Вааааааааллллииии!!!

Осынау қоқыс престеуші роботтың қылықтарына таң қаласың. Ешкімге де керегі жоқ жұмысын мүлтіксіз орындап жүр. Адам секілді. Тек көп сөйлеп білмейді. Асыранды қоңызы бар.

Фильм сюжеті бойынша жерде қоқыс-қалдықтардың көбеюіне байланысты, ауасы улы газға толып, тіршілік жойылып кеткен. Ал Жер өмір сүруге жарамсыз болғаннан кейін адамдар алып кемеге отырып, ғарышқа ұшып кеткен. Валли есімді робот қана өмір сүреді планетамызда. Күнде таңертең тұрып, жұмыс орнына барады да, қоқыс жинайды. Оларды престеп, үйеді. Қоқыс арасынан тауып алған кейбір ескі заттарды үйіне тасиды. Ал кешке теледидар қосып, романтикалық кино көреді. Өмір осылай жалғаса берер ме еді, егер…

Егер ғарыштан Ева есімді барлаушы-робот келмегенде. Осыдан кейін екі роботтың бастарынан өткен қызыққа толы оқиғалар басталады. Ақырында, ескі құлтемір Валлидің арқасында адамдар Жерге оралып, тіршілікті қайта жандандыруға кіріседі.

Валлидің қылықтарына таң қаласың. Қулық-сұмдықты білмейтін роботтың әрекеттері еріксіз жүректі елжіретеді. Әлемді өзгертуге болмашы бір нәрсенің де хәлі жететінін түсінгендей боласың. «Көбелектің әсері» дейтін бе еді?..

«Валли» шынымен де отбасы болып көруге тұрарлық мультфильм. Түсіру тобының аз күш жұмсамағаны көрініп тұр.

10/10!

Дереккөзі
Бөлісу:

16 пікір

omarbirat
Бір рет жартысына дейін көріп, меңгерамадым осы мультфильмді. Кішкене шыдай тұру керек пе еді ))
Өз номинациясы бойынша «Оскар» алды осы Валл-И, қателеспесем.
patick
Ия, Оскар алыпты. Қызықтың көкесі Ева ұшып келгенде басталады.
Nurgisa
Қызықтың көкесі Ева ұшып келгенде басталады.
Ах, Ева, Ева, Ева…
omarbirat
Дәл сол Ева келген жеріне дейін көрдім. Басында біраз іш пыстырып жіберетіні бар. Сабыр сақтап отырып көретін фильм
Пікір түзетілген: 27 маусым 2011, 16:07
Nurgisa
Негізі, Омеке, кино көруге келгенде Аршаттың баласы екеуіңнің темпераменттерің ұқсас екен
omarbirat
Шыны керек, мына мультфильмді көргенде, арт-хаус көргендей әсерде қалғаным рас. Экшн болмаса болмай-ақ қойсын, құрығанда бір мылжың сөздері де жоқ қой
Aizhantabyn
қатты жақсы көрем осы мультикті)))
nurjanbay
роботтар туралы кино, мультиктерді жақсы көрем.
Economist
Маған да ұнады бұл Валли…
Arhun
Маған көбіне идеясы ұнайды…
Графикасы шеберлікпен жасалғанына сөз жоқ…
Aizhantabyn
мен де идеясына қатты таң қалдым))

Сосын Валлидің өзі сондай тартымды персонаж, жақсы көрмеуге болмайды)))
AKY
Көрмеппін, қызық секілді.
Gamk
Көрдім. Тамаша! Қызық!
omarbirat
Қайтадан көрмесем. Қызықтырып жібердіңдер )))
Aizhantabyn
басында кішкене нудно, бір түрлі қызықсыз секілді, бірақ кейін өте қызық))))))