Мұрат Әбеновтың сұхбаты туралы



Мұрат ағамызды алғашқы рет «Блогқұрылтай» алдындағы бір жиналыстарда кездестіргенмін… Жақсы кісі ғой, жастардан қалыспай заманның ағымына сай тірлік етіп жүр..Қазақ интернетінің жанашыры екені байқалады… Бірақ, все таки, саяси ролі бар ғой… Саяси популизмге тартатын… Жалпы үлкен респэкт ол кісіге…

Енді сұхбатына келейік… Интернеттен бүгін «Караван» газетіне шықққан, қозғай қозғай әбден жауыр болған тақырып "Қазнеттегі қазақшаның жағдайы" туралы сұхбатын айтамын…

Біріншіден тақырып туралы сөйлесуден бас тартар едім өз басым… Интернетте қазақ тілі проблемасы жоқ, Қазақстанда қазақ тілі проблемасы бар… Барлық проблема осыдан туындайды… Менің ойымша журналистер жазатын тақырып таба алмаған кезде осы сияқты «дежурный» тақырыптарға барып бас сауғалайтын сияқты..«Домбырам не дейді, мен не деймін» деген сияқты, әлемнің мәселесі басқа, біздің мәселеміз басқа..Қазақстанның күн тәртібіндегі мәселелерге қарасам «Суырдың күні» (День сурька) киносы есіме түседі, бір күн қайталана береді, қайталана береді демекші…

Екіншіден Мұрат ағамыздың жауабы класикалық жанрда..«Мемлекет көмектеспесе түк шықпайды»… Осы Аршат мемлекеттің көмегісіз-ақ жұмыс істеп келеді… Оны көріп жатқан ешкім жоқ…

Мемлекет кімге көмектеседі? Көмек алғандарды көріп жүрміз ғой… Бөлінген ақшаның тиімсіз игерілетінін көз көріп, құлақ естіп жүр емес пе?! Бұны ағамыз білмей ме? Бәлкім білмейді, бәлкім біледі… Бірақ сонда да депутат ретінде берілетін жауап осы болуы керек… Басқа жауап күту әбестік…

Енді сұхбаттың шарықтау шегіне келдік…

– Назовите самые интересные, на ваш взгляд, казахоязычные страницы в Интернете…

– “Арка акпарат” – это один из казахоязычных интернет-ресурсов, где публикуются как политические и экономические новости, так и малоизвестные факты из истории казахской журналистики. Не менее привлекателен национальный портал “Массаган”, который уже давно стал популярной социальной сетью. Весьма интересны и привлекательны блоги на государственном языке, которые, как правило, ведутся на платформе wordpress. Духовный недостаток Казнета прекрасно восполняют сайты “Абай.кз”, “Мiнбер.кз”, “Замандас.кз”, которые созданы специально для развития казахского языка. Вообще стоит отметить, что до сегодняшнего дня многие интернет-ресурсы на казахском языке создавали немалый резонанс в обществе. Все это говорит о том, что у наших блогеров есть огромный потенциал.

«Арқа ақпаратқа» жарайды енді, талғамға талас жоқ..«Массаған» тарих болып кеткелі қашан… Ал енді қазақ тілін дамыту үшін құрылған сайттар туралысын білмеймін енді…

Осы тізімге «Керекинфо» кірмес пе еді? Кірер еді… Интернетке жаны ашитын адамға осындай өз күшімен, өз еңбегімен көтеріліп келе жатқан веб ресурсты неге осындай кезде атап жібермеске, жарнамалап жібермеске деймін де… Ех… деймін…

Мұрат ағамыз тақырыпты меңгере алмаған екен..Қамти алмаған екен… Бұл сұхбатына үлкен «МИНУС» қойдым…
Бөлісу:

83 пікір

Economist
Маған бұл кісі ұнамайды.
KILYZAMAN
Аршат мемлекеттің көмегісіз-ақ жұмыс істеп келеді… Оны көріп жатқан ешкім жоқ…
… Халық танып-біліп жатыр емеспе? Ақырға жақындар, жемге тойған соң сарай бұлбұлына айланады.
бір күн қайталана береді, қайталана береді демекші…
Енжарлық көпқой. Пиарды кәсіп қылып — сарай жазушыларыда(журналистре) жүр.
Zere
Бұл сайтты білмейтін шығар…
Bekjan
Блогқұрылтайға барғандардың бәрі білетін шығар бұл сайтты… Ресми сайты болды емес пе?!
Malimetter
Ағатай, меніңше, бір сайт туралы көпшілікке айту үшін оның былайғы ортадағы белсенділігі мен танымалдылығы да ескерілу керек сияқты. Мысалы, 6 000 адам кіретін сайт пен 600 адам кіретін сайтты бірдей деңгейде айтып, көпке жарнама еткен бір түрлі емес пе?!
neoman
Керекинфоны неге атамады деп зарлап отырсыз ба сонда?!

