Астаналықтар киноға барайық



Сенбі күні Керекшілер жиналып, киноға барсақ қайтеді? Алматыдан Қара сақал @blackbeard келеді, Қарағандыдан @Abilakim де келіп қалуы мүмкін.
Бөлісу:

110 пікір

sigma
Бұрындары жиналып, фотоға түсіп түнделетіп болса да кездесу туралы жазып қоятын едік.
Janasil
Аршат жақсы ұсыныс. Өкініштісі мен қазір ғана шымкентке билет алдым.
AKY
А мен Ақтөбеге…
TOTY
О, пысықтар, адамды қызықтырып… сендер де:)
VKM
Тағы 427 болады ма?;)))
TERISKEI
киноға барсақ, барайық...:)))
asaubota
Астанада жүрсің бе?
TERISKEI
ық-ық, жәй әзілім ғо, барғым кеп кетті менің де :)))
sigma
Жүрген жағымызды сайтқа жазып жүретін едік. Қай қалаға келсең де керекшілер болса күтіп алып, шығарып салғанға дейін қонақ қылатын еді. Өзіміз де солай қылуға тырысатынбыз.
sigma
Неше түрлі форматтарда болатын кездесулер, Ресми, бейресми деген сияқты.
Діндегілер болса халал кафелерде, кейін басқаларымыз пибі ішетінбіз.
sigma
Аршат келмей кетті соңғы кездері, барып тұратын едік көшіп кетті.
Ақтөбе пойызы өте ыңғайлы еді жарықтық. Жұма күні кешке отырып, сенбіде жетіп, сол күні демалып, Жексенбіде кейін отырып, дүйсенбі күні таңертен сразу пойыздан жұмысқа бара беретін едік.

Акиматтың салқын серверныйы керемет еді.
Ақтөбе жақсы қала
asaubota
маусымда Астанаға семинарға кел. Мінбердің семинары болады блог туралы. 27-28 мамыр Алматыда болады. соған шақырды, кеше билетімді де алып берді, иншалла барамын.
balzaminka
Астанада нешесіне?
asaubota
Onlasyn
не семинар? Не талқыланады?
patick
семинарда талқыланбайды, семинарда үйретіледі :)
19852407
Оралдыктарға Алматыны жазыпты ғой, кеш білдім, бізге Астанаға баруға болмай ма екен сол маусымның аяғында?..
asaubota
тіркеліп көр, сосын сұра Асхаттан
sammita
«Балалық шағымның аспаны»-на барасыңдар ма?
AKY
Барып қойдым)))
sammita
Аршаттан сұрағаным ғой.
Қай жерде болып жатыр, ұнады ма?
AKY
Мен Азия паркте болдым өткен жексенбіде. Басқа жерлерді білмедім.
Karakyz
Азия парктен басқаларында жоқ сияқты. кино.кз дан қарап білуге болады. Азия паркте ертең, арғы күні сағат он бірде, бағасы төрт жүз теңге. Күніне бір ақ сеанс.

