Іріктеу сайысы №2 : Көпбалалы болған бір балалы болғаннан жақсы!


Дебат тақырыбы:
Көпбалалы болған бір балалы болғаннан жақсы!
Қатысушылар:
Сары аватарлы
YesmanПікірді жақтайды.
Көк аватарлы
NomanТақырыпқа кері пікірді жақтайды.

  • Өткізілу уақыты:
  • Дүйсенбі. 12-ші қыркүйек, 2011 жыл.

Ережелері:
1) Әр қатысушы 10-пікірден артық жазбайды (флуды, флеймі, сөзсіз смайлы бәрі пікір болып саналады)
2) Бір пікіріне 10 плюс алған ойыншы қарсыласына ногдаун берген есебі.
3) Бір пікіріне 5 минус алған ойыншы қарсыласынан нокдаун алған есебі.
4)Ногдаун нокаутқа ұласпау үшін қарсыластың жауабы 3 сағат ішінде 10 плюс алуы қажет.
5) Айтыс 1 күннен артыққа созылмайды.
6) Айтыс/пікірталас/дебат бір жақ жеңілгенін мойындағанда жедел аяқталады.
7)Бір жақ 3 сағат ішінде пікір жазбаса, жеңілгенін мойындаған болып есептеледі.
8) Мүшелердің шын есімдері мен логиндері шайқас нәтижесі анықталғанда белгілі болады.
Бөлісу:

178 пікір

Gastarbaiter
Жамағаттан рұқсат болса, бастайық!
Біз мұнда жігіттермен ақылдасып тағы бір ереже енгізбек болдық.
ӘРбір пікірдің ұзақтығы 5-жол жазбадан аспауы керек. Регламентінсс.
Сонымен бүгінге жоспарланған шайқасты ашық деп жариялаймын. Йесманның тұлпарының астында шаң бұрқырап, шыдамай отыр екен, жіберейік аттыкінің басын.
satibaldi
Қараиық д ебатшыларға арасында тұздық үін балағатқа ерік беріп отырғанның сөлекеттігі жоқ екенін айта салсаң.
Gastarbaiter
Тұздық, боқтық, демотивациялық постер жіберудің сөкеттігі жоқ. Постерді кішірейтуді ұмытпаңдар.
Боқтық жазу (көтіңді ашып қоюы мүмкін, немесе (орынсыз жазылса) минустың астына түсіруі мүмкін, сондықтан абайлап қолданарсыңдар, бар жауапкершілік қараиық дебатшылардың мойнында.
satibaldi
Жұмысымды тастап әдейі келдім броузер арытып. Шап!
Jacqabaies_Chirac
Оу д ебатшылар тал түс болды ғо нақ жіберсеңдершиш аттікін
Jacqabaies_Chirac
жіберсеңдершиш аттікін
қашанғы ұстап отырасыңдар басын нақтар кілең
Yesman
ЫҚым ҚЫЫМ, Бұл қураған құ сөзді бастау қиын екен, ептеп толқып отырмын, түнімен ұйқы жоқ, Номеке сөздің майын ағызып, 1 бала туралы ғылыми жұмысын жариялап жіберіпті )))таңғы 4 те шошып ояндым сөйтсем түсім екен. Ал жарайд менің бүгінгі қорғайтын жұмысым көп балалы болған жақсы. Ия жақсығой, Әйелім шыдап берсе бытырлатайын деген ой бізде де бар. Оны бұйыртса көре жатармыз. Дегенмен еліктеп елпініп жүрген ініңнің болғанына не жетсін, еркелеп аға дейтін қырмызы қарындасыңның болғанына не жетсін, еркелетіп айналған әпкеңнің болғанына не жетсін, алдыңа қарап бой түзер, қиында қамқоршы болар, қарсы желге қасқайып тұрып ығына алар ағаңның болғанына не жетсін. Жаманыңды жасырған, жақсыңды асырған баурларыңның болғанына не жетсін. Бордай тозып, тарыдай шашылған кейбір ағайындар да бар оны айтпай кете алмаспыз, бірақ ағайынның азары болса да, безері болмайды жеме-жемге келгенде сол ағайындар бір-біріне көмек беріп жатқанында көрген көзғой мынау. Туғаны жоқ «тұл» тұлға, эгоизмге "құл" тұлға ық ық ық.
satibaldi
Бес жолдан асып кетті демесең, мынаның жеңінен ақиқат бақырып жылап тұр!
Jacqabaies_Chirac
*уйбәрекелді
+1(әлгі жеріне қоя алмай отырм нақ рейтингінсссс)
Gastarbaiter
Ескерту, 5 жолға тап осыны сыйдыруға тырыс
Gastarbaiter
Номекең жайлы түс көріп, мына Ақтөстің күйін кештің бе?
Jacqabaies_Chirac
))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))) нуинақ д ебатшыларыңдыссс
Yesman
 босада бір пікірім капут болды, бірдеңе айтайын: Номеке қайдасың девжіверчі а то неудддоообный положениеде отырм
Gastarbaiter
Ударный пікірлеріңді ұра бер, алдын ала. Номан келгенде, сен жоқ боп қалуың мүмкін. Дәл қышыған жерден тигізуге тырыс, сенде артықшылық бар, адам күндіз көп болады, демек плюсты да көбірек жинайсың
Zako
Мына видеодан соң Номекең үстелден құлап жатқан болар
Noman
Ау, халайық, көп күттірді деп айып етпессіздер. Дебат уақыты нақты белгіленбегендіктен әрі келісілмей бастап кеткендіктен осындай жағдай болып қалыпты. ондай-ондай Гороның да қызында болады екен. Ал біз жай ғана пенде-сабзеромыз.
Оппоненттің су араласқан комментарийіне жауап берейін. Су араласқан дегенім — алғысөзі көп болып кетіпті.
Мына сөзіне құлағым елең етті:
көп балалы болған жақсы. Ия жақсығой, Әйелім шыдап берсе бытырлатайын деген ой бізде де бар.
Бұл жерде әйел затын аямаушылықты байқаймыз. Яғни, балалар тумай жатып-ақ Йесмәмбет әйеліне жүк түсірмекші. Бұл әйел затына мінетін ат ретінде қарау. Шыдау дегеннен шығады, демек көп бала туу әйелі үшін қиындық туғызады. Йесмэнның өзі 1 рет туып көрсе көрер едік былай сөйлейуін.
Ары қарай…

