Барселона мен Шахтер ширекфиналда (видео)

Фото: REUTERS/Gustau Nacarino
Фото: REUTERS/Gustau Nacarino

Кеше түнде Чемпиондар Лигасы 1/8 финалының реванш матчтары ойналды. Камп Ноуда Барселона Арсеналды 3-1 есебімен ұтып, алғашқы ойындағы 2-1 есебінің қарымтасын қайтарды. Донецкінің Шахтеры Романы өз алаңында да жеңді, есеп 3-0. Осылайша ширекфиналға өткен алғашқы командалар белгілі болды. 1/8 финал матчтары бүгін жалғасады, Шальке өз алаңында Валенсияны, ал Тоттенхем Миланды қабылдайды.
Барселона — Арсенал 3-1


Шахтер — Рома 3-0
Бөлісу:

10 пікір

asaubota
Шахтердың бірінші голы әдемі болыпты. Мен Барселона матчын қарағам. Арсенал бір шабуыл да жасаған жоқ, қақпаға бір соққы да тепкен жоқ.
aktobe88
Мен көре алмап едім. Иә, бәрі солай айтады. Тура шабуыл жасамапты қақпаға. Бускетс гол соқпағанда Арсенал вообще голсыз қайтатын еді:-)
TERISKEI
Месси Мессилығын жасапты ғой ақыры, Арсен көке қайтсек те Мессиге тұсау саламын деген еді, арманы жүзеге аспапты ғой, дегенмен, Барса мінезді клуб!
aktobe88
Әрине, Барса дегенін түгін қалдырмай тепкілеп, Арса дегенің арса-арсасы шығып қайтыпты дейд.
Біреумен бәстесіп едім, екі жеп биге шықтым ғо.
Nurgisa
Бүгінгі ойындар жайлы не ой бар?

Тоттенхем-Милан
Сырт алаңдағы өнерінен кейін ағылшындар жанұшыра алға ұмтыла бермес. Бірақ бір гол салып алу арқылы келесі сатыға өтуді оңайлатып аларын білсе керек. Милан шегініп қайтсін… Меніңше, алаң иелері ұтылмайды, ойында екіден артық гол соғылмайды. Есеп 2-0.

Шальке-Валенсия
Меніңше осы ойын алдыңғы жұптан қызықтау өтетін сияқты. Гол саны да аз болмауы керек, менің ойымша. Дегенмен, өз алаңында немістердің айы оңынан туса таң қалуға болмас. 2-0 немесе 2-1.
asaubota
ой болғанда не ғой, Шальке проход Милан ЖК фора деген ойларым көпшілікке қызық бола қоймас және Тоттенхем — Милан оффсайд больше десем :)
Nurgisa
Келісуге болады екен…
Nurgisa
Қызығы, екеуміздің де жорамалымыз қиыс кетпеген сыңайлы :)
Тоттенхем хотспөр Миланмен 0-0 тең ойнады, Милан 3 ескерту алды, Тоттенхем ескертілмеді, ойында жалпы саны 8 оффсайд болды.
Шальке Валенсияны 3-1 есебімен ұтып, келесі сатыға ілгеріледі.
asaubota
иә, Голпас та сенікі дұрыс болды деп жатыр :)
Nurgisa
:)) Жеңіскер рухыңның жауырыны жер иіскемесін, шаңғон (шаңғыдан чемепион) ;)