Қазақстан - әлем чемпионы!


Назар аударып, қуанып жатқан халық шамалы. Қазақстан хоккейден Әлем чемпионатын жеңіп алды. Әрине, төменгі дивизионда. Былтыр элитадан түсіп қалған болатын. Биыл қайта оралып жатыр. Келесі жылы әлемнің ең үздік ондығының қатарында ойнайтын болады. Хоккейшілер мен хоккей сүйер қауымды бір құттықтап қоялық.

Фотосурет: www.icehockey.kz/world_cup_news/1530/
Бөлісу:

9 пікір

asaubota
хоккейден құрамамыз лифт комнда ғой, бір түседі төменге, қайтадан көтеріледі, қайтан түседі…
TERISKEI
Біздің жігіттер жарады, ойын соңы овертаймға ұласқанша демімізді әрең алып отырдық. Жақсы ойын болды. Бізден кеткен Геннадий Цыгуров бапкердің "Қазақстан құрамасының дәл қазір легионерлерсіз күні қараң" дегені шымбайымызға батты,әрине! Дегенмен, бұл қазірге ғана! Қазақ хоккейі әлі-ақ талай биіктен көрінетініне сенем!
asaubota
Қазақ хоккейі әлі-ақ талай биіктен көрінетініне сенем!

ол үшін басқа елдердің хоккейінде құлдырау болуы тиіс, сол кезде шанс болады :)
Beytanis
неткен «позитивті» ой!
Onlasyn
+ Қазақстан құрамасы үшін :)
Ojdan
Қатты қуандым! Соңғы ойындарын көралмадым
satvaldo
"Қазақмыс" хоккей академиясында екі немере інім бар. ілгеріде солардың ойнын тамашалағым келеді…