Қарағанды.Қасым тойының нәтижелері.

Дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың 100 жылдық мерейтойы деп шабылғанымызға біраз болды. ақындар айтысы мен әншілер байқауының нәтижелері белгілі болды. Марапаттау рәсімі бүгін кешке болады. Сөйтіп, айтыстан бағы жанып жеңіл көлікті болған ақынымыз- Айнұр Тұрсынбаева, бірінші орын қарағандылық Мақсат Ақановқа бұйырды.
Өзім ән байқауының басы-қасында жүргендіктен бұл жайлы кеңінен айтып өтейін. Республикамыздың (Орал қаласы, ақтау қаласы, ОҚО, Павлодар қаласы және өзіміздің Қарағандыдан)әр жерінен келген 22 үміткердің 11-і екінші кезеңге өтті. Бас жүлде қарағандылық Сержан Мұсайынға бұйырды, бірінші орынды астаналық Омарбек Қайыргелді алды. Екінші орынды астаналық Осатаев Медет пен Ыбышев Құрмаштар өзара бөлісті, үшінші орында Ақтау қаласынан келген Ахметжанова Динара, қарағандылық Меруеш Башай және павлодарлық Айтбаев Жанаттар еншіледі. Бас жүлдеге-450 мың теңге. Бұл ән байқауының ерекшелігі ансамблдің не оркестрдің сүйемелдеуімен ән айтуларына болатындығында.
Жыр мүшайрасына тігілген машинаны (жеңіл көлік) Ұлықбек Есдәулет алды деп жатыр мындағылар)))


Ақынның қызы Дариғаға мінгізілетін көлік
Бөлісу:

24 пікір

omarbirat
Жыр мүшайрасына тігілген машинаны Ұлықбек Есдәулет алды деп жатыр мындағылар)))
Лібә, жоғарыдағы сөзді оқып, көзіме Ұлықбек Есдәулеттің тігін машинасын алып жатқаны елестеп кетті. Қуайын дедім ))
Abilakim
Не шегіп отырсың, ағасы?
omarbirat
Күнде шегіп жүрген Marlboro Filter Plus.
izbasar
Қақалып отырып па едің.
omarbirat
Темекіге қақалып отырған адам қуады?
Abilakim
Поқоду өзі қақалып отыр ма деп қалдым
monti
басқа қаладардан көп қонақтар келді ме? той қанша күнге созылды? КүЧт өткен сияқты ғо…
patick
КүЧт өткен сияқты ғо…

Аха, әсіресе 1 фотода содан хабар беріп тұрғандай. Залда 3 көрермен
Beytanis
Қырағылық.
meirzhan
Репетицияға ұқсайды.
meirzhan
Немесе әкімдер үщін орын бостатып қойған. Бірақ олар кешігуде.
Abilakim
Бұл сурет іріктеу кезеңінде түсірілген.Халық іріктеуден өткен әншілерді ғана тамашалады.
Abilakim
Той 3 күнге созылды. Ат жарысы, күрес дегендей ойындар бүгін Қарқаралы ауданындағы Қасым ақынның туған ауылында өтуде.Жан-жақтан келген қонақтар өте көп, күтіп алу мен шығарып салудан табанымыз тозып жүр))))
TOTY
Қазақтың тойының сондай ырың-жырыңы көп
Abilakim
Соңғы қонақтарды кеше шығарып салдым.Түріктер.ТРТаваз каналының тілшілері
TOTY
Әбеке, бәріне қалай үлгересің, саған осы пікір жазсаң сиясы кеуіп үлгермей жауап келіп жатады...
Abilakim
солай болып қалды енді…
KILYZAMAN
100 жылдағы жыр қазанының жаңарғанын көрсе, ренжіп қалар ма еді марқұм…
Makhabbat
Дариғаға берген машина күщт екен…
19852407
Әбіләкім ағасы, Оралдан жалпы кімдер барды бақ сынауға?
Abilakim
Оралдан бір әнші жігіт келді.Эстрадамен айтады екен.Бұл жерде басты назар ансамблмен немесе оркестрмен айтатындарға түскендіктен дипломант атағын алып кетті.Ол жігітті Қасым атамыздың Оралда 6 жыл қызмет еткені құтқарып қалды)))Қазақшылық))))Тасболатов Нұржан деген кісі
Aikona
Ауқымды өткен сияқты…
Abilakim
Ауқымды әрі көлемді))))