Мен де бұл сұхбатты оқи отырып, депутат мырза Керекинфоға да оң баға беріп өткен шығар деп ойладым. Текстен таппаған соң депутаттың Керекинфоны атамауына объективті себеп іздедім.
Сәлден соң түсіне бастадым. Сатыбалдының боқтық сөздері, және ол сөздерді жаттап, қыстырып айтып қалуды абырой көретін қолданушылары бар және кейде арзан жазбалар мен боқтығы аралас мәнсіз пікірлер қаптап кететін платформаны халық қалаулысы атап өтсе, кейін өзіне де тиіп кетер еді. Мүмкін, ол кісі ашып оқитын да шығар бұл сайтты, ұнайтын да шығар, бірақ ол Сатекеңнің боқтығын қазақ тілінің жанашыры, тілімізді дамытып, көтеріп жатыр деп насихаттай алмайды.

Объективті пікірім… маған платформа ұнайды, толықтай демесем де
Abilakim
басыңыздағы сұрғылт қоймалжың заттың менікінен қатты істейтініне сенімім мол. Мен бұлай ойлай алмас ем…
neoman
Ақылгөйсінгенім емес, өз ойым
Abilakim
менде өз ойымды айттым
KILYZAMAN
Сарказм деген нәрсені елемейақ қой демекпісің? Жақсымыз. жақсымыз деп айта бергеннен жақсарып кетемізбе?
Бүткіл халық көріп отырған „Наша казашаше„? Біреулер жақтырмауы мүмкін, шынтуайтқа келгенде өткірлігі бар емепсе, борси бастаған санамызды түрткілеп намысты тырналайтын. Олай болса олардың мақсатына жеткені ғой. Солай емеспе?
Abilakim
Сіздің басыңыздағыда сұрғылт қоймалжың заттың жұмысына таң қалып отырмын!
KILYZAMAN
Әбеке… күлкілі емес!!!
Abilakim
Мен білемін бұл сөзім күлкілі емес
Барлық сөзбен күлдіру мүмкін емес
Ол сөзді күлкі үшін жазбап едім
Сенің сөзің болды ғой біртүрлі елес…

Шегіп отырмын…
KILYZAMAN
Аттың қиын қосқаныңда елесіңнен озып кетерма едің? :-)
izbasar
Cізде бопай шегіп көріппе едіңіз.
KILYZAMAN
Көрмегенім әлі көп…
satibaldi
Күмән де болмап еді.
KILYZAMAN
Тақуа таза болған сиқыңа болайын…
sammita
заттың жұмысына
әсірелеуге өз "қоймалжың затың" аздық етті білем. Түртпектей берудің де реті болады.
neoman
Келісем, өткірлігі бар, бірақ боқтықсыз-ақ жеткізуге болады
asaubota
Керекинфоны білетін тек біздер ғана, әлі танымал емес. сондықтан олай өкпелеу орынсыз деп ойлаймын. Массаған ашылмайды, Замандас.кз Замандас.ком болып домен өзгертті. Мінбер күнде кірілетін сайт емес. ал Арқа Ақпараттың сайтын Гугл арқылы іздеп таптым: www.arka.medialaw.kz 2006-дан бері жаңармапты, бірақ сонда да ұнайтын шығар Әбенов мырзаға. қысқаша айтқанда депутат мырза қазақша сайттарға кірмейді, Қазнетті сезінбейді, жаңағы сөздеріне қарап бағалайтын болсақ егер.

тек қана қазақ интернеті емес қазақ киносы, спорты, әдебиеті, БАҚы неге дамымай жатыр деген сұрақтар шынымен зайыпты алып болды. Бекжан айтқандай бар мәселе қазақ тілінің аз қолданылуында, яғни қазақ санының аз болуында ғой.