Дегенмен еліктеп елпініп жүрген ініңнің болғанына не жетсін, еркелеп аға дейтін қырмызы қарындасыңның болғанына не жетсін, еркелетіп айналған әпкеңнің болғанына не жетсін, алдыңа қарап бой түзер, қиында қамқоршы болар, қарсы желге қасқайып тұрып ығына алар ағаңның болғанына не жетсін. Жаманыңды жасырған, жақсыңды асырған баурларыңның болғанына не жетсін. Бордай тозып, тарыдай шашылған кейбір ағайындар да бар оны айтпай кете алмаспыз, бірақ ағайынның азары болса да, безері болмайды жеме-жемге келгенде сол ағайындар бір-біріне көмек беріп жатқанында көрген көзғой мынау.
Ағайын, бұл енді Йесмэндыкі барып тұрған демагогия. Тоқсан ауыз сөздің тобықтайтүйіні — бауыр, апай, ағай, сіңлілерден келер пайда. Бұған айтарым мынадай сөз бар: «Брат не всегда друг, а друг всегда брат» деген. Яғни бұдан не көреміз? Көретініміз біз ағаларға не басқа ағайынға айтпағанды досымызға айтады екенбіз. Дос әрқашан жақынырақ болады. Себебі біз ағайынды таңдай алмаймыз, ал достарды таңдай аламыз. Ағайын деген ол орысша айтқанда «навязанный» нәрсе. Үйренісіп кеткендіктен, туыс болғандықтан жақын болуға тырысуға тура келеді.
Ата-ана үшін де өзің үшін де балалар аз болған жақсы. Себебі бала көп болған сайын ата-ана алаңдаулы. Үлкен ұл қайда, кішкентай қыздың оқуы не болып жатыр, ортаншы ұл кештетіп келіп жүр. Ал егер бір бала болса оны бақылауда ұстау оңай. Ата-ананың жүйкесі тыныш.
Және бала неғұрлым көп болған сайын демек өлім де көп болады. Әр жақын туысыңды о дүниеге шығарып салу өте қиын тиеді.
satibaldi
"Қоқыс жәшігінен ыңырсыған дыбыс шықты да, әлдекімнің басы көрінді..." ©Гийом Апполиниер, «Транснонген көшесі».
Jacqabaies_Chirac
Және бала неғұрлым көп болған сайын демек өлім де көп болады. Әр жақын туысыңды о дүниеге шығарып салу өте қиын тиеді
күні бойы күткеніміздегі құсқаның осы ма жоғалнақ
-1
Gastarbaiter
Дабай, Номан қалыс қалма! Аватарыңды ұятқа қалдырма!

