Чемпиондар лигасы. Жартылай финалдар

Бүгін Чемпиондар лигасы жартылай финал ойындарымен жалғасады. Жіберіп алмаңыздар.

«Жартылай финалды қарау парыз болмаса да уәжіп» © Амандықтың Евангелиесі 24:45

27.04.2011 00:45 Шальке-04 — Манчестер Юн (Хабар)


28.04.2011 00:45 Реал Мадрид — Барселона (Қазақстан)
Бөлісу:

16 пікір

Nurgisa
Реал Мадрид — Барселона (Қазақстан) :)))) Өтті…

МЮ бүгін бастысы қорғанысты берік ұстайтын сияқты. Шальке гол соғу қамымен жүргенде, байқаусызда бір-екі гол жібріп алуы мүмкін Эрнандестерден. Голы 2,5-нан аз матч болады ойда-қырда.

Реал Мадрид — Барселона текетіресінде Барса кубокта кеткен есесін қайтаруы керек. Мейлінше ашық, қиқарлау ойын болатын шығар. Қызыл карточка көріп қалуымыз ықтимал. Реал бұл жолы жеңуі керек, 2-1 болып қалуы ғажап емес есептің.
konvict
Нұрғиса бәрін қолмен қойғандай айтыпсың ау! ДӘл шыққанын қарсаңшы
Nurgisa
Реал жеңіледі деп қате жорамалдаппыз. Ал қызыл карточканы күту орынды болды, меніңше. Бір емес, екеуі көрсетілді тіпті. Орнымен көрсетілді, тағы.
konvict
Үшеу! Жозеге де
aktobe88
Real(Madrid)-Barcelona(Kazakstan)ba sonda:-))))
Oyun Bernabeude, sondyktan, Barca jenedi deu kiyndau, ya.
asaubota
2 ойын да аз голмен тең аяқталады деп ойласам да, асқазаным МЮ мен Реалға бұрып тұр.
Ereke
olimp.kz те онлайн арқылы ставка қойып жүрген едім, бүгінгі Реал мен Барсаға қалай қойса болады? гол 2,5-тен аз әлде Барса жеңеді?
asaubota
Олимпте әзірше тек мыналар ұнап тұр:
ЖК в матче (6) бол — 1.75
Тотал Барселона (1) мен — 2.31

сосын ничьяға да қоюға болатын сияқты. бірақ, бүгін Бензема да гол соқса Дәруішөлген Ст.Амандық шіркеуі мені әулие деп танитын болып жатыр.
satvaldo
трольдер арасындағы үздік тренер немесе тренерлер арасындағы үздік троль бүгін путаны сол қанаттан теседі деген үмітім бар…
asaubota
ол троль тренерлер арасында да үздік тренер. зайып алы шықса да Пеп те оны мойындап отыр. ойын ішінде одан үйренерім көп, бірақ ойын сыртындағы тірліктеріне қарап үйренгім келмей кетеді дейді ол.
satvaldo
Жөсе өмірі кәсіпқой футболшы болмаған. футболист болған тренерлерді көрсе, делебесі қозады :)) кеткен есесі бар-ау шамасы. Сэр Б.Робсон табытында айланып жатқан шығар…
asaubota
не істесін делебесі қозып. онсыз да аз ғой футбол ойнамай тренер болғандар. обшым қалай болғанда да бүгін Барселонаны мал қылулары үшін жақсы мүмкіндік. Барселонаның қорғанысы әлсіз бүгін, Жөзе бір прикол істейтін сияқты бүгін оларға.
satvaldo
Реалдың да защитасы жетісіп тұрған жоқ қой. интердегідей «жұмыртқасы бар» мұжықтар жоқ реалдың қорғанысында. қақпашылардың матчі болады. Кас алыстан 9-дыққа гол жейтін секілді…
asaubota
кешегі ойында Джимми Джамп атып шықты ғой, көрдіңдер ме? :)



кеттім Шалькеден сюрприз күтуге.
konvict
Шальке масқара болды. Әттең!!!