менің жеке ойымша қазақ интернеті өз деңгейінде, қандай болуы керек сондай деңгейде. өз сұранысына жауап беріп отыр деп ойлаймын. қазақша интернетке жаңа жобалар керек, оған бірақ ақша керек. үкімет мындай сайттарға ilike.kz 30 миллиондап ақша бөлгенше соның 10 процентін бір қазақша әлеуметтік желіге бөлгенде қазақша қолданушы саны біраз болсын артар еді.
Economist
Асаубота, мен бір пікір қоссам…
Бұл жерде тағы бір ньюанс бар. Ол бізде жоба жасау бойынша бәсекелес бола алатын тың идеялар жоқ. Сондай-ақ тендермен айналысатын қазақы компания болса ғой. Өйткені 30 млн.-ды алады да олар ширегін ғана, тіпті ары кетсе ширектің жартысын ғана жұмсайды. Қалғаны компанияның қалтасында, жекелеген адамдарда. Просто тендермен айналыса алатын, пысықай, қазақтық намысы бар компаниялар қажет. Менен саған сұрақ: сенің қолыңнан сол сайтты жасау келер ме еді? қазақша нұсқасын?
asaubota
солай екені белгілі, біз талай рет ұсынып көргенбіз жобалар және тендерге де қатыстық. бәрібір өздерінің «орыстарына» береді. бізде ІТ саласының бәрі уже алынып қойылған, "қазақ" компанияларға бермейді. берілетіні ұсақ-түйектер. сосын оны БАҚ арқылы шулатады, қазақша мындай сайт ашылды, ақша бөлдік деп.

мен андай сайт жасай алмаймын әрине, бірақ жасау жолдарын және кімге жасату керегін білемін. ресейліктерді немесе түріктерді таңдар едім. қытаймен байланысым жоқ, бірақ олар да істей алатындарын білемін және арзанға. мысалы бұрын мына агент әлі шықпай тұрып қытайлық бір қазақ хабарласты MSN сияқты хабарлама программасы бар, соны Қазақстанға әкелейік, ақша табасың ба деп. ол кезде қайдан ақша және связь болсын. соны сол кезде алып келгенде қазір ешкім агентті қолданбас еді.
Economist
Алынып қойылған деген сөздің астарында бөлісіп жеу деген нәрсе бар. Егер біздің қазақ компаниялар тендерге қатысып, бөлісіп аламыз десе ешкім қой демейді менің ойымша. Сондықтан алынып қойылған, бәрібір бермейді деген нәрсеге қаным қараяды, Асаубота. Ебін таба білу керек сияқты. Жоғары жақта көкең немесе танысың болса бәрі норм. Ал анау осынша қолпаштап жүрген, ойбай керемет, жас депутат, бейжай қарамайды қазақ интернетіне деген Әбеновың ешкім де емес. Ол өзіне пиар жасау үшін жүрген адам. бұл бір, екінші оның сөзін тыңдау үшін авторитеті аз, бұл екі. Ал сол кісі арқылы Үкімет назар аударту деген сөздің өзі күлкілі сияқты, сондықтан оған ренжудің жөні жоқ.
Malimetter
Ол сайтты Аршат тұрмақ, HTML-дің не екенін білмейтін адамдар да жасата алады, яғни тапсырыс береді. Себебі ол жерде ақша маңызды рөл ойнайды. Ал қалғандары кейінгі орындарда.
Malimetter
Иә, сұраныс пен ұсыныстың шама-шарқы теңесіп қалған сыңайлы. Санымыз болғанымен сапамыз жоқ қазақтар, ой, қазақстандықтар үшін кең аудиториялы Интернет-ресурс ашудың өзі үлкен тәуекелмен тек.
muratabenov