edige
Айтшайшнақ… арқаны қышытпай… Саған ставка койсам деп отырммын Номеке…
Наққа керек көп бала, бағып, жағдайын жасауға шамаң жетпесе…
Gastarbaiter
Едеке, ойыншылардың аузына сөз салмайық
Zilola
соны айтам да. аз болса да сапалысы дурыс.
Yesman
Наққа керек көп бала, бағып, жағдайын жасауға шамаң жетпесе…
Қалалық жерде пәтер жалдап сандалып жүрген ата-анаға әрине қиын, бірақ атам қазақ айтқан екен бір қозы туса бір түп жусан артық шығады деп, әр кімнің өзінің ырзық несібесі бар. Тыраштанып жыртығыңды жамай алмай жүрсең, қалаға келіп нең бар еді?!!!, ауылға қайтта мал бақ, ауылда аштан өліпті дегенді естімеппін. Асырай алмаймын дегендер, істің жөнін білмейтін ездердің қыртқан ақталу болып саналады.
Gastarbaiter
Асырай алмаймын дегендер, істің жөнін білмейтін ездердің қыртқан ақталу болып саналады.
Пәлі! Жамағат тұяқ соғып демеп қояйық!
19852407
уақақақақа
Yesmanның арқасы қозып, қобызы қвлғвнвп отыр екен. Қыза келе edigeмен айтысып кетееен бе :-)
Zilola
балалар есейiп аркайсысы жеке уй болганда коптiгi бiлiнбей калады.
edige
Атаң қазақтар не айтпаған… «Адасқанның алды жөн арты соқпақ» деп те айтқан. Адасып кетпей келгеніңмен қайт деп айтудың орнына…
/Мен емес ей айтысатын… маған не жоқ/ Өндірістен тек насыбай шығару қалған кеттім мен ауылға.
qisyq
Ой, пәлі! Айтақ, айтақ, фьшт, фьшт! Айналайын, аузыңмен Бухарь жыраудың өзі болмаса да, сөзі сөйлеп тұр екен, осы бетіңнен тайма, астыңдағы күрең бел, кер қасқаның бауырын жаздырып, «сайлау жермен сырғытып», жарлау жермен орғытып" өте шық, айналайын… еее… сол, айналайын… ммәмәмммәм…
kuniqumar
Ноуменге бағыт бағдар көрсетіп жіберуге бола ма?
19852407
ооооу, Noman батырым қайдасың?!? Шықсай бері, остановканың артын көл қылмай
a63a1
көп бала деген болса жақсы болмаса несі жақсы ыххххх
e_zhalgas
аз боп қалса да болмайды, көп болып кетсе де болмайды
e_zhalgas
айтпақшы, мен аутсайдерге болысамын  Ноумен, ноумен, ноумен!!!
Jacqabaies_Chirac
3 сағат бітті емес пе нақтың бұтағыма д ебат болды ма бұл нақ, қатысушылар келіспей ме алдын ала ептібайымайдтар дүйім жұрт жиналып лепіріп отырық енессстің Noman пшолнақ әжеңнің бешпетіне қатыстың ба нақ
Gastarbaiter
Техникалық нокаутпен 3 сағат жауап қатпаған Номан жеңілді десем қалай қабылдайсыздар?
Jacqabaies_Chirac
жүн жүн, енді әлгі жерін ашып жівер көрсін жамаат қарайық д ебатерларды
a63a1
ЖОҚ ол 6 дан кейін кіреді!!! Ережені әлі оқымаған болуы керек!!!
a63a1
Можыт жұмыста отыруы мүмкін!
a63a1
күтейіктә қызық тақырып негізі
Gastarbaiter
Бүкіл Грекия мен Филияның қолын күттіріп жекпе-жекке кешігіп келген Ахилес сияқты түнімен қатынға барған ба бұ шырақ? Таңертеңнен көрінбейді ғұә?
a63a1
Ендігі тақырыптарда қатысушылар әккіленіп алады, бұл әлі бастамасы!
AKY
Ноумандарың Әбіләкім ба не?
a63a1
оны қайдан алдың?
AKY
білмим. көз алдыма Әбіләкім елестеп кетті.
a63a1
Елеске көп сенбе, аяғы ауыр болуы мүмкін!
AKY
ия, аяғы ауыр қыздар адамдарға көп елестейді екен…
edige
Аяғың ауыр болуы мүмкін
a63a1
я беременный фильмі джынд екен — деп қуа салайш
kuniqumar
Расында да бүгін Әбіләкім деген болған жоқ. Әлде ол Йесман ба екен?))))
AKY
Просса, Абзал жақтасып отырғанға, Әбіләкім деп қалдым. Абзал десе, Әбіләкім елестейді көз алдыма))) Бүгін шынымен болмады ма ол?
19852407
Ендеше Әбілакімді күтпеңдер, келмйтін де шығар, хихихи
19852407
Gasta, ендеше басқа қарсылас тауып бер тезірек!
AKY
Ә чө, сен Йесмансың ба десең, ә))
19852407
 бәрі мүмкін десең ия
Jacqabaies_Chirac
Бір жақ 3 сағат ішінде пікір жазбаса, жеңілгенін мойындаған болып есептеледі.
яки Noman — ның жағы айырылып кетті ғой солай ма нақтың @Gastarbaiter
edige
Ой тәліб, 2 күн күткен қызық болады деп…, @Гаста айтқандай «хотябы жарты сағатымды қайтарсын» /Жерұйық фильмінен соң/
Noman
Ең бастысы сапа. Бала неғұрлым көп болса, соғұрлым әр балаға аз уақыт, ақша, көңіл, тәрбие т.б.-лар бөлінеді. Мысалы, 10 тетелес бала болса, олардың барлығын жоғары оқу орнында оқыту қиын. Сондықтан өмірдің қатал заңы кейбірі оқи алмай қалады, басқа біреуі әзер ілінуі мүмкін. Оқу қиын дегенім әдетте жасы үлкендер кішілеге қарайды, сөйтіп өзіне уақытын жұмсай алмайды. Сабақтары қараусыз, тренировакаға бармаған, бала қарағаннан басқа түк білмейтін адам болып шығады. Әке-шешесі Барлық баланы ақылы оқыта алмайды. Сондықтан 10 баланы колледжде оқытқанша, 1 баланы шетелде немесе ҚЗ-да белді оқу орнында оқыттырған жақсы. 10 бала тамақты дұрыстап жемей, ауру болған, киімі тозып, аға-әпкелерінің киімін кигенше, бір бала болсын. Ол бала сау, киімі бүтін, көңілі тоқ болады.
konvict
Келгенің үшін бір пүліс
19852407
бонус болсыншы саған!
Жоқ айдың, туфф Әбләкімнің бетіне қарап, пал ашып күтті ғой сені халқың
AKY
бір бала — жоқ бала, 2 бала — жарты бала, 3 бала — 1 бала.
