Жазалау: Әжетханада

Әп-әсем, өп-өркениетті, мәп-мәдениетті бір жерде келе жатып, әжетханасына кіре қалсаң, есік алдында қабағы түйілген әйел отырады. 30 теңгені соған ұстатасың, әрине әжет өтеу үшін. Сосын ол саған үзіп-үзіп дайындап қойған ұзандығы бір сүйем болатын әжетхана қағазын береді. Не деген үнемшілдік, не деген өркениетсіздік! Дәл сол кезде әжеттен шығып қалған қағаздарды шелектеп тұрып төбесінен жаудырса. Дәл сол арзанқол сары қағазға зар қылғызып, үш күн, үш түн әжет өтейтін сасық кабинаға қамап қойса. Ох, сөйтіп қатал жазаласа ол шіркіндерді!
Бөлісу:

36 пікір

omarbirat
Ооо, айтпа, амиго! Бір рет «Апорт» СОСО-нда (сауда-ойын-сауық орталығы) қол жуғаннан кейін қағаз сүлгіден бес-алтауын алып жатсам, сондағы техничкалар «бір-екеуін ғана алмайсың ба» деп ренжиді. Бұл ептібайымайдтың сүлгісінің бір-екеуімен сүрте қояйын десең, су болып тұрған қолда еріп кетеді. Оған біз кінәлі емес шығармыз :)
Gastarbaiter
Молынан берші қарағым десең ала көзімен қарай ма?
omarbirat
Кейде қарайды. Базбірлерінің түріне қарап-ақ, ондай айтудан пайда жоқ екенін біліп тұрасың (қателесуім де мүмкін) :)
Менің жазғаным диспенсерге салынғандары ғой. Сол үшін сөйлейді деп күтпеген едім сол кезде.
19852407
неге өйтет білесің бе, бырателло?
omarbirat
Үнемдеу үшін шығар. Шығысты азайтып, кірісті көбейту… Сіздің нұсқаңызбен таныса отырсақ?
qisyq
Ох, ойымды оқыдың ғой…
zhazular
@patick сұрақ: сен неге әжетхана туралы көп толғанасың?
Gastarbaiter
Туалет түйткілдері ғой, адам өмірінің біраз бөлігін бүркіттің позасында өткізеді екен.
qisyq
бүркіттің позасында
муахахахахахахаха, тамызып қойдым))))))))))))))))
zhazular
ептім-ай! :)))
адам өмірінің біраз бөлігін бүркіттің позасында өткізеді екен.
шешееесс, қайдан табасың осындайды!!!
Gastarbaiter
Кезінде у-шумен айналысқам))
patick
хули, әжетханада болған тәртіп қоғамда да болады деген түсінікпен жүретін адаммын. қонаққа барғанда да, әжетханасына қарап иесіне баға беріп тастайм.
Zilola
Жұмыста (көбінің жұмысында солай шығар) бір күйеуі жоқ стервалау апай бар ед, сол вечно бізге (жас қыздар жиналып қалған жерге келіп, шырқымызды бұзады) лекция оқитын типі былай «унитаз-әйелдің беті, унитазға қарап бағалай беруге болады кімнің кім екенін», рас екен-ау а :)))
Gastarbaiter
Бұған дейін, «бүлдіргенде тұрған не бар?» деп жүр ме едің?
Zilola
унитазға қарап пал ашуды айтам да, әйтпесе гигиена деген жақсы ғо :)))
Gastarbaiter
гигиена деген жақсы ғо
Гавай аралына қыдыру туралы айтқандай болдың ғой:)
Gastarbaiter
Осыдан кейін фонтан жағалап кеткің келеді екен.
madlen
фуууу… фонтанофобия болады менде жақында
KILYZAMAN
Дәл сол арзанқол сары қағазға зар қылғызып
— ал егер ол адам —
қабағы түйілген әйел
,«басқа»ханада отырса барғой, нағыз ХАНАның болары анық :-(
izbasar
Оны көз алайтқан емес әжетхананы арендавайт ететіннің басына апарып төңкеру керек. тУАЛЕТ КҮЗЕТКЕН ТӘТЕҢ ТИЫН ТЕБЕН ҮШІН ОТЫР ҒОЙ.
Gastarbaiter
Арендовать еткен адамға емес, арендаға берген адамның басына төгу керек, арендовать еткен адам да баласын оқуға түсіргісі келеді ғой.

Жоқ. Арендаға берген адам емес, Финпол, налоговый мен мен рэкетирлердің басына төгу керек. Байғұс кәсіпкер бір мүллионды екі миллион қыла алмай жатқанда, аналар кеп талап кетеді.
Жоқ. Оған система кінәлі! Революция жасайық. Аттан! Әр клиентке бір бума қағаз! Бүкіл әлем тышқақтары бірігіңдер!
asaubota
жалпы су қолданған дұрыс және қалтаға қалта салфеткаларын салып жүру керек. өйткені кей сәттер болып қалады кез келген қағаз құнды болып көрінетін.
sigma
ИЯ, болады ондай да.
Gastarbaiter
екі шұлық киіп жүргеннің де пайдасы тиюі мүмкін
Abilakim
қалтаға орамал салып жүргенде өкінбес…
Gastarbaiter
Далада бір жұмысшы қуысқа кіріп кетіп, қайтып шықты. Бір шортыйының балағы екіншісінен қысқа екен. Расходқа жіберіпті.
boztorgai
ұзындығы бір сүйем

қай мемлекеттік стандартқа сүйенген өлшем десеңізші:)
Gamk
Дәруішөлгеннің стандарты шығар ))))
Abilakim
осы қағаздың орамасының сыртында +- 800 метр деген жазу бар ғой. Қанша адам сүртетінін…
serjan
Жазатын басқа тақырып қалмады ма?
qisyq
Лібә)))))))))))))))))))))