстан экономикасына туризмнің пайдасы жоқ"
Спойлер: Нағыз титандар шайқасы осы болмақ
— Жеңімпазға ақшам, мал, единица атаймын дегендере зор респект! Сондай-ақ өзара бәс тігем десеңдер де базар жоқ.
Aldarkose
Абзалға бір сыйлық бар еді. Хабарлассыншы.
a63a1
Алдар рахмет ниетіңе бірақ силықты соңғы жеңімпазға берейік!
Aldarkose
Жарайды. Оны да құр қалдырмайын. Жекеге жазамын.
Gastarbaiter
Жекеге емес, ортаға жаз. Адамдар спонсорларды білу керек.
Aldarkose
Судяға ештеңе жоқ бәрібір
Gastarbaiter
Судяға ештеңе сұрап отырған жоқпын.
meirzhan
1041-ші офф-топ: осылай-осылай кибер дебат қана емес, «give crosser» да дамиды. bookcrossing деген де жақсы интернет дәстүр. қазаққа сіңісті болғай.
Aldarkose
Ооо, менің де басымда жүр еді осы жақұт ой. Ойластыруға болады.
meirzhan
Басқа қауымдастықта, басқа тақырыпта талқылауға болады.
Aldarkose
Жекеге жазып жібердім мына пікіріңнен алдын.
Aldarkose
Екі батыр бір қаладан бола ма?
a63a1
— Жеңімпазға ақшам, мал, единица атаймын дегендере зор респект! Сондай-ақ өзара бәс тігем десеңдер де базар жоқ
. татолизатор ашып қойуға қалай қарайсың?
qisyq
Титандар шайқасың интрига туғызуда. Ертеңгі соғыс та қызық болатын сияқты.Алжып кетпесін деп тілейік.
Aldarkose
осылай құпия өткізбесең, бір бірінен ұялып қалатын керекшілерді қарашы, бір бірінің беттерін жыртайын деп тұр. Нағыз кибер-айтыс осылай дамиды.
Serzha
LiveStreet CMS-те дебат өткізуге арналмаған. арнайы плагиндер мен модульдер жоқ па?

discuz деген форумдық движокта арнайы дебаттар тақырыбын ашу мүмкіндігі болған еді, бірақ қазір форумда ешкім отырмайды
Noman
Ертең кездескенше, жама'ат!!!