Gastarbaiter
Дәурен86 мен Жалғастың пікірталасы есіме түсіп кетті. Мұңайған пікірталастан жалыққан көрермендер алаңға еш қарусыз жалаңбұт-ақ өздері төбелесіп кетуге сәл-ақ қап тұр
Noman
Заманына қарай бала саны Қазір әке-шеше азаннан кешке шейін жұмыс істеуге мәжбүр. Мұндай жағдайда көп баланы туып, асырап, тәрбие беру физикалық тұрғыдан мүмкін емес. заманнан қалмау үшін тынбай еңбек етеді. Не балалармен үйде отырып қаласың, отбасы экономикасы дамымайды, не 1 балаға қарап үлгеріп жұмыс істеуге болады. Тіпті қазір ауылдардың өзінде көпбалалы отбасылар өте аз.
19852407
Туууф, солғын гүлдеріңді Беттиға бере салыңдаршей!
Фшт-фшт! Айтақ-айтақ!
KILYZAMAN
Қазір әке-шеше азаннан кешке шейін жұмыс істеуге мәжбүр
— бұрынғылар сонда не істеді екен? Қойдың үстіндегі бозторғайдың жұмыртқасын місе тұтқан ба?
Noman
Жантанушылар не дейді?: Көп балалы отбасыда өмір сүрген балалардың жүйкесі тыныш емес, конфликтерге көп түседі екен сыныптастарымен. Ал отбасыдағы бір бала үлкен кісілермен көп араласқандықтан саналырақ болады. Үлкен кісі сияқты ақылды болады. Ал көпбалалы отбасы "қазір мені біреу ренжітеді, тартып алады деп" жүйкесі қозып тұрады екен. Көп балалы отбасыларда балалар бірін-бірі жарақаттаған оқиғалар көптеп кездеседі екен. баланың аты бала ғой. Жасы үлкендер кішілерге түрлі «опыттар жасайды». Немесе қорқытам деп көздерін қыли қылдырып жатқан оқиғалар көптеп кездеседі. Ең көп оқиғалар — баланың қолын шығарып алу. Көпбалалы отбасыларда шеше көбіне жасы үлкен балаға сенім артады. Оның өзі бала болса да. Баланың көңілі далада емес пе. Баланың ісі шала деген де бар. Ол кіші бауырына дұрыс қарамай, түрлі жағдайларға әкеледі екен.
satibaldi
Бәлкім осы жолдар Нобель сыйлығына ұсынуға келетін маржан да болар; бірақ ғақылия мұғжиза жандарды күттіріп қойғаның үшін жеңілдің нақ, жоғалнақ жаза бермей.
19852407
Аргументтеріңді жеткізе білу формаң құсық!
Чуйская долинаны аралап кеткім кеп кетті…
KILYZAMAN
Ал көпбалалы отбасы "қазір мені біреу ренжітеді, тартып алады деп" жүйкесі қозып тұрады екен.
— мынауың жетім балалар үйіндегі жағдайды «Жантанушымын» деген біреу жазған сыңайлы…
Gastarbaiter
Дегенмен еліктеп елпініп жүрген ініңнің болғанына не жетсін, еркелеп аға дейтін қырмызы қарындасыңның болғанына не жетсін, еркелетіп айналған әпкеңнің болғанына не жетсін, алдыңа қарап бой түзер, қиында қамқоршы болар, қарсы желге қасқайып тұрып ығына алар ағаңның болғанына не жетсін.
+10 болды. Yesman-ның мына пікірімен берген соққысы таза нокдаун.
Номанның келгеніне 1 сағат болды. Тағы екі сағаты бар.
Noman
Әлеуметтік қорғалмаған топ. Көп балалы отбасы деген жақсы болса неге олар аз. Себебі көпбалалы отбасы болу деген материалды қиыншылықтардан тұратын өмір. Ал тұрмыс сананы билейтінін білеміз. Демек бұл рухани әлеуетке де әсер етеді.
Не себептен заңда көпбалалы отбасылар әлеуметтік қорғалмаған, әлсіз топтарға кіреді? неғұрлым отбасыда адам көп болған сайын оны асырау да қиын. Қазақстандағы көпбалалы отбасылардың көбі өзін-өзі асырай алмай, тілемсек болуға мәжбүр болып отыр. мемлекеттің көмегі бірақ бәрібір көпбалалы отбасылардың өмірін оңалта алмайды.
Gastarbaiter
Іріктеу біткен соң, келесі аптадан бастап, жеңгендер шығад 1 1-мен. сол кезден бастап байгеге единица мал тіксеңдер болады. Мен де құр қалмаймын, өзім таңдаған бір мықты, кескілескен, нағыз жұртты шулатқан, риза қылған қырғын шайқастың мүшелеріне жеңген жеңбегеніне қатыссыз сыйлық тігем нақ.
kuniqumar
Есеп нешеде неше болды?
Gastarbaiter
Номан нокдаунда әлі
Gastarbaiter
Жалпы счет 16: 6
Yesman — ның пайдасына.
19852407
1,5 сағаттай уақыты бар ғой әлі
19852407
әсері болса, бірдеңке деп қалсаңшы Nomanжан-ау?!
Yesman
ЕЕЕ Нөмеке, бір баласы бардың шығар-шықпас жаны бар дейді, әрине асылық айтып қажеті жоқ, олда Алланың бұйыртқаны болар. Бірақ кейбіреулер денсаулығына, кейбіреулер тұрмысына, ал кейбір бетпақтар пигурасына қарап бір баладан асырмай жатады – енді бұлар туралы айтсам, қартайғанда пигураңа кім қарайд атаңанәлет-ау, мұндайлардан қайбір оңған бала туар дисің, көңілсіз әйелден көтсіз бала туады дейді, қартайғанда баласы жарытып қамқоршысына айналарына күмәнім күләндәнің күрешкесіндей, мысығыңмен күшігін құшақтап жалғыздықтан құса болып өмірден өтер.
Noman
ЕЕЕ, Есеке, бір баласы бардың дәурені жүріп тұрған заман ғой бұл, несін айтасың. Денсаулығына, тұрмысына, пигурасына қарап деп 3 себепті атап өтіпсің. Пигурасына қарап 1 бала ғана туады деген өте сирек кездеседі. 1 бала ғана туатындар кімдер? баланың қадірін білетіндер, уақытын бағалайтындар, баланың болашағын ойлағандар, көп бала асырауға материалдық әлеуеттің жетпейтінін жете түсінген саналылар, заманмен санасқандар, үйінде светы бар азаматтар
Barakkhan
Ноумен — 30 плюс

