Google 2011 жылы өзінің штатын 25 пайызға ұлғайтып, 6 мыңнан астам қызметкер жалдауды жоспарлауда

Google 2011 жылы өзінің штатын 25 пайызға ұлғайтып, 6 мың 200-ден астам қызметкер жалдауды жоспарлауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК мен Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта компанияда 24 мың 400 адам жұмыс істейді. Google өкілдері жалданған қызметкерлердің қаншасы – АҚШ компаниясының бөлімшелерінде, қаншасы – шетел бөлімшелерінде жұмыс істейтінін нақтылаған жоқ. Google-дің 30 мемлекетте 60-тан астам өкілдіктері бар. Google штатын өсіретіні туралы ақпаратпен бірге бұқаралық ақпарат құралдарында Yahoo! компаниясының қызметкерлерін 100-ден 150-ге дейін қысқартатыны туралы хабарланды. Ол корпорацияда жұмыс істейтін қызметкерлердің шамамен 1 пайызды құрайды. Google американдық интернет жүйесіндегі іздеу компаниясы. Әлемде танымалдығы жөнінен алғашқылардың қатарында. Ол айына 41 млрд. 345 млн. сауалды өңдеп (нарықтағы үлесі 62,4 пайызы), 8 миллиардтан астам web-бетті индекстейді. Одан 191 тілде ақпарат табуға болады. Компанияның штаб-пәтері Маунтин-Вьюде (Калифорния штаты) орналасқан.

Мақала сілтемесі: http://azanbekov.wordpress.com/2011/01/26/google-2011-%d0%b6%d1%8b%d0%bb%d1%8b-%d3%a9%d0%b7%d1%96%d0%bd%d1%96%d2%a3-%d1%88%d1%82%d0%b0%d1%82%d1%8b%d0%bd-25-%d0%bf%d0%b0%d0%b9%d1%8b%d0%b7%d2%93%d0%b0-%d2%b1%d0%bb%d2%93%d0%b0%d0%b9%d1%82%d1%8b/
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше