Ең сауатсыз адамның өзі таухидті түсіне алады

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!



Құрандағы аяттардың көбісі таухидті түрлі жақтардан, ең сауатсыз адамның өзі де түсінетін сөздермен баяндайды.
Аллаһ Тағала былай деген: «Аллаһқа құлшылық етіңдер де, Оған ешкімді серік қоспаңдар» (Ниса сүресі, 36-аят). Бұл сөздер түсініксіз бе? Қара халық бұны түсінеді. Бұл аяттан әрбір адам ешқандай оқу бітірмесе де, өз тілдерінде құлшылық ету әмір етілгенін, Аллаһқа серік қосу тыйым салынғанын түсінеді. Ал бұл бір ғана аят, бірақ Құранда осыған ұқсас сөйлемдер толып тұр ғой.
Адамдар осы аяттарды естіп те, оқып та жүр, алайда ой жүгіртпейді. Аллаһ Тағала былай деді:«Аллаһқа құлшылық етіңдер де, Оған ешкімді серік қоспаңдар» (Ниса сүресі, 36-аят). Ал олар: “Әй, Хасан! Әй, `Али! Әй, Бәдәуи! Әй, Тижәни! Әй, `Абдул-Қадир! (Әй, Қожа Ахмет! Әй, Арыстан баб! Әй, Бекет ата!)”, — деп дұға етеді, айқайлайды, шыңғырады. Ең биік дауыстарымен: “Әй, пәленше! Әй, түгенше!”, — деп шақырады, ал пәленшесі өлген кісі ғана.
Әрі, өліктен дұға тілейтін адам Құранды жеті немесе он қырағатымен жаттап шыққан кісі болуы мүмкін, сондай-ақ оны теңдесі жоқ тәжуидпен оқуы мүмкін, бірақ ол кісі әріптеріне көңіл бөлді де, ал шекараларынан асып кетті.
Ибн әл-Қайим (оған Аллаһтің мейірімі болсын) былай деген: “Құранның барлығы таухидке толы. Өйткені ол – не Аллаһқа құлшылық етіп, ширк тастау әмірі, не таухид ұстанушыларының сыйлығы және ширк жақтаушыларының жазасы туралы хабар, не халәл және харам үкімдерінің түсіндірмесі (ал бұлар – таухидтің ақыларынан), не елшілер мен олардың үметтерінің қиссалары және олардың арасында болған тартыстары жайында баян”.
Демек, Құранның барлығы таухид мағынасында. Сонда да, адамдар Құранды оқып жүргендеріне қарамастан, үлкен ширк істеуге дейін барып жатады. Олар “Лә иләһа илләл-лаһ”, — деп айтады да, оған сай амал жасамайды. Олар бір ойпатта, ал Құран және “Лә иләһа илләл-лаһ” басқа бір ойпатта. Ол тек тілдегі сөздер ғана болып табылады.
Егер олардың біреуінен: «“Лә иләһа илләл-лаһ”-тың мағынасы не?», — деп сұрасаң, ол саған: «Мен білмеймін, мен оқымағанмын», — деп жауап береді. Біз былай дейміз: «Сонда сен “Лә иләһа илләл-лаһ”-ты айтасың да оның мағынасын білмейсің, бұл мұсылманға жарасатын тірлік пе?» Немесе сен: «Адамдардың бір нәрсе айтқанын естідім де, соны қайталадым», — дерсің. Бірақ бұл екіжүзділердің қабірде қойылатын сұрақтарға беретін жауабы ғой (Бухари 86, Муслим 905, Нәсәи 2062, Ибн Мәжәһ 1265, Ахмад 26385, Мәлик 447).
Аллаһ Тағала айтқандай: «Имансыздар, бақташысы оларға айқайлап қоятын, ал олар үндеу мен шақырудан басқа ешнәрсе естімейтін малдар тәрізді. Керең, мылқау және соқыр болған олар ештеңені түсінбейді» (Бақара сүресі, 171-аят).
Егер оларға: “Жаратылыстарға дұға етпеңдер, олардан жәрдем тілемеңдер, Аллаһтан сұраңдар, Аллаһтан көмек тілеңдер, Аллаһқа жалбарыныңдар, қабірлер мен өліктерге сиынбаңдар”, — деп айтсаң, олар: “Сен әулиелерді кемсітпе! Біз оларға үлкен сый көрсетеміз, қатты құрметтейміз, олардың есімдері арқылы шақырамыз. Ал сен оларды сыйламайсың және олардың артықшылықтарын білмейсің”, — деп таухидке шақырушыларға жауап береді.
Біз оларға былай дейміз: “Біз ізгі кісілерді жақсы көреміз. Аллаһтың әулиелерін де сүйеміз. Оларды сыйлап, құрметтейміз. Алайда оларға Раббының құқықтарынан болған ештеңені арнамаймыз, яғни ешқандай құлшылықты оларға жасамаймыз. Өйткені, бұл олардың хақылары емес. Ол кісілердің өздері де бұған разы болмас еді. Олар Аллаһпен бірге дұға етілетіндеріне, қиыншылықтарда Онымен бірге көмек сұралатындарына разы болмайды”.
Шайтан оларға Аллаһқа серік қосуды ізгілерді жақсы көру суретінде көрсетті.
Олар былай айтады: “Шын мәнінде, ізгілерден жәрдем тілеу, көмек сұрау – олардың артықшылықтарын мойындау, оларға құрмет көрсету болып табылады”. Бұл шайтанның оларғы көркемдеп, әдемі қылып бергені. Шайтан деп жындардың және адамдардың ішінен шыққан шайтандарды айтып отырмыз. Адамдардың шайтандары – адасудың ғалымдары. Олар жазады, сөйлейді, Аллаһқа серік қосуға шақыру үшін кітаптар шығарады, әрі осылары ізгілерді ұлықтау, артқышылықтарын мойындау, оларды жақсы көруді білдіреді деп пайымдайды. Ал олардан жәрдем тілемеу олардың хақыларына қатысты салқындық танытуға, оларды жек көруге және т.с.с. жатады деп есептейді. Бұның барлығын олардың кітаптарынан тауып оқи аласыз.
Бөлісу:

19 пікір

edige
Әрі, өлікті шақыратын адам
түсінбедім
Ahi
Өліктен дұға тілейтін адам
satibaldi
Әй, Қожа Ахмет! Әй, Арыстан баб! Әй, Бекет ата!
Балаларының аты сондай болып шақырсаң да, ширк болып есептеле ме?
Ahi
Жоқ! Сіз сөзді шорт кесіп тастамай сөйлемді соңына дейін жазсаңызшы, сонда мағынасынан ауытқымайсыз! Ол жерде:
Ал олар: “Әй, Хасан! Әй, `Али! Әй, Бәдәуи! Әй, Тижәни! Әй, `Абдул-Қадир! (Әй, Қожа Ахмет! Әй, Арыстан баб! Әй, Бекет ата!)”, — деп дұға етеді, айқайлайды, шыңғырады.
делінген.
satibaldi
еп дұға етеді, айқайлайды, шыңғырады.
Айтқанын істемейтін жетпегірлер болып өскен шығар…
zhazular
ширк-күнәнің үлкені. сақтаныңдар! Аллаға серік қосу деген сөз. калиманың мағынасы «Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі.» демек Аллаға ғана сиынып, одан ғана тілеу керек. Себебі мұсылман калиманы айтып мұсылман болмай ма?
zhazular
п.с. мен «уаххабист» емеспін, мұсылманмын, кешіріңіздер :)
nurjanbay
сезікті секіреді
zhazular
:) «не спорь с дураком, люди могут не различить между вами разницу»
осыны ұстанып, үндемеймін…
nurjanbay
үндемейтінің көрініп тұр
zhazular
ХЕ ХЕ ӨШКЕН СОҢ ДОСТОЙНА ӨШУ КЕРЕК ҚОЙ! :)
nurjanbay
өштім
zhazular
жігіт екенсің!!! ризамын!
nurjanbay
бір мұсылманның ризалығын табудың өзі ерлік!!! Аллаһтан басқаның ризалығын табу ширк болып кетпей ме?
sigma
Ең сауатсыз адамның өзі таухидті түсіне алады

Өзі сауатсыз болатын болса, бірдеңені түсінеді деу қате ұғым.
edige
«Ақ қойдың кәлләсі
қара қойдың кәлләсі
мен құдайдың пәндәсі» — деп оқыған аталар да болған.
Жүректен сезіну — айтқан сөзінде емес, жүрегінде
konvict
Осы аталарымыз андай болған, аталарымыз мындай болған дегенді қашан қоямыз?
Тұқымымызбен аузымыз сасық болушы еді деген жаман күйеу қалыңдығын жеңіп пе? Көңілін сол сөзі разы қылуға жетіп пе? Ендеше, көбіңнен қалма, сен де аузыңды сасыта бер деп пе?! © Абай Құнанбайұлы
Олар надан болды бізде надан болуымыз керек дегенді қашан қоямыз? Олар өз дәуірін жасаған жандар. Біз өз дәуірімізді жасауымыз керек
zhazular
@konvict нақ сөз! дұрыс!
zhazular
«бір мұсылманның ризалығын табудың өзі ерлік!!! Аллаһтан басқаның ризалығын табу ширк болып кетпей ме? » сен жігіттіке салынып, енді мені өшірдің! Алланың және айналасындағы адамдардың ризалығын табу — мұсылмандық. Алладан басқаға сиыну, табыну-ширк. екеуі екі ұғым ғой… :)