Хавьер Бардем Кингтің кейіпкерін ойнамақ



“Старикам тут не место” фильміндегі рөлі үшін “Оскар” алған Пенелопа Крустың күйеуі Хавьер Бардем енді Стивен Кингтің “Темная башня” романдар циклінің желісі бойынша түсірілетін фильмде бас кейіпкер Роланд Дискейнді сомдамақ.Бұл жайында жоба продюссері Брайан Грейзер MTV-мен болған сұхбатта хабарлады.

“Бардем рөлде ойнауға психологиялық тұрғыдан дайын. Ол өзі осы рөлді қалап отыр. Біз басқа актерларды қарастырып отырған жоқпыз”, – деді ол.

Бұған дейін жоба режиссері Рон Ховард басты рөлді тағы бір танымал актерлардың бірі Вигго Мортенсенге беріп келген болатын. Стивен Кингтің ең атақты еңбегінің фанаттары да осы Виггоны қош көріп отырса керек.



Алайда испандық Хавьердың соңғы “Оскарға” дәмелі болуы, оған аталған рөлді алып беріпті.

Рон Ховард жоғарыдағы романның желісінде бірнеше толықметражды фильм, телесериал түсірмек.

Анықтама

“Темная башня” – американдық жазушы Стивен Кингтың жеті романнан тұратын, мерген Роланд Дискейннің басынан кешкендері жайлы суреттейтін шығармасы. Мерген барлық параллель әлемдерді жойылып кетуден сақтап тұрған аңыз-орын – Қара мұнараны табуы керек. Шығармада бірнеше, атап айтсақ, фантастика, вестерн, фэнтези, қорқыныш секілді жанрлар араласып, өріліп берілген.
Хавьер Бардем – испандық актер.”Бьютифул“, “Ешь, молись, люби“, “Вики Кристина Барселона“, “Старикам тут не место” секілді фильмдерде түскен.

Вигго Мортенсен – ұлты дат, бірақ американдық актер. «Властелин колец» кинотрилогиясындағы Арагорнның рөлі арқылы танымал болды.

“Дорога“, “Порок на экспорт“, “Капитан Алатристе“, “Солдат Джейн“, т. б. көптеген фильмдерде ойнаған.
Бөлісу:

2 пікір

Gastarbaiter
Виггоны көрсем АРАГОРН-нан басқа кейіпкер елестете алмаймын.
qisyq
Айтпа, мен де сол…