Ертең (сенбі) босай алмаймын, жексенбі не дүйсенбі күні болмаса.
Onlasyn
Қызық па? Қалай екен?
AKY
Болады. Анадай балалық шақтан кейін президент болмаудың өзі ұят)))
patick
Рүстем нашар кино түсірмейді ғой. Рүстемді сол киноға жалдаудың да белгілі бір мақсаты бар шығар.
AKY
Ия, жақсы. Арасында көзімнің жасын еріксіз сығып алдым.
AKY
Айналамдағылардың да әлсін-әлсін сүйтіп отырғандарын байқадым.
asaubota
ертең (жұма) кешкісін кездессек деген ой бар. сенбі-жексенбі бәрінің жоспарлары болып қалуы мүмкін.
AKY
Ия, сөйтейік. Қай жерге барамыз?
sammita
@asaubota-ның үйіне. Бешбармақ асады:))
asaubota
хммм… ол қиындау. әйелім ауылға кетті. мұны ескеріп маған ет асып беремін дейтін келіншектер болса келулеріне болады :)
AKY
Саммита асып береді етті))))
sammita
піс қазаным бес ай керек пе:)
AKY
Отырайын он ай))
Zilola
ет асып беремін дейтін келіншектер болса келулеріне болады
өз етімен келу керек десеңізші :)))
asaubota
аха, мүмкін болса қазы қосылған сүр етпен келсе және бар болса сорпасына қосатын сүзбе (айран) ала келсе және егер мүмкіндік болса 3 күнге келсе дүйсенбіге дейін :)))
Zilola
ағасы, күпті болып қалмайсыз ба жеңгем келгенше :)))
AKY
күпті ма, жүкті ма))))
asaubota
күпті деген не зат?
blackbeard
Біз жақта көп жей беріп асқазанымен проблемаға ұшыраған адамды айтатын еді
Zilola
blackbeard алдымды орап әкетті, көп жеуден болған ауруды күпті дейміз :)
Onlasyn
Біз жақта (Оңтүстікте) «күпті» деп жоңышқаны (жоңышқа көрмегендей) жеп, азқазаны қорыта алмай, жүре алмай қалған малды айтады. Ондай малды алдына салып балаларға қуалатады. Ана мал жүгіріп-жүгіріп ішіндегісінің барлығын сыртқа шығарады немесе қорытып жібереді.
sammita
көңілі күпті деген сөз бар, ия.
AKY
Ол андай, бірдемеге сомневаться етіп тұрғанда айтылады.
Abilakim
1 күн бұрын келуіне болады деп жазсай)))
asaubota
білмеймін, қайда жиналайық? мүмкін Тағамға барып бірге кешкі ас ішерміз?
sammita
басқа қалалықтар, атап айтқанда алматылықтар суішівөліңдер:)))
@Abilakim келді ме, әлде демалысқа той шығып қалды ма?
Aidossik
мен де қосылдым сендерге Астаналықтар) бірақ та ешкімді танымайды екенмін әлі де…
asaubota
сол танысу мақсатымен ертең бір жерде жиналайық деймін.

менің ұсынысым: Абайдағы Тағам кафесі, сағат 20-00. ВИП залда. ноутбуктерің болса ала келіңдер, wi-fi бар.
AKY
Сонда, киноға бармайтын болдық па?
Aidossik
мен бір адамды танитын болып шықтым) Айгерім…
AKY
Ужс на, Бейтенов????
Aidossik
Битенов*
AKY
Кешір)))) Сәлем.
Aidossik
сәлем!!! мына жерді қоқсытпай, кездескенде сөйлесерміз… қалың қазағым бір шешімге келсін
Aidossik
мен келісемін, ал басқалар не дейді екен? мүмкін агент, скайп біреуінде конференция құрып бір жерден келісерміз? логиндеріңді жазарсыңдар
sammita
агент, скайп біреуінде конференция құрып бір жерден келісерміз
мына жер шіләпіңе тарлық қыватыр ма:)) Нақты айтсайШ.
Aidossik
шаршап кетесің ғой жауабын күтіп. мен келістім Асауботамен, айта беріңдер өз жауаптарыңды.
sammita
сайтқа взнос төлеп пе ең:)
Aidossik
қандай взнос? мен кеше қосылдым, әлі білмеймін нюанстарын сайттың… төлеймін, қашпаймын.
Onlasyn
Менің шотыма 100 доллар тастай сал)
Aidossik
аздық қылмайды ма?
asaubota
ойнап айтады ешқандай взнос жоқ. бірақ, жыл аяғында шама келгенше хостингке ақша жинайтын шығармыз 200,500-ден. немесе жарнамадан жақсы түсіп жатса сол ақшамен төлей саламын.
sammita
төлейміз:) @Abilakim бір той пұлын берер
blackbeard
А кто есть носитель блогосферы? Ответ – личность. © Бхара Сутта, Палийский канон, Трипитака от Амандық
asaubota
обшым халайық, ертең 20-00де Тағамда жиналайық. сосын тамақ ішіп алып киноға да барып қайтармыз.
sammita
8-де Тағамға жиналсақ, түнгі киноға барамыз ба не боп кетті. Мен үшін тым кеш, мүмкін жұмыстан соң бірден 7-де жиналсақ? және @Janasil, @karakyz, Айжан не айтады екен.
AKY
Соны айтам да.
Karakyz
маған 7.30 ыңғайлы, бірақ ертерек шықсам 7 де жаман емес. Кино уақыттары сайтта әлі шықпай тұр, 9-дағысына барсақ дөп болатын шығар.
asaubota
әлде Керуеннің 3-ші этажында жиналамыз ба? сол жерден тамақ ішіп, жақсы кино болатын болса кіріп кететін?
AKY
Сөйте салайықшы. Тағамға неше рет барсам да, қандай автобус жүретінін түсіне алмай-ақ қойдық Сэмми екеуміз))
sammita
:)))) басқа сылтау айтуға уақыт тығыздық етті ме, бағана басқаша нағылып отқан сияқты ең… общым, жарайды. Ерлан Оспан, Аршат, Қарақыз, Жанәбіл, Айдос, Айжан, АКY тізімде. тағы кім бар еді? «Жазулар»ға хабар берейік. Оқығандар оқымағандарға хабар беріңдер.
Karakyz
Болад. Онда маған да тезірек жетуге мүмкіндік бар.
Janasil
маған бәрі бір!!!
Abilakim
«маған бәрі бір» деп «пожизненный» кеткендер айтушы еді баяғыда…
asaubota
жарайды 19-00де жиналайық. қыздар сосын үйлеріне кетеді, жігіттер өзіміз жалғастырармыз сосын.
ErNur
Неге сен өйтіп қыздарды қуып жатырсың бармай жатып?!.. Мүмкін қыздар да қатысқысы келетін шығар дальше… :)))
asaubota
вечірлерде, клубтарда немесе т.б қыздар ең бірінші кетіп қалады кеткісі келмесе де, ол солай енді :)
Abilakim
Негізі қыздар қызбай қызық болмайды
AKY
Мынауың жаңылтпаш секілді екен))
asaubota
бұл соңғы:

жұма күн 19:00-19:30 шамасында Керуеннің 3-ші қабатында жиналамыз. Сол жерден тамақ ішіп, егер жақсы кино болатын болса киноға кіреміз.

бәріне хабар беріңдер.
sigma
Неткен ептілер десеңші, админнің жағын жардай қылған,
ай қарақтарым ау, енді пибі ішик, шашлик жик дегені ғо өзінше астарлап, түсіністікпен қарап шықсаңдар қайтед.
ай епт а, Атырауда келсең ғо, пойыздан түсе пибілетіп, еще пибілетіп шығырып салатын,
asaubota
епті, олай демешиш. жұрт мынау алқаш екен ғо деп қалады ғо
Janasil
не боп кетті А?
AKY
Айжаннұр, Қарақыз, міндетті түрде келіңдер, қыздар итак та аз!
AKY
@erkekyz сен әлі Астанадасың ба? Сен де кел!!!
AKY
Райхаааааааааааааан!!!
Erkekyz
Енді оқыдым. Кешгіп қалмаппын.))
19852407
гендерлік саясаттың көрінісі… нетті!
asaubota
@technosyndrom, @Bekjan, @Nurgisa, @Janasil, @zhazular, @blackbeard келіңдер ертең

тағы кімдер бар ед?
AKY
Салтан мырза жұбайымен:)
sigma
Нұрғисаға дейінгілермен (кейінгілермен ішіп көрген жоқпын) басың қосылса точны…
blackbeard
әбизөк барамыз:)))))
Bekjan
Сонда алдына @ қойып, адамның атын жазсаң, оған мына жерде сен туралы өсектер жатыр деген хабар келеді ме? Мықты, мықты..өте қу функция екен...:))
Bekjan
Сонда алдына @ қойып, адамның атын жазсаң, оған «мына жерде сен туралы өсектеп жатыр» деген хабар келеді ме? Мықты, мықты..өте қу функция екен...:))
AKY
Қыдайға шікір, сайт үсті-үстіне жетілдірілуде))
Nurgisa
Қыдайға шікір, сайт үсті-үстіне жетілдірілуде))
айналдырғаны алты сөз, қастерлілеу екеуіне қиянат жасағаныңыз қалай…
VKM
Отырсыңдар, бізді қызықтырып;)))
AKY
Ляляля)))
VKM
Айгера,қандайсың?;)))Мен де банда құрар едім,Өскеменнен ешкім жоқ.
AKY
Келмейсің бе, түу Джетысайдан Райхан келіп жатқанда)))
VKM
жазда, Алла жазса, блогқа КЕЗДЕСУ деп жазып қоям… осыдан ба?:))))
borte_92
мәә, блог қызу жұмыс үстінде ғой....))))