Қазақстан ЖІӨ-нің қазіргі қауқары...

Қытай осыдан бірнеше күн бұрын өзінің ЖІӨ-ін (ВВП) 23 провинция, 5 өзін-өзі басқаратын өлке, тікелей орталықтан басқарылатын 4 ірі қала және 2 арнайы әкімшілік аймақтары ( Гонкгонг, Аомынь) бойынша жіктеп, оларды әлемнің басқа мемлекеттерінің бір жылдық ЖІӨ-мен салыстырып көрсетті. Бұл салыстырмалы көрсеткіштерді Англия экономистері де келтірген екен. Қазақстанның ЖІӨ Қытайдың қай аймағының ЖІӨ-мен пара-пар келетінін төмендегі кескіннен көре аласыздар. Аударманы қажет етпейтін бұл кескіндер тізбегі сондай-ақ ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы көрсеткішімен жалғаса келіп, сыртқы экспорт және халық санының тығыздығы бойынша салыстырған кескінмен аяқталады. Алайда Қазақстанның халқының санының Қытайдың бірде-бір провинциясының халқына тең келе алмағандықтан болар, бұл кескіндемеге ілінбепті. Жалғасы
Бөлісу:

6 пікір

KILYZAMAN
Ал бізде болса ішкі өнім емес — жалпылай сырттан тасу ма деп қаламын осы…
Gastarbaiter
Кішігірім зауыт ақша құйып, оны біреу тәркілеп алғанын күткенше, түркиядан дубленка алып сатқанның пайдасы тез өтеледі.
KILYZAMAN
Рейдерлікке қарсы Заңды жұлмалап жатқан сияқты еді ғой Закүншіктер…
edige
«Сыртқа тауар тасымалдау» дегенді бізде басқаша түсінеді ғой
konvict
Ішкі өнім өндірілген тауардың сатылған құнына оның санын көбейту арқылы есептеледі. Біздің ЖІӨ-нің көп болуы сыртқа сатқан мұнай мен бидайдан түсіп отыр
KILYZAMAN
Мысалы: Қымыз, шұбат, жүн, ет, тері десекше?