Йесмен — 8 плюс

Ноуменнің таза жеңісі)))
Gastarbaiter
Өте-мөте подозрительно.
Мен өз басым ұйымдастырушы ретінде ешкімге жақ емеспін, бірақ қысқа мерзімде таразы басының бұлай өзгере қоюы бір қателіктің болғанын аңғартады. Админмен хабарласып, өтірік аккаунттан дауыс бергендерді қатаң анальді жазаға тартамыз.
satibaldi
Аттыру керек ептілерді.
Gastarbaiter
Бүйте беретін болса жазбаша дауыс беретін қыламыз. Сонда ауыс берген адамдардың қашан тіркелгеніне маңыз аударатын боламыз.
satibaldi
Мынауың дұрыс идея нақ. Егер сен 1914 жылы болғаныңда, Николай Екінші ну енд* — андай бов қалған Столыпинның орнына қояр еді, әкімшілікқабілетіңдісстің.
Gastarbaiter
Маған «Толағай» сияқты қызықты эстафеталарды ұйымдастыру болса да жарар еді
Aldarkose
Бүгін тіркелгендерді тексеру қажет.
Aldarkose
Ноуменнің таза жеңісі)))
Сенің таза жеңісің, троллЪ
Ottegin
«Еріккен мамағымен ойнайды»,-деуші еді, осы барлық іс-әрекет соған ұқсайды ма, қалай?
Gastarbaiter
Жалпы адам өмірінің өзі планеталар тұрғысынан мағынасыз қыбыр ғой.
Aldarkose
Barakkhan-ның
Тіркелген күні: 12 қыркүйек 2011, 20:09
Соңғы кірген күні: 12 қыркүйек 2011, 20:20
Ottegin
Ыыыы. мен де соны айтып отырмын, Ана бараққанның ісі апшыңды қурывжверд-ау дим)))
Ottegin
Айтып отырғаным, тартыстың мәселесі жәйына қалды, даукестердің ірі, кесек-кесек ойлары, ет шымырлатар толғаныстары туралы сөз болуы керек еді, плюс пен минус туралы сөз көп секілді, иттің кө… зі секілді жулаған жааматтың қоздырар әңгімесі сол ғана ма деймін.
Gastarbaiter
даукестердің ірі, кесек-кесек ойлары, ет шымырлатар толғаныстары туралы сөз болуы керек еді