Құрметті kerekinfo.kz оқырмандары! Менің Караванға берген сұхбатым талқыланып жатқанын жаңа ғана байқадым.Ең басында авторға айтарым бұл сұхбатка менің де көнілім толып отқан жоқ.Газетті оқып босқа берген екенмін деп қалдым. Автордын біраз ой пікіріне қосыламын. Сын ретімен айтылса, дұрыс қабылдап, мойындауымыз керек. Дегенмен өзімнін кейбір пікірімді жеткізүді дұрыс көріп отырмын. Бірінші. Бұл тақырыпты көтермеу керек деген ойға келіспеймін. Шешілмеген көп мәселе бар. Орыс тіліне қарағанда қазақ тілінде бұл саланы дамытуда қиыншылықтар қөп. Мәсімовпен кездесүде қазақ интернетін дамытуға қатысты әнгіме болғасын журнлистер қызғушылық білдірді. Сұхбат бергенді дұрыс көрдім. Екінші.Жұрналист бұл саламен, әсіресе қазақ тіліне қатысты проблемасымен айналыспағаны байқалды, бірақ ондай болуы міндет те емес шығар. Алайда мақалада мен көтерген біраз кәсіби проблемалар, Премьердын алдына қойған мәселелер ашылмай қалды. Толық түсінбегенде шығар. Маған көрсетпей басқасын қатесін жөндеуге мүмкіншілігім болмады. Жалпылама шыққаны рас. Үшінші сұхбат бергенде бір де бір сайтқа, блогқа пікір айтып, атын атаған емеспін. Себебі көп авторларды, сайт иелерін жеке танимын, енді ғана жақсы дамып кележатқан дүниені алалап емес, әр кайсысын ерекше қолдау керек деп есептеймін. Ал мақаладағы аталған “Арка акпарат” –деген сайтты шындығымды айтсам ешқашан көрген емеспін. Сол себептен бағалай алмаймын(ренжімейтін шығар)! Қайдан ондай ақпарат алғанын білмемін.Мақала дайндаған Арсен НУРТАЗИНнен телефонмен сұрап едім, кейін өзім айтамын деп жауап берді. Мақалада аталғандардын арасында екі ғана өзім оқитын сайттар бар. Басқаларда мықты шығар бірақ барлығын қарауға жұмыстан үлгірмеймін. Төртінші көрген білгенімді, әсіресе жақсы жетістіктерді ашық айтқанды дұрыс көремін. Мысалы kerekinfo.kz тұралы пікірімді твиттер арқылы 22 сәүір күні Мәсімовқе жазбамда жеткіздім:
Карим Масимов жазбасы;
@KarimMassimov Он-лайн конференция өткізгім келеді. Қай алаңда өткізген жөн, кеңес берсеңіздер?
Мұрат Әбенов;
@MuratAbenov
@KarimMassimov Әмбебап алаң әле жоқ. Ресми-bnews.kz, қазақ тілінде танымал-kerekinfo.kz, ең белсенді, жастар көп пайдаланатын-yvision.kz
деп усыныс жаздым. Өзім kerekinfo.kz бүгін ғана тіркелген болсамда бірақ танымал екенін байқап журмін. Жеке, жақын танысуға енді мүмкіншілік болатын шығар. Тіркелү қажеттігі өзіме онша унамайды.
Жағдай осы. Барлық маған қатысты айтылған ой пікірге жауап бере алмаспын, бірақ тікелей сұрақтарыңыз болса дайынмын. Дәл осылай қарапайым сұхбатыма қөңіл білдірген, ашшы болсада ойын айтқандарға алғысымды айтамын! Бәріне унауды мақсат еткен емеспін.Ол мумкін де емес. Бәріне жағам деп, әр кімнін сөзін сойлеп ңағыз достардан айырылғым келмейді.Сол себеттен жалпылама арзан ПиАр жасау сана сезіміме сәйкес емес. Мұрат Әбенов
patick
Бұл пікіріңізді жеке пост етіп жазсаңыз да болады екен :)

Енді Сіздің айтпаған нәрсеңізді айтты деп шығарып қойғаны ұят екен Караванның :)
asaubota
журналистің олай жалған ақпарат беруі ұят болған екен. соған қарап ымсалы сіздің интернет талғамыңызды талдап тастадық қой.

қазақ тілінде бұл саланы дамытуда қандай қиындықтар бар? егер қазақша әріп мәселесі болса бұған келіспеймін. қазір барлық жерде Юникод UTF-8 универсал коды пайдаланылады. қазақша әріппен сайт жасау проблема емес. аудару қиындықтары ма? менің ойымша бұл да қиын емес.
muratabenov
asaubota Мәселе әрине кодта емес! Бұл проблема шешілгенін қашшан. Бірақ бұл кодтар тек жәй пайдаланушылар жазба контент орналастыру үшін кажет етеді.Менің айтып жұргенім өзі сайтты құрастыратындарға, дизайнерлерге керек қазақ әріптерінің жетіспеушілігі. Мысалы өзім блогімді жасаған кезімде дайын шаблонға көңілім толмай, дизайынды өзгерткім келгенде Adobe Photoshop пен CorelDRAW бағдарламаларда қазақ әріптері жоқ есебінде екеніне қиналдым. Мысалы "Ә" әріпін блог атауына еңгізү үшін латын «е» әріпін аударып пайдалануға ал "Ғ" әріпіне орысша «Г» -ға таяқша сызып келтірүге мәжбүр болдым. Оған қанша уақытым кетті десеңші. Іздестіріп көрсем кейбір дизайнерлер кейбір әдемі шрифттарға келтіріп қазақ әріптерін жасаған екен бірақ ол қымбаттау, және алған болсаңда қайта қайта бір шрифті қолданбайсыңғой. Бізде қазақша сайтар мәнді ғана емес, сәнді болуы да керек шығар деп ойлаймын. Бұл шрифттер ағылшын орыс тілдерінде көп, біздікі жоқ. Осындай бөлек бөлек бір сыпыра мәселені жорналшыға айттым, бірақ түсінбей қалған шығар. себебі мамандардын өзі ең алдымен UTF кодтары бар ғой несін көтереді деп ойлайды. Мәсімовқа да осылардын бәрін түсіндірдім. Оны мемлекеттік қаржы боліп тапсырыспен жасамаса, жекелер тегін бермейді.
konvict
Мысалы өзім блогімді жасаған кезімде дайын шаблонға көңілім толмай, дизайынды өзгерткім келгенде Adobe Photoshop пен CorelDRAW бағдарламаларда қазақ әріптері жоқ есебінде екеніне қиналдым.
Меніңше олар сізге өтірік айтқан. Себебі photoshop-тың көптеген нұсқалары қазақ әріптерін қолдана алады. Бар мәселе сіздің шрифт таңдауыңызға байланысты. Мысалы, Ариалды таңдар болсаңыз кез-келген қазақ әріпін жазуға мүмкіндік оңай ашылады. CorelDraw-да сол секілді.
muratabenov
Өтірікті маған кім айтады, Adobe Photoshop-ты пайдаланып отырған өзім емес па.Ариалды әрине қазақша келтіруге болады. Бірақ неге біз тек қана шектеулі шрифттарды пайдалануымыз керек? Жұзден жүйрік-мыңнан тұлпар демей ма? Бізде көптін ағылшынды айтпайын орыс алфавитіндей көптін ішінен таңдасақ дизайн жағынан заманнын сонғы талабына сай, қөз тартатын, ерекше сұлу, басқаларға ұқсамайтын сайттарды жасауға болар еді ғой? Менің кішкене ғана өзім пайдаланатын блог жасауға ариал аздық жасайды.Біз басқалардын қатарында емес ғана, соңынан сүйретіліп жүрүіміз ұзаққа созылып бара жатыр. Орыс тілінде шрифт көп болу себебі олардын нарық кеңестігі кең, сол арқылы арзан бағамен көп адамға сатып тиімді жасап алуға болады. Сол себептен бізге мемлекет қаржысымен көп шрифтін негізін жасатып, тегін таратпасақ алға кеткендерді жетіп алмаймыз. Біздің мақсат-жетү емес озу емес па.
konvict
Сіз егер Adobe Photoshop-пен жасаған өз жұмысыңыз керемет болғанын қаласаңыз сіз таңдаған шрифттан да әдемі қазақ әріптерін оқитындары бар. Сол себепті оны бұлдаудың реті жоқ деп ойлаймын.
Рас, сіздің
Сол себептен бізге мемлекет қаржысымен көп шрифтін негізін жасатып, тегін таратпасақ алға кеткендерді жетіп алмаймыз
деген пікіріңізбен келісемін. Бірақ оны кім жасайды?
Біздің мақсат-жетү емес озу емес па.
Егер біздің мақсатымыз озу болса онда жабыға мінбей жал-құйрығы сұйылған арғымаққа мінгеніміз абзал.
timurrr
Ағамыз бұл жерде көркемдік шрифтер туралы айтып жатыр. Жігіттер, әңгіменің ауанын бұзбайық!

