Кеселден құтылу үшін адам не істемейді десейші...

Түрлі ауыруды уақытша басатын дәрілердің немесе пиницилиннің де көмегі тимейтін жағдайда көмекке халықтық медицина келеді. Кейбір жерде мысалы үшін инемен емдеу болса, ал тағы бір жерлерде оданда сұмдықа адам ойламаған әдістер қолданылады. Арның уы, таспабақаға тістету деп басталады да кете береді. Емшілер пациенттің дертін емдеу үшін әдістің қандай түрін болмасын қолданылып, оның арасында онсызда жер бетінен құрып жатқан аңдардың (мүйіз-тұмсық, жолбарыстың т.с.с) органдарын да қолдануға әрекет жасайтын сорақы әдеті бар. Қытайдың шығыс провинция-сындағы Аншан қаласының шипажайындағы келімсектер батпақпен емделу үшін келеді. Минералды батпақ ревматоидты артрид ауруларын, түрлі буын жарақаттарын алған кезде немесе нервтік жүйені емдеуге пайдасы бар болса керек.
**************************************************************************************************************
Ринит (мұрынның үшкі қуысының ауыруы) ауыруымен кеселденген Қытайлық араның уымен емдеу процедурасын Сиань қаласында өтуде. Бұл клиникада ревматизм, артрит және ринит сияқты кеселдерді арамен шақтыру арқылы емдейді екен.
*************************************************************************************************************
Бұл суретте су тасбақасын емдік шара үшін қолдану кезі бейнеленген. Комбоджаның тұрғындары жануарлардың әсіресе тасбақа, сиыр мен жыланның емдік қасиеттеріне қатты сенеді екен.
*************************************************************************************************************
Қытайдың шығыс бөлігіндегі Шаньдун провинциясының астанасы Джинань қаласында мына әйелдің ем қабылдау сәті – оның бетіндегі өлі скорпион… Жалғасы бар
Бөлісу:

29 пікір

edige
Лиз Кохен ҚҰштііі екен
sammita
Қытайда таза балшық бар ма екен. Лас қой бәрі(((( Араның уымен емдейтін ресейлік жігіт туралы оқығам баяғыда. Сүлікке сорғызу де танымал ем тәсілі. Ақша үшін не жасамайды десеңші. Балшықпен емделгіңіз келсе Жаңақорған (Қызылорда), Сарыағаш (ОҚО) ыстық балшығы өте жақсы. Денеден тіліп арам қанды шығару тәсілін арабиядан келген бір жігіттен көзіммен көрдім. Бас, арқа, іш, сан т.б. тіліп қарақошқыл қанды шығарады.
madlen
«Сиыр» созин дурыс жазсаныз, кушти болатын еди да…
KILYZAMAN
Рахмет… Түзелдік!
Nurgisa
Тақырыпты оқи отырып, «Кейселден құтылу үшін...» деп оқуға шақ қалдым. Кәк раз алғашқы суретте адамдар көміліп жатыр екен.
kaztarih
КСЕЛЛ өлтіре алмай кектеніп жүрсіз бе сонда ))
sammita
Бірінші суретте балшық көріп тұрғам жоқ. Құп-құрғақ. Балшық деген лай ғой.
KILYZAMAN
Барып көрмесең, менде білмейді екенмін… :-)
Орысша нұсқасында грязь деген екен (көп ойланып — лайма-балшықпа жоқ балшықпа-лайма, әлде, әлде- дей отырып аудара салдым)
sammita
бәлкім… мынау төмендегідей емдеу тәсілінен оң нәтиже болмағандарды «жіберіп жатқан» сәті ме екен..:))
Abilakim
ана қыз тасбақаға безеуін сорғызтып жатыр ма?
kaztarih
қорқынышты екен ем болса болды бірақ
Abilakim
бірінші сурет шахтада қайтыс болған шахтерларды елестетті.
sammita
:)) мен балшықпен емделгем. Сондықтан түк ұқсатпай отырғаным.
Erkekyz
Денең түршігіп кетеді екен. Сосын біржерде көргем улкен питонмен (үйретілген ғой дейм) бір кісінің мойнына қойып, шейный остеохондрозды (қазақшасын білмеймін, кешіріңіздер) емдем жатқанын. Көргенде ибббай дедім.((
omarbirat
Кеселді болу үшін де адам не істемейді десеңші :)
edige
Бір досым зәрін ішіп аттай болып кетті. Кезінде оған адам болмайды деген диагноз қойылған. Қазір бір жартыны бүтіндей сыңғытады бәтшағар…
kaztarih
зәр терапиясы туралы жазсаңшы едіге
edige
Ол бірақ адам болмады, Астанада МЕНТ болды. Ал технологиясын айтқан ол. Жеркендім. Басқа салмасын. Қилызаман рең береді ондай мақалаға. Қилеке сөз сізде
sammita
Содан Қилекең сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
KILYZAMAN
Уринотерапияны зерттеген ғалым жайлы мына жерден оқи аласыздар Нұрғали Қойшыбаев – физика, ма¬тематика ғылымдарының жілігін шағып, майын ішкен жан. Көптеген ғылыми еңбектері мен түрлі та¬қы¬рыптарда жазылған бірқатар кі¬таптары жарық көрген. Туындыларының ішіндегі ең бір баға жетпесі – «Уринотерапия туралы сөз» атты еңбек. Автор бұл шағын кітабында жеке басына тәжірибе жасап, тамаша нәтижелерге қол жеткізген әдіс туралы кеңінен сөз етеді. Бұл әдіс туралы қария былай дейді:
«Бүгінде денсаулықты нығайту жо¬лында «уринотерапия» әдісі кеңінен зерттеліп, қарастырылып жүр. Жалаңаяқ жүре бастаған ал¬ғаш¬қы жылдарда қыстың қаһарлы күндері аяғымды үсітіп алып, қатты азап көргенім бар. Аяқтарым жансызданып қалған кездерде осы әдіс¬ті қолдана отырып, яғни аяқтарымды кіші дәретіме жуу арқылы бір өлім¬нен қалғанмын. Содан бері «Адамның зәрі — өзіне дәрі» деп айтылған сөзге нақты көзім жетіп, бүгінгі күнге дейін осы әдісті пайдаланып келе¬мін. Қазір денсаулығым бірқа¬лыпты, зәрмен емделуді қолданып, жалаң¬аяқ жүргенімнің ар¬қасында әлі күнге дейін бір жерім сырқырап, яки төсек тартып жатып қалған кездерім болған емес».
Нұрғали Қойшыбаев асты талғап жейді. Ол кісі кезінде йогамен, жүгірумен айналысып, үнемі салқын сумен жуынып жүрген екен. Ал қазір тек қысы-жазы жалаңаяқ жүреді. Осының арқасында болар, жасы 74-ке аяқ басса да ешқандай ауруға бой бермей келеді.
sammita
Малахов еді кезінде уринотерапия жайлы даурықтырып жүрген, кітаптар жазған.
KILYZAMAN
Оныікі — плагиат емес екеніне айғақ барма? Бұл емді адамзат өте ертеден бері қолданса керек. Мысалы теңізшілер цинга ауыруына шалықпау үшін болса, біздің аттан түспейтін жауынгер батыр бабаларымыз түрлі түрлі ауыр жарақаттарын емдеуге де қолданған екен.
sammita
алғаш содан оқығанымды айтқаным ғой. Қазір оның зияны жайлы өте көп айтылып жүр. ТВдан бір кемпірді көрсетті орыстың. Әлгі уринамен қатты айналысып кеткені соншалық, уже пәтеріне адам кірмейді екен. Барлық ыдысы тола… Шашын, беті-қолын жуады. Ішеді. Ысытып ауырған жеріне компресс басады. Общым жаман енді. Аузы жабылмай одан бар ауруынан айыққанын, шашы жылтырап әдемі болғанын айтып жатыр жаны қалмай:)
kaztarih
ішігім-ай деп көзінен аққан жасын сүрткен смайлик )))))))))))
KILYZAMAN
:-), ол кемпірдікі мысал бола алмас әрине! Сідікті кәмпит, кәмпит дей бергеннен ол кәмпит болмайтынын түсінбеген ғой бейбақ. Бірақ, аллам кеселден сақтасын дейікші. Шипа іздеп зәр ішкеннен гөрі, денсаулықты күткенге не жетсін :-(
Abilakim
Өзіміздікін кезінде үлкендер көз ауруына пайдаланғанын айта кетпесіме болмас. көзі ауыратын қыздар хабарлассын. Тексерілген.
edige
Таза /қолданыста болмаған/кезінде шығар Әбеке
:) Күлкіден құладым
Erkekyz
Біздің бір көрші қыз саркомамен аурады, жаны көзіне көрінген соң осындай зәрменде емделді, бірақ нәтижесі жоқ-ау деймін.(