Критерийлер сол еді ғой. Осылай эволюция болады ғой, тырысып көру мен қателесу тәсілімен.
Кейін жүйе ретке келген соң, уақыт та аз кетеді, қызығы да көбірек болады. Пайдасы да (материалдық) пайда болады деген үміт бар.
Aldarkose
Қолданушы Тіркелген күні
Deadbay 12 қыркүйек 2011, 20:00
ESN89 12 қыркүйек 2011, 15:45
KilyKezen 12 қыркүйек 2011, 13:25
Aldarkose
Номан келмей тұрып жеңіп кетті ма не?
Gastarbaiter
Ең мықты шешендердің айтысын жүргізбес бұрын эксперименттік сайыстар деп есептеңдер.
Aldarkose
ФИФА-ның айналасындағы даудан да қиын болды тікелгіштеріңдсссс.
Gastarbaiter
Ендігі жарыста өзінің пікірталастан хабары бар екенін дәлелдеген топтан, және керекинфо ветерандарынан тұратын жюри тобы болады. Және олар кейде ауысып тұрады, біреу жоқ боп қалса, екіншісі дегендей кезектесіп.

1) Сатыбалды/Омарбырат — .
2) Сигма / Нұрғиса
3) Асаубота /Қисық
4) Саммита / Айгерім
5) Алиша / Зилола
келісесіңдер ме?
Aldarkose
Тағы бес керекші керек ші.
Aldarkose
Жұмпастырып қоған екенсің. Он екен.
Gastarbaiter
Кезектесіп дедім ғо, оларды міндеттей алмайсың ғой, жұрттың шешендік сайысын бақылауға. Қолы тиіп, онлайн отырғанда бере салуға құқығы бар.
Aldarkose
Иә, келісемін. Резервте қосымша қазылардың болғаны айып емес.
Zilola
уау, мен тек «за»!
Aldarkose
Белсенді 10 керекшіден тұратын әділ үйректер қазылар алқасын тағайындайық, жігіттер.
Gastarbaiter
Тағы бір жұпқа сондай привилегия бермекпін:
Бальзаминка/ Айжанатабын
Қазылық міндет емес, тек сендерге көрсетілген сенім пен привелегия ғана.
balzaminka
Айжанмен қатар бере берсем ше дауысты, бола ма?
Gastarbaiter
болады жазбаша түрде 
Кім онлайнда болса, солар бере береді
Aldarkose
Жақсы тақырыпты құрттыңдар  Екі жаққа да жетерліктей аргументтер мен фактілер бар болатын. Амал нешік, «бәрін балалар жеп кетті» деген осы.
Gastarbaiter
Уа жамағат!

Вобщем былай, сағат тоғыз болды. Йесман +10 алып Ноуманды нокдаунға жібергеніне 10 сағат болды. Ноуманның алғашқы пікіріңнен бері 3 сағат болды.
Бірақ Ноуман бұзақылардың әсерінен бір пікірімен берілген уақыт ішінде +10 жинай алмағандықтан. Нокаут болып есептеледі.

Жеңген амигоның нигі: a63a1 — немесе жай ғана Абзал
Нокаут алған жігіттің есімі: Мейіржан

Жазбамыз тірескенімен, басымыз тіреспесін деген ниетпен, Абзал мен Мейіржанның реалдағы сыйластығы арта берсін деген тілекпен, бұл сайысты жабық деп жариялаймын.
Aldarkose
Жеңген амигоның нигі:
Кім жеңді? Yesman или Noman?
Түрлі есептеу әдістеріне салсақ, екеуі де жеңіп тұр.
Zilola
Есекене бердiм дауысымды
Gastarbaiter
Нокаут берген кім еді. Жазбаларды оқысаңш. Болды енді коментировать етпеймін бұл төбелесті.
Aldarkose
Мына екі кибер-айтыскерге бір пікірден жазып, айтысты қортындылауға мүмкіндік берсе. Сол пікірлері бүгінгі айтыскерлердің әділ бағасын шығарып берсе. Қалай болады?
Шешуші сөздері алдыңғы жазғандарына жауап ретінде болмау керек.
Gastarbaiter
Ия, кибер айтыскерлер маскасын шешіп, төбелес жайлы, оның қорытындысының, нәтижесінің әділдігі жайлы, және жалпы өз атынан не қосарлары бар, және шынайы пікірлері қандай екенін білгіміз келеді.
Aldarkose
www.kerekinfo.kz/blog/debats/4761.html мына постқа өзгерту жасашы. Қай жұптар анықталмағанын біле отырайық.
AKY
Еее. Қызық)) Абзал жеңді ғой әрине, но оның позициясы да оңайырақ болды деп ойлаймын. Сондықтан Мейіржанды тек бізді күттіріп қойғаны үшін ғана сөгеміз. (хотя, андай-мындай жұмыстары боп қалуыц мүмкін)
meirzhan
Айтысты ұйымдастырып, бағалап, оқығандарға рахмет. Айтысты мен құрттым. Өзімнің неорганизванность үшін. Реалдағы жұмыстарымды бітіріп үлгермедім. Бірақ негізі 12 мен 3 жарым арасында келмейм деп ескерткем. сонда дда мерзімнен кешігіп келдім. Йесмэн келсе мен жоқ. Мен келсем Йесмэн жоқ. Быт-шыт болды.

Келесі айтыстарда Қилызаман сияқты екі оппонеттерге сөз бағыттап, қарсы шығудың қажеті жоқ. Бұнда адам өз пікірін айтпайды, қандай позиция берілді, соны қорғап шығу керек. Болды.

Өз пікіріме келсем, Аллах қанша берсе соншасын қабыл алу керек. Мүмкіндігінше көп бала болған жақсы. Бала жалғыз өссе іші пысады. 3-4 бала деген норма меніңше.

Өзім кешіксем де аргументтеп жаздым деп ойлаймын біраз. Бірақ ары қарай жазудың мәні болмады. Жамағат кешіккенімді кешірмеді. Керемет комменттер күтіп еді. Мен көңілдерінен шыға алмадым.  Және де Йесмэн де онлайн болмады.

Мына жерде бағалау айтылған сөз идеяға емес, оқырманның ашу-ызасына негізделді деп ойлаймын. Кешіккеніме бір ызаланса, Баракхандардың әрекетіне бір ызаланып — 1-ге түсірді. АЛ менің оларға мүлде қатысым жоқ еді.
Serzha
Өз пікіріме келсем, Аллах қанша берсе соншасын қабыл алу керек.
тіпті бермесе?
meirzhan
Сержа, қоя қойш.  Ол енді менің шаруам ғой. «Адам — Құдай» тақырыбы біреудің араласуын қажет етпейді деп айтып ем саған.
Діннен басқа тақырып құрып қалмады ғой. Кез-келген тақырыпта шүйліге ьереді екенсің, діни астар іздеп.  Неге соншама атеизмді жақтадың? Арнайы пост жазшы жұмбақ болмай. Елден ерек болып не себептен атеист болып жүрсің. Кез-келген атеист жүрегінің түбінде құдайға сенеді деп естігем.
meirzhan
«Адам — Құдай» тақырыбы біреудің араласуын қажет етпейді деп айтып ем саған
1 рет айттым деген мағынада. әйтпесе соңғы иснтанциядағы ақиқат емеспін
Serzha
мен саған сұрақ қойдым. тіпті бермесе қайтесің?
meirzhan
Түрлі құранға томпақ келмейтін жолдар бар.
Асырап алу бар.
Aldarkose
Айтыс біткелі бір сағаттан асты.
Serzha
енді?
meirzhan
Айтыс тақырыбын флудтамайық.
Serzha
неге? аяқталды ғо
Aldarkose
Той тарқағаннан соң тойдағы қазан-ошақты жағалаған иттердей болмайық.
Gastarbaiter
Сержа, мына жерде жіңішкелетіп әдем трольдедің
тіпті бермесе?
деген сұрағыңа бірнеше абзац кірпіш тышып тастапты ғо Мейіржан
meirzhan
Маған да айтып қалу керек қой
Gastarbaiter
Дұрыс қой, бірақ троллинг деген бір сұраққа бір абзац негатив жазу емес, керісінше
meirzhan
сәтті троллинг болды негізі. Діни троллинг деп па
негізі игнор деген ең абзалы ғой.
AKA
Мүмкіндігінше көп бала болған жақсы.
Бәсе, бұл енді Мейіржанның шынайы пікірі ғой  Ал, дебатта расында да, не болса да алған позицияңды қорғап, аудиторияға сөзіңді өткізу, соған сендіру ғой.
Жамағат кешіккенімді кешірмеді.
Кешірімді болайықшы, ағайын! Бастамасы болған соң, қателіктер болады ондай-мұндай, кешірімді
meirzhan
Бір күні дебатта Атеизмді жақтағам. Алла кешірсін.
Aldarkose
Сол сияқты Сержа да тәубеге келіп қалар күндердің бір күнінде.
Serzha
аяқ астынан атеист болған жоқпын. оған жету керек
meirzhan
Өзім біраз түйіндерге келдім:
1. кешікпеу керек.  тайм-менеджментім 0, жоқ — 1. Бұрында дебат турниріне кешігіп барғандда да бас төрешілер алдын-ала минустайтын, жеребе тартқанда бірақ келесің деп.
2. Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар.

Осындай қолданушылары бар сайт базар. ең жақсы мағынасында.
e_zhalgas
базаршылар
meirzhan
«дарррогу, дарррогу» деп па
a63a1
Кешігіп қалыппын, Гаста парольді өзгертіп үлгеріпті))
Уа халайеқ! Кешігіп келгені болмаса Мейіржанға жеңісті берейік. Бірақ, адамның арқасы қозып отырғанда, жауапқа жауап қайтарғанда біраз қызықтырақ болар еді! Бұл жерде екеуміздің де кінәмыз бар уақытты дұрыс белгілемедік! Бұл сайысты Йесманмен номанды сынақтан өткізу деп қабылдайық. Берген Шевроле ниваны Мейіржанға бердім! Ық ық ық
meirzhan
Сенің былай мәрттік танытуыңның өзінен-ақ сен жеңіске лайықты екенің білінеді, Абзал. сенің Шевроле тепкенің абзал.
a63a1
Рахмет! Қанатыңды кеңге жайып, қырандай қия шыңға қона бер! Кел қане төс қағыстырып қоялық
Aldarkose
e_zhalgas
че-то подозрительно  (мынау смайл)
Aldarkose
Екеуі де жігіт. Смайлдар да жігіттер
meirzhan
«ер шекіспей бекіспейді» дегеннің тым заманауи смайлигі.
meirzhan
 Туф, қанаттандырдың ғой мені.
Aldarkose
Ио майо, нағыз шешендер сендер екенсіңдер. Бір біріңді сыйлағандарыңды көріп, бастарына күн туса, ішкиімдерін шешіп бере деп қалдым. Жарадыңдар.
Gastarbaiter
Қандай сезімдер. Көзіме жас үйірілді. Спортқа лайық әрекет деп осыны айту керек.
Бұл да шашка-шахмат сияқты спорттың интеллектуал түрі ғұә?
Aldarkose
Қойған суретіңе қарап, келіспеске шарам қалмады.
Aldarkose
Айтысты тікелей эфирде тамашалай алмағандар мына жерден қарап біле алады
www.kerekinfo.kz/blog/4815.html
balzaminka
Жеңіс құтты болсын, Абзал!

Негізі маған Мейіржанның аргументтерді жеткізуі мен сөз саптауы ұнады, қатты әсер еткені Алдарға ұнамаған өлім туралы болды, соны оқығанда аж дүниеге келгің келмей қалады екен
satibaldi
Сен-ақ қоя қойш осы.
balzaminka
Оу, Сатекесі, не болды? Сіркеңіз су көтермей қалыпты ғой, аманшылық болғай әйтеуір
a63a1
Дауым жоқ! Бірақ негізі екеуміз бір уақытта сайысқанда жақсы болар еді!
Aldarkose
Ендігі айтыста домбырасыз келген ахундай болмай, клавиатураларыңды уақытылы сайлап келіңдер деп қадап айту керек кибер ақындарға.
balzaminka
 әлі де айтысқың бар сияқты ма?
a63a1
айтысар едім қолыма домбырамды берсең)))
balzaminka
жұма шыдасаң қолыңа тиер домбыраң
a63a1
мен шын домбыраны айтқан едім
direct
Әйелім шыдап берсе
Абзал, анау үйленем деген қызыңа күмәнім бар, ал Данаға үйленсең — қанша бала болса да бытырлататынына ғарантия!!!
Так што ойлан бала, ойлан! Әле де уақыт бар!!!
a63a1
Дананың екі төсінің арасында тұнчығып өлемғой муахахахахахаха
direct
ну енді "өлетін бала төске қарап жүгіред" дегенғой))
a63a1
қое Дана өзі емес мені таптырып қойып жүрмесін
balzaminka
Дариғадан сұрамасаң ол домбыраңды
edige
@meirzhan сенің пікіріңді өмірде келіспесем де қолдамақшы болып едім… Әттең құлагеріңнің подвадиткенті жаман болды…
meirzhan
айтпаңыз. ұят болды.