«сіз таңдаған шрифттан да әдемі қазақ әріптерін оқитындары бар» — деген не сөз? Мысалы, мен түсінбедім. Не бар? Графикалық редактор ма? Шрифт па? Ал ағамыз санаулы ғана шрифт мәселесін, болса да ақылы екендігін айтып отыр. Дұрыс қой? Әлде жұрттың барлығы пират болу керек пе? Шрифт-мастер Асылбек Мереке ағамыз сайтына қара тақта іліпті. Ақысыз-пұлсыз шрифтісін ұрлап кеткендер туралы. Ол жерден депутаттың атын көру әрине, күлкілі болар еді. Ал «несчастный» шрифт ісіне Үкімет араласса, конвейерден шығарғандай бұрқыратар еді дейді. Бәлкім, оның өзі ҚазНет деп аталатын ауылды дамытуға күші жетер-жетпес, бірақ маңыздысы бір кірпіші болса да қалануы ғой, солай емес пе? «Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос!»
konvict
Сен маған ашықтан ашық «пират» деп айып тағып отырсың. Бұған «дәлеліңді» алып кел. Екіншіден әңгіме шрифт туралы болып жатқандықтан Әбекең сөзді түсінбейтіндерден емен. Менің ойымды оны кінәлау емес, істеген істі бұлдамау керек деп түсінулеріңді өтінемін
sammita
Әбекең
тегін айтып қоймадыңдар ғо:))
a63a1
сенің мамырдағы пікірлерің қуып кетіптіғой Отариус?
a63a1
шатысып жатырм нақ(((( Отариусқа жаған едім, жаңа келбетке үйрене алмай жатырмын)))
a63a1
сенің мамырдағы пікірлерің қуып кетіптіғой Отариус?
a63a1
сенің мамырдағы пікірлерің қуып кетіптіғой Отариус?))))
bazuka
Біздің мақсат-жетү емес озу емес па.
ой қатырасыз бірінші жетіп құласақ артық болмас еді.
yerbol89
Ағасы негізі қазақша қаріптердің саны шектеулі, бірақ олар жоқ деп те айта алмаймын. Бұл тақырыпта байланысты Сұрақ-Жауап.кз сайтында сұрақ қойылған. http://surak-zhauap.kz/4995/фотошопқа-қазақша-шрифт-қалай-орнатамыз Тиісінше қажетті жауап та алынды. Бірақ ол қаріптердің 50-ғана данасы.
Daniar-Alan
Мәке сіз Корел мен Фотошоптың тек стандартный шрифттарын ғана пайдаланғансыз ғой. Арнайы шрифттер жиынтығы бар. Егер ол да көмектеспесе арнайы бағдарлама бар.  соны пайдалансаңыз е-ні теріс қаратудың қажеті болмайды. абыройыңыз бар мұндай тірліктерде кеңес алғыңыз келсе профилар жоқ деп айтпайды менің ойымша. в общем «тауық сойса да қасапшы сойсын» деген ой ғой…
KILYZAMAN
Е, басе Мурат үнсіз қалмас деген ішкі ойымн Расталды. Халық қалаулысының сөзін бұрмалайтын(халықтікін тіпті езіп жіберер) журналистке қандай да болмасын шара қолданылуы керек деп ойлаймын. Өтірікті шындай қылып, шындықты құдай ұрғандай қылатын солар.
Карим Масимов жазбасы;
@KarimMassimov Он-лайн конференция өткізгім келеді. Қай алаңда өткізген жөн, кеңес берсеңіздер?
Мұрат Әбенов;
@MuratAbenov
@KarimMassimov Әмбебап алаң әле жоқ. Ресми-bnews.kz, қазақ тілінде танымал-kerekinfo.kz, ең белсенді, жастар көп пайдаланатын-yvision.kz
деп усыныс жаздым.
қалай қабылдағанын айта кетсеңіз…
muratabenov
Премьер бұл мәселені көпке ортаға салып, дауыс берү арқылы закон.кз сайтын таңдадым деп хабарлады. Өкінішке орай дауысқа салған тізімде танымал тек қазақ тілінде жазатын сайттар жоқ есебінде.
Malimetter
Аға, оның да түсінерлік жөні бар емес пе?! Қазақтілді сайттардың аудиториясы мен орыстілділердің аудиториясын салыстырсақ, үкімет басшысының шағын сайттарды жағалауының өзі ыңғайсыз сияқты.
KILYZAMAN
Бауырым ау, не деген терең түсінгішсің өзің… Закон.кз қазақ тілді еместігінен ойын орысша түйіндей алмайтындардың арыз мұңын кім тыңдамақ?
Malimetter
Мен де соны меңзеймін. Қазақтілділердің арасынан керекинфо мен абайды қоссақ, екеуі аудиториясы үлкен законды басып озбасы анық қой.
Қазақтілділер мұң-зарларын жеткізер-ау амалын тауып, бірақ олардың айтқанына шын көңілмен қарайтын крутойлар табыла қойса деңіз.
KILYZAMAN
Меңзеуден гөрі-ағаларыңа(премьерге) жағынудың иісі шығатын сияқты, халық мәліметшісі(Нигің)
KILYZAMAN
Карим Масимов жазбасы;
@KarimMassimov Он-лайн конференция өткізгім келеді. Қай алаңда өткізген жөн, кеңес берсеңіздер?
Мұрат Әбенов;
@MuratAbenov
@KarimMassimov Әмбебап алаң әле жоқ. Ресми-bnews.kz, қазақ тілінде танымал-kerekinfo.kz, ең белсенді, жастар көп пайдаланатын-yvision.kz
деп усыныс жаздым.
Премьер дәл осылайша қазақша жаза алады деп ойласам, өзімді өзім алдаған боларма едім?
konvict
Менде де Мәсімовтың твиттері бар. Бірақ тілі бұратылып сөйлесе де, қазақшаны менен таза жазатыны таң қалдырады.
yerbol89
Мен де кейде таң қаламын. Ойлана-ойлана мындай ойға келдім. Менің ойымша алыдмен орысша жазбасы шығады, қол астындағы бір жұмысшысына парольін беріп қойған, ол артынша қазақшаға аударып жазып қояды. Бұл менің пікірім, бірақ не де болса тамаша екі тілде қатар жазбаларын шығарып отыратындығына ризамын!
muratabenov
Жаңа ғана Караваннан, мақала авторы Арсен НУРТАЗИН хабарласып кеткен кателерді мойындап кешірім сурады. Онын айтуынша бұл Алматыда материалды өндегенде “Арка акпарат” сияқты мен атамаған сайттарды редакцияда өздері қосқан, сосын сұхбат узақтау болу керек еді, біраз қысқарқаннан кейін сөз тіркес жасау үшін болған дейді. Сонымен солай. Редакцияда біліп қасақана жасады деп ойламаймын, кәзіргі жағдайды білмейтіндердін катесі болар.Арсенге ештеңе қылмас алдағы уақытта басар алдында оқытқаның дұрыс болады деп қойдым. Жалпы жақсы жігіт, осы мәселені жазғым келіп жүр деп келісіп, аулға асықсамда, мен мен бірге ерінбей әуежайға барып жүргенінен көріп осы мәселеге жаны ашып қолынан келгенше ыкпалын жасағаны деп түсіндім.
Malimetter
Мәселе тек қана ақшада емес. Ақшасыз да біраз жерге жетіп, дұрыс іспен айналысуға болады. Ал ары қарайғы жағы әркімнің өзіне байланысты.

