Қобыз

Екі мың жылдан артық тарихы бар ұлтымыздың қобыз аспабы бізге еш өзгеріссіз аман-сау жетті. Қобыз деген кезде біз Қорқыт баба, Нышан абыздардан бастап Жаппас Қаламбаевқа тірелетініміз анық. Осы қобызымыз келер ұрпаққа аман-сау жете ме? Міне, осы мәселе бізді қатты толғандырады.
1934-ші жылы қазақ халық аспаптар оркестрі құрылды. Оның негізін қалаушы, көркемдік жетекшісі және алғашқы дирижері академик, өнертану ғылымыныңдокторы, ҚазССр-ның халық артисі, профессор Ахмет Жұбанов болды.
Тек ұлттық нақышта қалып қоймай, Европа мәдениетіне жету мақсатындағы еліктеушіліктің кесірінен қыл қобыздарды сым-қобыздар ысыра бастады. Осының нәтижесінде үш шекті, кейін келе төрт шекті қобыздар пайда болды. Бұның бәрі де қобыздың диапазонын кеңейту мен үнін жақсарту мақсатында және позициядан позицияға оңай көшуі үшін жасалды.
Сексенінші жылдың орта шенінде прима-қобыздардың астыңғы бөлігінің тері қабатының орынына ағаш беттер тағыла бастады. Міне, осы кезеңнен бастап қазақтың қобызының скрипкадан еш айырмасы қалмады. Бір ғана айырмашылығы скрипка иек астына тіреліп тартылатын болса, прима қобыз екі аяқтың ортасына қойылу арқылы тартылады. Беті терімен тартылған прима-қобыздың дауысы қою әрі жұмсақ шығып, адамның жүрек қылын тербейді. Ал, ағашпен қапталған прима-қобыздың дауысының қандай екені баршамызға аян.
Қазіргі таңда еліміздің оркестрлерінің ішінде Қали Байжанов концерттік бірлестігінің Тәттімбет атындағы Академиялық қазақ ұлттық аспаптар оркестрінде ғана терімен қапталған прима-қобыздар бар. Басқа оркестрлердегі прима-қобыздар жетістіктің құрбандығына айналып кеткен.
Сөз басында айтып кеткеніміздей бабалардан бізге жеткен қобызымыздың аман-сау келер ұрпаққа жетуі біздердің қолымызда. Бұл мәселелерге көз жұмбайлықпен қарамай бір шешімін шығаруымыз керек.
Бөлісу:

6 пікір

KingBilly
Қобызда орындалған күйлерді қайдан тауып алуға болады?
Altygradus
орыстардың торрентінен алсаң болады. Қазіргі таңда бар жинақтардан осы ғана шығар қобызға қатысты.көлемі 164mb екен
rutracker.org/forum/viewtopic.php?t=1331502
KILYZAMAN
Высказывания о кобызе
Евгений Брусиловский:
Олар қобыздың іш жағынан артқы қаңқасына айна бекітіп қояды да бас жағын үкінің бір шөкім қауырсынымен әшекейлейді. Бақсының киіз үйінің шіндегі қараңғылықта тағанның шоғы мен алаулаған оттың сәулесіне шағылысқан айна қызғылт сәуле шашып, қобыз көмейінен бірде күңірене, бірде боздай төгілген көне сарындағы әуенi бақсының шыңғырып: «Нақ! Нақ!» деп зікір салған даусымен боялып, үкі қауырсынының кенеттен желбіреп, қимылдап сол сарыннан жанданғандай болған елестері ем қабылдаушыны еліктіріп есіртіп жібереді. Бір кремет құдыреттің ол бейбақтың бойына күш беріп, дертіне ем берердей әсер болады. Ал жәй қобызшылардың қолында бұл аспап — көшпенді қазақ елінің, Жерұйығын іздеудегі зары мен мұңын шертеді. мына жерде
KILYZAMAN
(10.61 Kb, 335x389)
Қобыздар тобы: 1—қобыз-прима, 2—қобыз-альт, 3 — қобыз-бас, 4 — қобыз-контрабас, 5 — кобыздың және контрабастың ысқылары мына жерде

(8.63 Kb, 259x195)
Қазақтарда: қыл қобыз
Түркмендерде: гиджак
Таяу шығыстағылар: кеманча мына жерден
Abilakim
Қилеке, суреттеріңе рахмет!
Тағы бір мәлімет.
Қобыздың қылы( шегі) тек айғырдың құйрық қылынан есіліп жасалынады екен. Шек орындағы қыл қара, ысқаштағы қыл ақ болуы шарт екен. Қобызшылар осылай деді.