Мемлекет ақша бермейді дейміз. Әй, неге беруі керек? Берсе, жарасады. Ал бермесе, онда да айып жоқ. Көбімізді қинайтыны берілетін ақшаның мақсатсыз жұмсалып кетіп жатқандығы ғой. Білген (қалаған) б… жесін. Әркім өзінің істеген ісіне жауапты емес пе?! Ақшаны алып, қалтасына немесе басқа жерлеріне тыққандар дұрыс жұмыс істемесе, оны біле тұра суған сиген адамдай үндемей қоя беретін басшылық "әй" демесе, сіз бен біз сияқтыларға өз беттерінше істеген шаруаларын ары қарай жалғастыра беруге тура келеді. Сіздердің де уақыттарыңыз келер. Егер тек ақша үшін қазақша Интернет жоба жасайтындар болса, олар алысқа шаппайды. Ақша біткенде барлық ісі де бітеді.

Мемлекеттің көмегінсіз-ақ, өз белсенділіктерімен қаржылай пайда тауып жатқандар баршылық. Алдымен, солардың соңынан еріп, солардың деңгейіне жетіп алайық, кейін қаржы мәселесі мемлекет тарапынан болсын, жеке компаниялар тарапынан болсын, шешіле жатар.
Malimetter
Аға, кешірім өтінемін, сізге жауап жазғандай болып қалыпты мына пікірім. Оны жеке пікір етіп жазамын деп, сіздің пікірге жауап ретінде қосып жіберіппін.
Onlasyn
Жоқ болып кеттіңіз ғой
Malimetter
Мәселе тек қана ақшада емес. Ақшасыз да біраз жерге жетіп, дұрыс іспен айналысуға болады. Ал ары қарайғы жағы әркімнің өзіне байланысты.

Мемлекет ақша бермейді дейміз. Әй, неге беруі керек? Берсе, жарасады. Ал бермесе, онда да айып жоқ. Көбімізді қинайтыны берілетін ақшаның мақсатсыз жұмсалып кетіп жатқандығы ғой. Білген (қалаған) б… жесін. Әркім өзінің істеген ісіне жауапты емес пе?! Ақшаны алып, қалтасына немесе басқа жерлеріне тыққандар дұрыс жұмыс істемесе, оны біле тұра суға сиген адамдай үндемей қоя беретін басшылық "әй" демесе, сіз бен біз сияқтыларға өз беттерінше істеген шаруаларын ары қарай жалғастыра беруге тура келеді. Сіздердің де уақыттарыңыз келер. Егер тек ақша үшін қазақша Интернет жоба жасайтындар болса, олар алысқа шаппайды. Ақша біткенде барлық ісі де бітеді.

Мемлекеттің көмегінсіз-ақ, өз белсенділіктерімен қаржылай пайда тауып жатқандар баршылық. Алдымен, солардың соңынан еріп, солардың деңгейіне жетіп алайық, кейін қаржы мәселесі мемлекет тарапынан болсын, жеке компаниялар тарапынан болсын, шешіле жатар.
Gastarbaiter
Мұрат Әбеновке жазылып кетті деп сонша измена ұстағаның не?
konvict
Қызметі жоғары адамның алдында басын төмен салу, жалтаңдық, жағымпаздық
Malimetter
Нетке даналық десеңші! Халқымыздың қыстырмалары ғой мынау дегенің :)
konvict
Аспаны ашық, бірақ күн кешкіріп келеді. Бір қызығы таң ертең ерте шыққан күн батыста батып бара жатыр.
Gastarbaiter
Жоға, әжептәуір пікір жаздың. Оған плюс дедік. Содан аты-жөнсіз сасқалақтап, Әбекеңе пікір жазып қойдым деп кешірім сұрадың, шатасқаныңды айттың.
Мұның барлығын кішіпейілдігің делік.

Бірақ жазған пікіріңді тағы да жеке пікір қылып жазатындай, Әбекеңді түйсіксіз құбыжық, ал оқырмандарды дебил көріп отырсың ба?
Jacqabaies_Chirac
Әбекеңді
Мұрат(мура, маке...,) емес пе еді
Gastarbaiter
))))))))Ойымба Әбіл шырақ тұрған ғой
Abilakim
Әбекең дегенің Мәкең Әбекеңов )))
VKM
Мұрат ағаға рахмет, пікір жазып, керекшілердің реніштерін басқан)
Arhun
Осы сайттың жақсылап тұрып болашақта көтерілетіне сенемін…
Gastarbaiter
Солай.Де- сияқты жабылып қалмаса.
Arhun
Жағыңыз қарссын, Гәке!!! /Жақсы сөз – жарым ырыс/ демекші қазағым, оданша жақсы прогноз тілейік
Менің әбден сағынып жүрмін тек қазақ тілді сайттары: ең құрамағанда тіліміз осы өмірде баяу жүріп отырсадағы, интернет желісінде алдыға басып отырсын.
Gastarbaiter
ең құрамағанда тіліміз осы өмірде баяу жүріп отырсадағы, интернет желісінде алдыға басып отырсын.
Жағымды қарыстырып, жақсы сөз айтқан түріңе болайын. Жаман айтпай жақсы жоқ деген мақал түспеген екен бір удардан кетік болғыр аузыңа… Миыңдағы май ойлау қабілетіңе кедергі келтірмегенде, түсінер едің)). Мен өткен заманның «Дәруішөлген.ком», Солай.Де, Керек.Инфо, Арулар.Кз проектілерінде қанша контент пен қанша адамның үлесі иттің көтіне қыстырылып кеткенін ескеріп, себептерінің алдын алу жайлы меңзеп едім.
Жалпы маған поқи: Жастар.Бізде жүрсін, Керекинфода жүрсін. Бастысы адам атына лайық болса болды. Бәрібір сол бір банда ғой жүрген қай жақта да.
Arhun
Гәке, артық сөз айтсам, кешіріңіз
Жалпы, көріп отырмын ғой, тәжірбиеңіз сол жағынан молдау екен, өзіңіз білесіз…
Gastarbaiter
Менің де арқам қозып кеткен сияқты:)))
blackbeard
ЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕ! Арқа Ақпарат деген сайтқа соңғы ақпарат 2006 жылы салыныпты ғой:)))))
qisyq
Сіздердің алдарыңызда "Қарасақал ұйқыдан оянды" деген миниатюра болды.
blackbeard
Лібәәәәәәә! Шынымен қазір ғана ояндым:))))))))
serjan
Мұрат ағаның сайтқа кіріп өз ойын жастармен бөлісуі өте тамаша болды. бұл бастама сайтты жаңа деңгейге көтереді деп ойлаймын. Сондықтан пікірдің соңын қитұрқы сөздерге айналдырмай құрметпен қарайық жігіттер.
KILYZAMAN
Орынды айтылды…
satibaldi
Сондықтан пікірдің соңын қитұрқы сөздерге айналдырмай құрметпен қарайық жігіттер.
Бітті, ауылшаруашылық министрінің портфелі сенде!
Arhun
Ой,Cәке, сіз де қатырасыз ғой!)))
satibaldi
Орынды айтылды…
Аэроғарыш Агенттігінің табалдырықінісі лауазымынан үміт күт сен де.
KILYZAMAN
ҰҚТ-ында лауазым тарататын бір боққарын-асқабақ бар деуші еді — сен екенсің ғой. Сілекейіңді қайта жұт кассир, „үш этажда бір қылтима„ саған… аналарыңа да айтабар
konvict
Ол боққарын асқабақ емес, Дәруішөлгеннің басшысы